Сот саласына түбегейлі реформа қажет

Экс министр Қуандық Бишімбаевтың  соты қазір барша халықтың назарында және үлкен қоғамдық пікір туғызып отыр. Үш адвокат жалдап, одан қалды блогерлер арқылы өзін ақтау үшін неше түрлі мақалалар мен видомәлімдемелер ұйымдастырып жатқан экс министрдің құйтырқы әрекеттеріне қарап жұртшылық соттың әділ шешім шығаратынына күмән туғызуда. Бұл жөнінде жәбір көруші жақтың адвокаты жасырмай ашық айтты да.

«Қуандық Бишімбаев деген ескі жүйеде жұмыс істеген, қоғамды қалай алдау керектігін жақсы біледі. Қоғамдық пікірді бұруды өте жақсы меңгерген адам. Қазіргі кезде қайтыс болған Нүкенова ханымның тарапына жасалып жатқан шабуылдар – оның қоғамдық пікірді қалай бұрмалауды жақсы меңгергенінің көрінісі. Олар желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген хабар таратты. Мұның бәрі манипуляция. Біздің сот жүйесі жеке мемлекет секілді жұмыс істейді. Істі ашқысы келсе ашады, жапқысы келсе жабады. Халықтың қатысуымен ашық сот жасау керек дейтіндей Бишімбаев деген оппозициялық тұлға ма? Халықтың сөзін сөйлеген адам ба, жәбір көрген адам ба?», — дейді Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.

Прочитать остальную часть записи »

Көктемгі су тасқыны неге көбейіп барады?

Неге екені белгісіз кеңес заманында қазіргідей көктем болса елді мекендерді су басу оқиғалары бола қоймайтын. Ол кезде де қар қалың жауатын, бірақ елді мекендерді су басу жағдайлары  орын алыпты дегенді естмейтін едік. Ал соңғы жылдарда көктем болса-ақ, еліміздің әр өңірінде су астында қалып, зардап шеккендер туралы ақпарат құралдары тынбай айтып жатады. Биыл да сол әдет тағы қайталанды. Әсіресе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облысының бірқатар елді мекендері табиғат апатынан қатты зардап шекті.

Облыс орталығы Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінің жағалауына орналасқан вокзал аумағындағы біраз үйлер су астында қалды. Су астында қалған үйлерін тастай қашқан тұрғындар судың деңгейі түскенше біршама уақыт қиындық көрді. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Астана маңындағы Қоянды елді мекенінде көп үйлер су астында қалып,  тұрғындар тіпті, наразылық шеруіне дейін шықты. Ал Қостанай облысындағы Арқалық қаласының маңындағы біраз ауылдар түгелдей су астында қалды. Су деңгейі үйдің шатырына дейін көтеріліп, айнала шалқар теңізге айналып кеткен. Адам шығыны болмағанымен, көп тұрғындардың үйлері құлап, малдары суға кеткен. Бұрын-соңды бұл өңірде мұндай апат болмағанын айтқан жергілікті тұрғындар сонша судың қайдан келгенін білмей дал.

Прочитать остальную часть записи »

Адамдар неге өлімнен қорқады?

Өлмейтін адам жоқ, дүниеге келген әрбір адам уақыты келгенде міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Бұл 2х2=4 деген сияқты ақиқат. Бірақ та, соған қарамастан, адамдардың көбі қатер төнгенде бастарын құмға тығып жасырынбақ болған түйеқұс сияқты ажал туралы мүлдем ойламай, ол өзіне ешқашан келместей көріп жүреді де, ажалы жеткен сәтте өмірден айрылып қаламын-ау деген қорқыныштан үрейге бой алдырады.

Адамдардың қазіргі салт-дәстүрлері де өлімді соншалықты құбыжық және қорқынышты етіп көсретуге бағытталған. Мысалы, шығыс елдерінде, оның ішінде қазақтарда өлген адамды жақындарының жоқтап жылайтын дәстүрі бар. Әйелдер өлген адамның жақсы қасиеттерін айтып, одан айрылып қалдық-ау деп зарлап, дауыстары қарлыққанша жоқтау айтады. Өлген адамды жерлеу кезінде жақындарының жылап-сықтап, қайғыларын сыртқа шығаруы барлық халықтарда бар. Бұның өзі өлімді адамға қайғы-қасырет әкелетін жаман құбылыс ретінде танытып, оған деген жеккөрініш пен қатыгез ажал алдындағы қорқынышқа итермелейді.

Прочитать остальную часть записи »

Экстремизмнің алдын алмасақ, зардабы ауыр болады

Мәскеудегі «Крокус сити» концерт залындағы терактіден қаза тапқандардың саны 143-ке жетіпті. Жарақат алғандар саны 200-ден асады. Мұндай концертке зейнеткер қариялар бармайтыны белгілі. Өрімдей жас қыз-жігіттердің қыршынынан қиылуы үлкен трагедия. Терактіні жасаған кім деген мәселе төңірегінде интернетте әртүрлі алыпқашты пікірлер айтылуда. Дегенмен, аталмыш терактіні біз жасадық деп ИГИЛ экстремистік ұйымының мойнына алуы  айтылып жатқан әртүрлі пікірлерге тосқауыл қойғандай.

2003 жылы Иракта пайда болып, кейін Сирияда, басқа да бірқатар елдерде соғыс әрекеттерін жүргізген өздерін ислам мемлекеті атаған ИГИЛ ұйымы қазір көп жерінен айрылып, қуаты әлсірегенімен, түрлі лаңкестік әрекеттер жасауға қауқары бар. Сондықтан, алғашында терактіні Украина ұйымдастырды деген бағытты ұстанған ресейлік ақпарат құралдары ИГИЛ ұйымының Телеграм каналында жариялаған ақпаратынан кейін біршама тыйылғандай болды. Осы терактіні жасады деген күдікпен қолға түскен 4 Тәжікстан азаматы қаншалықты кінәлі екендігін тергеу барысы анықтай жатар, ең бастысы бұл сойқанның сыртында ИГИЛ сияқты экстремистік ұйым тұрғаны қазір айдан анық болып отыр.

Прочитать остальную часть записи »

Ажалдың арғы жағында

Ажалдың арғы жағында не бар? Адамзат үшін жұмбақ болып келген осы тылсым құбылыстың қыр-сырына үңілетін уақыт келгендей. Белгісіз нәрсенің қашанда үрей мен қорқыныш тудыратыны белгілі. Егер біз ажалдың арғы жағында өзімізді не күтіп тұрғанын білетін болсақ, одан сонша қатты үрейленбес едік.

Ресейлік экстрасенс Вера Некрасова деген әйел өзінің өткен көптеген өмірлерін есіне түсіріп, сол жайында бірнеше кітаптар жазған. Кезінде Платон жазып кеткен Атлантида өркениеті туралы әлі күнге дейін нақты деректердің табылмауы оны адамзат үшін тылсым құпия етіп отыр. Атлантида туралы бірнеше кионфильмдер түсіріліп, әндер де шығарылды. Вера Некрасова өткен өмірлерінде Атлантидада туып, өмір сүргендігін айтып, біз үшін жұмбақ сол өркениет жайында біраз қызықты дәректерді келтіреді. Ол деректердің бәрін ойдан шығарды деп айту қиын, өйткені Некрасованың кітабы жұмбақ өркениет жайында егжей-тегжейлі баяндайды.

Прочитать остальную часть записи »

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Бүгін Көкшетауда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры белсенділері Бақыт Смағұл, Абзал Алпысбайұлы және Владислав Шуль «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-і ұжымымен кездесті. Шара барысында қоғамдық қоғамдық көлік саласының қызметкерлері саладағы бірқатар шешімі табылмаған түйткілді мәселелерді жайып салды.

Кездесу өзара диалог түрінде өтіп жұмысшылар жалпы жолаушылар тасымалы саласында кезек күттірмес реформаларды өткізу қажеттігі туралы ойларын білдіріп, жылдар бойы қордаланған мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, оны шешу жайлы өз көзқарастарын жеткізді.

Кезекпен жіпке тізсек:

1. «Қалалық бағыт автобусының жүргізушісі» жұмысшы мамандығының тартымдылығын арттыру мақсатында қалалық маршруттарда 25 жыл жұмыс өтілінен кейін мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын қайтару қажет. Бұған шарт жүрек-қантамырлары, неврологиялық аурулар сияқты кәсіби аурулармен және медициналық көрсетімдермен негіз бола алады.

Прочитать остальную часть записи »

НҰРЫН ШАШҚАН ƏЗ-НАУРЫЗ

«Наурыз қазақтың шын мағынасында ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз марттың ескіше 9-нда, жаңаша 22-нде күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі» деп жазады Міржақып Дулатов.
   Наурыз есте жоқ ерте заманнан тойланып келе жатқан шығыс халықтарының мерекесі. Мерекенің қай уақыттан бастап тойланып келе жатқаны белгісіз. Қазақтар жыл мезгіліне орай көктемде Наурыз тойы, жазда Қымызмұрындық, күзде Мизам, қыста Соғым тойларын атап өтетін болған. Кеңес үкіметі тұсында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынады. 1926 жылдан рұқсат берілмеді. Арада 62 жыл уақыт өткенде елімізде 1988 жылдан бастап Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту қолға алынды. Атбасар өңірінде алғаш рет Наурыз мейрамы 1990 жылдың 6 мамырында кең көлемде ұлттық деңгейде мерекеленді. Сол кездегі «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Бауыржан Ділдәбековтың жетекшілігімен және ұлт  жанашырлары Жылқыбай Саберлинов, Сәулет Балғазин, Алмаз Жұмабеков, Рахымжан Әбдірахманов, Бірлік Ережепов, Мұратбек Боранбаев және Амантай ауылынан Серік Омаров, ел ақсақалдары Ғазиз Әубәкіров, Асылбек Аюпов тағы басқалары бірлесе, ақылдаса отырып осы шараны іске асырды.
   

Прочитать остальную часть записи »

Балаларды дінге тарту қаншалықты қажет?..

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айы келіп, көп адамдар мұсылманның бір парызы саналатын ораза ұстап жүр. Сол ауыз бекітіп, ораза ұстағандардың арасында мектеп жасындағы балалар да бар. Бұл қаншалықты дұрыс? Әлі өсіп, толыспаған  жас баланың күнұзақ нәр сызбай аш жүруі денсаулыққа залалды екендігі еш күмән туғызбайтын шындық. Бұл балаға оразаның физикалық жағынан келтіретін залалы. Ал әлі ақылы толмаған  баланы дінге тарту, бүгінгі ғылыми ұғым-түсінікке қайшы келетін уағыздарды санасына сіңіру – оның білімге деген ынта-ықыласын жоғалтып, діни соқыр сенімге, ақырсында фанатизмге ұрынуына әсер ететінін көзі ашық әркім жақсы біледі. Дінге бой ұрған бала мен діннен аулақ өскен баланың арасында жер мен көктей үлкен айырмашылық бар.

Өткен жылы көктемде әлеуметтік желіде жоғары сыныпта оқитын бүтін бір кластың балаларының сабақ уақытында столға бастарын қойып, ұйықтап отырғаны туралы видео таралды. Әлгі балалар түгел ораза ұстаған екен. Көктемде күн ұзақ, әрі ыстық кезде ауыз бекіту жас балаға ауыр тиетіні айтпаса да түсінгікті. Соған орай сабақ уақытында қалғып-шұлғып ұйықтап отыратын бала не түсініп, не қабылдайды?

Прочитать остальную часть записи »

ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ АРУАҒЫ АНАСЫН АЖАЛДАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Мен ол кезде Ресейдің Сібір аймағындағы шағын деревняда тұрған едім. Қалаға қоныс аударғаныма біраз  жыл болып қалды. Бірақ көңіліме маза таптырмай жүрген тылсым жәйт туралы айтпасам болмайтын секілді, -дейді осы оқиғаның куәсі болған әйел.

Бұл сексенінші жылдардың орта тұсы болатын. Өзіммен көрші тұратын Анна Гавриловна есімді орта жастағы әйелмен өте сыйласып тұрдым. Анна шын мәнінде қайырымды, жұмыскер әрі табыскер жан еді.  Колхоздың жұмысын да, үй шаруашылығын да қатар атқарып, бәріне үлгеріп жүретін. Тіпті көршілеріне де қарайласып тұратын.  Оның басында бір ғана қайғысы бар еді, жалғыз қызы Лиза әбден ішкіліке саланып кетті. Мектепте оқып жүргенде-ақ күмәнді бір топпен байланысып, арақ ішіп, анаша шегіп, келе-келе үйіне қонбайтын әдет тапты. Аз уақытта  жиырмадан енді ғана асқан  бойжеткеннің  кескін-келбеті бұзылып, мыж-мыж болып, қырықтардағы әйелдерге ұқсап қалды. Лизаның сау жүрген күнін көрмейтін болдық, ұдайы мас боп келіп шатақ шығарып жүргені. Анасы байғұс  қызын бұл кесапаттан арашалап алғысы келіп, не істемеді десеңізші! Бұзақы топтың арасынан да алып шықты,   милицияға  түскен жерінен де (кейін білгеніміздей, Лиза ұсақ ұрлықтар жасап, бұзақылық әрекетттерге де барып жүреді екен) сан мәрте шығарып алды. Бірақ әбден теріс жолға түскен қызының түзелер түрі көрінбеді.

Прочитать остальную часть записи »

Қазақстан өз ұстанымын ашық жариялауы тиіс

    

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем тарихындағы ең қанды соғыс Еуропаның қақ ортасында қайнап жүріп жатыр. Екі жақтың өлідей, жаралыдай шығыны жарты млн. асып түсіп отыр. Украинаның Мариуполь, Волноваха, Бахмут, Северодонецк, Авдеевка сияқты қалалары жермен -жексен болса, ондаған ауылдары да қираған үйінділерге айналды. 14 млн. адам босқын болып кетті.

     Қазақстан осы соғыста Ресеймен ОДКБ әскери блогында бола тұра өзін бейтарап ел ретінде жариялаған. Соғыстың қазіргі кезеңінде бұл соғыс екі жақтың соғысы шеңберінен асып кету қаупі жоғары болып отыр. Франция Украинаға әскер кіргіземіз десе, НАТО мен АҚШ әскерінің Польшада аса ірі әскери ойын өткізуі, Финляндия мен Швеция да осы ойынға қатысуы бұл жердегі әскери -саяси жағдайдың әлдеқайда күрделі сипат алып бара жатқанын көрсетеді. Конгресстегі изоляционистік Трамптың республикашылдарымен күресуден шаршаған Байден — кәрі Еуропаның істеріне тура араласуға талпынып жатыр. АҚШ пен Францияда ықпалды диаспорасы бар армяндар ОДКБ — дан шығып кетті . Беларусь Ресейдің қолжаулығына айналғалы қашан. Осы елден кейінгі суверинитеті жартыланып қалған Қазақстан жағдайы «шаткий» болып, шатқаяқтап тұр. Біздегі де билік табиғаты Ресеймен бір болып тұрған жағдайда қазіргі шалажансар » нейтралитетін» сақтап қала ала ма, жоқ па?…

    

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика