Балаларды дінге тарту қаншалықты қажет?..

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айы келіп, көп адамдар мұсылманның бір парызы саналатын ораза ұстап жүр. Сол ауыз бекітіп, ораза ұстағандардың арасында мектеп жасындағы балалар да бар. Бұл қаншалықты дұрыс? Әлі өсіп, толыспаған  жас баланың күнұзақ нәр сызбай аш жүруі денсаулыққа залалды екендігі еш күмән туғызбайтын шындық. Бұл балаға оразаның физикалық жағынан келтіретін залалы. Ал әлі ақылы толмаған  баланы дінге тарту, бүгінгі ғылыми ұғым-түсінікке қайшы келетін уағыздарды санасына сіңіру – оның білімге деген ынта-ықыласын жоғалтып, діни соқыр сенімге, ақырсында фанатизмге ұрынуына әсер ететінін көзі ашық әркім жақсы біледі. Дінге бой ұрған бала мен діннен аулақ өскен баланың арасында жер мен көктей үлкен айырмашылық бар.

Өткен жылы көктемде әлеуметтік желіде жоғары сыныпта оқитын бүтін бір кластың балаларының сабақ уақытында столға бастарын қойып, ұйықтап отырғаны туралы видео таралды. Әлгі балалар түгел ораза ұстаған екен. Көктемде күн ұзақ, әрі ыстық кезде ауыз бекіту жас балаға ауыр тиетіні айтпаса да түсінгікті. Соған орай сабақ уақытында қалғып-шұлғып ұйықтап отыратын бала не түсініп, не қабылдайды?

Прочитать остальную часть записи »

ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ АРУАҒЫ АНАСЫН АЖАЛДАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Мен ол кезде Ресейдің Сібір аймағындағы шағын деревняда тұрған едім. Қалаға қоныс аударғаныма біраз  жыл болып қалды. Бірақ көңіліме маза таптырмай жүрген тылсым жәйт туралы айтпасам болмайтын секілді, -дейді осы оқиғаның куәсі болған әйел.

Бұл сексенінші жылдардың орта тұсы болатын. Өзіммен көрші тұратын Анна Гавриловна есімді орта жастағы әйелмен өте сыйласып тұрдым. Анна шын мәнінде қайырымды, жұмыскер әрі табыскер жан еді.  Колхоздың жұмысын да, үй шаруашылығын да қатар атқарып, бәріне үлгеріп жүретін. Тіпті көршілеріне де қарайласып тұратын.  Оның басында бір ғана қайғысы бар еді, жалғыз қызы Лиза әбден ішкіліке саланып кетті. Мектепте оқып жүргенде-ақ күмәнді бір топпен байланысып, арақ ішіп, анаша шегіп, келе-келе үйіне қонбайтын әдет тапты. Аз уақытта  жиырмадан енді ғана асқан  бойжеткеннің  кескін-келбеті бұзылып, мыж-мыж болып, қырықтардағы әйелдерге ұқсап қалды. Лизаның сау жүрген күнін көрмейтін болдық, ұдайы мас боп келіп шатақ шығарып жүргені. Анасы байғұс  қызын бұл кесапаттан арашалап алғысы келіп, не істемеді десеңізші! Бұзақы топтың арасынан да алып шықты,   милицияға  түскен жерінен де (кейін білгеніміздей, Лиза ұсақ ұрлықтар жасап, бұзақылық әрекетттерге де барып жүреді екен) сан мәрте шығарып алды. Бірақ әбден теріс жолға түскен қызының түзелер түрі көрінбеді.

Прочитать остальную часть записи »

Қазақстан өз ұстанымын ашық жариялауы тиіс

    

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем тарихындағы ең қанды соғыс Еуропаның қақ ортасында қайнап жүріп жатыр. Екі жақтың өлідей, жаралыдай шығыны жарты млн. асып түсіп отыр. Украинаның Мариуполь, Волноваха, Бахмут, Северодонецк, Авдеевка сияқты қалалары жермен -жексен болса, ондаған ауылдары да қираған үйінділерге айналды. 14 млн. адам босқын болып кетті.

     Қазақстан осы соғыста Ресеймен ОДКБ әскери блогында бола тұра өзін бейтарап ел ретінде жариялаған. Соғыстың қазіргі кезеңінде бұл соғыс екі жақтың соғысы шеңберінен асып кету қаупі жоғары болып отыр. Франция Украинаға әскер кіргіземіз десе, НАТО мен АҚШ әскерінің Польшада аса ірі әскери ойын өткізуі, Финляндия мен Швеция да осы ойынға қатысуы бұл жердегі әскери -саяси жағдайдың әлдеқайда күрделі сипат алып бара жатқанын көрсетеді. Конгресстегі изоляционистік Трамптың республикашылдарымен күресуден шаршаған Байден — кәрі Еуропаның істеріне тура араласуға талпынып жатыр. АҚШ пен Францияда ықпалды диаспорасы бар армяндар ОДКБ — дан шығып кетті . Беларусь Ресейдің қолжаулығына айналғалы қашан. Осы елден кейінгі суверинитеті жартыланып қалған Қазақстан жағдайы «шаткий» болып, шатқаяқтап тұр. Біздегі де билік табиғаты Ресеймен бір болып тұрған жағдайда қазіргі шалажансар » нейтралитетін» сақтап қала ала ма, жоқ па?…

    

Прочитать остальную часть записи »

Адам бір-ақ рет өмір сүре ме?!.

Материалистік түсінікті санасына сіңірген атеистер үшін өмір кездейсоқ пайда болған материяның жемісі және адам бір-ақ рет өмір сүреді.  Ислам, христиан және иудей діндерінің өкілдері де өлімнен кейінгі өмірге сенгендерімен, өмір адамға бір-ақ рет беріледі деп санайды. Буддизм мен индуизм дінін ұстанушылардың пайымынша, өмір мен өлім күн мен түн сияқты ұдайы айналып кезектесіп келетін құбылыс. Осылардың қайсысы дұрыс?

Атеистердің ұстанымын неге қабылдауға болмайды?

Атейстердің өмір дегеніміз осы материалистік дүниедегі тірлік қана, өлген соң адам мәңгі өшіп жоғалады деген ұстанымын қабылдау адамдарды ең алдымен, үмітсіздікке ұшыратады. Өйткені, қартаймайтын, өлмейтін пенде жоқ. Ал материалистің түсінігінше өлім деген мәңгі қаратүнек.  Осыған орай, атейстер қартайған сайын өлім қаупін ойлап, бойларын қорқыныш пен үрейге алдырады, ал жас шағында бір-ақ рет берілетін өмірде нәпсісі қалаған нәрсені жасап, дүниені жалпағынан басуға жанталасады. Оларда ар-ұят, жауапкершілік, қанағат деген болмайды. Бұндай түсінік адамдарды қатыгез аңға айналдырмақ.

Прочитать остальную часть записи »

Мектепте хиджаб киюдің астарында не бар?

Өткен күзде әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаевтың мектепте хиджаб киюге рұқсат етіледі деген мазмұндағы мәлімдемесіне орай жұртшылық тарапынан айтылған наразылық пікірлері көп жазылды. Министрдің журналистке берген жауабында «Зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы мемлекеттік заңдарына бағынуымыз керек» деген сөзінен бұл мәселеге биліктің нақты ұстанымы анық сезілгенімен, соңғы жылдарда әсіредіндарлар тарапынан жиі көтеріліп жүрген бұл жайға соңғы нүкте қойылды деп айтуға болмайды.

Қазіргі күні елімізлде 3 мыңнан астам мешіт бар екен, ал сол мешіттерге барып, бес уақыт намаздарын қаза жібермей оқитын намазхандар саны 3 млн-нан асып жығылады. Кеңес заманында саусақпен санарлықтай ғана мешіттің болғанын, мұсылманның бес парызын жастары келген кемпір-шалдардың ғана орындайтынын еске алсақ, тәуелсіз елімізде ислам дінінің қаншалықты терең тамыр жайғанын бағамдауға болады.  Кеңес заманындағы «дін – апиын» деген атеистік түсініктен бас тартып, ислам діні адамдардың бойында имандылық ұялатып, ізгі қасиеттерді орнықтырады деп қанша айтып, жазсақ та, соңғы уақыттағы әлемнің әр аймақтарындағы дінге, оның ішінде ислам дініне қатысты болып жатқан түрлі жағымсыз оқиғалар көңілге күдік пен қорқыныш ұялатады.

Прочитать остальную часть записи »

Былыққа белшеден батқан сала

Еліміздің ертеңгі тізгінен ұстайтын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру міндеті мойындарына жүктелген  білім беру саласы қазір еліміздегі жемқорлыққа белшеден батқан салалардың бірі болып отыр. Әсіресе, соңғы екі-үш жылдың ауқымында білім саласындағы жемқорлыққа қатысты ұсталып жатқан лауазым иелері мен сотталғандар саны күрт артып кетті. Күні кеше әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысының 680 млн  теңге бюджет қаржысын қымқырған деген айыппен қамауға алынғаны туралы ақпарат таралды.

Аудандық білім бөлімі басшысының үйінен бір қап ақша табылған. Иә, кәдімгі  үлкен пропилен қапқа салынған пашкі-пашкі ақшаларды құқық қызметкерлері санап алып жатқаны туралы суреттер интернетте жарияланды. Оның ат шаптырым зәулім котеджі, бірнеше қымбат автокөліктері бар екен. Біраз жылдар бойы ол жұмыс істемейтін адамдардың атына жалақы аударып, соны пайдаланып келген. Аудандық білім бөлімі басшысы сонша ақша ұрласа, облыстық, республикалық деңгейдегі шенеуніктер қанша ақша ұрлайды екен деген ойға қаласың.

Прочитать остальную часть записи »

Бүгінгі күннің бейнесі: жаңа және ескі көзқарастар

«Заманына қарай адамы» демекші, әр заманда өмір кешкен адамдардың сол дәуірге тән көзқарастары мен ұстанымдары болады және ол үнемі өзгеріп отырады. Кеңес заманында адамдардың көзқарасы  қазіргіден мүлдем басқа болды және өкініштісі сол, кеңес дәуірінде өмір сүрген аға ұрпақ өкілдерінің басым көпшілігі сол ескі көзқарас пен ұстанымда қалып қойды. Олар сондай-ақ, сол өздерінің ұстанымдарын жастардың да санасына сіңіріп, соның салдарынан бұрынғыша, яғни ескіше ойлайтын, ескіше өмір сүретін жастар да қалыптасты.

Ескі көзқарас

Егер айналаңызға ақыл таразысымен байыптап қарайтын болсаңыз, адамдар көзқарастары мен ұстанымдары бойынша екі топқа жіктеліп, бір тілде сөйлеп, бір елде өмір сүргендеріне қарамастан, екі басқа әлемде тірлік кешіп жатқандығын бағамдауға болады.  Ескі көзқарастағы адамдар деген кімдер және олар қалай сөйлеп, қалай әрекет жасайды? 

Ескі көзқарас пен ұстанымдағы адамдар негізінен кеңес дәуірінде қалыптасқан көзқарастарын сақтап және оны жас ұрпақтың санасына сіңіруге әрдайым талпынып жүреді. Олардың ең басты ерекшелігі: ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайды, бәрін кеңес заманындағыдай партия мен үкімет шешеді деп, өз  тағдырларын түгел билікке, құзырлы органдарға, тіпті болмаса дін қызметкерлеріне артып қояды.

Прочитать остальную часть записи »

Балаларға зорлық-зомбылық белең алып барады

Әлеуметтік желіде 15 жастағы кәмелетке толмаған оқушы қызды үш күн бойы бірнеше ер адамның зорлағаны туралы ақпарат таралды. Оқушы қызға қырындап жүрген 19 жастағы бозбала қала маңындағы ауылда тұратын қызды алдап қалаға алып барып, пәтерде зорлайды. Өзі зорлаған аздай, сосын оны үш танысына беріп кетеді. Үш еркек үш күн бойы кәмелетке толмаған қызға ойларына келгенді жасайды. Қыздың анасының айтуынша, психикалық қатты соққы алған қызы біресе күледі, біресе жылайды дейді.

Ресми мәліметтерге сай, соңғы үш жылды  кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаған 1868 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Үш жылдың ішінде соншама бала арсыздардың зорлығына ұшырап, тән жарақатын ғана емес, барша өмірін өксітетін жан жарақатын да алған. Бұл құқық органдарына белгілі болып, зорлықшылардың заң бойынша жауапқа тартылған фактілері. Ал айтуға қорқып, іштей тынып үнсіз қалған зорлыққа ұшыраған балалардың  санын ешкім дәл басып айта алмайды. Бізге белгілісі, жыл өткен сайын балаларға қатысты зорлық қатары көбейіп барады және жәй зомбылық жасап қоймай, ұрып-соғып азаптау, арсыздықтар жасау, тіпті куә қалдырмау үшін өлтіріп тастаау жағдайлары да жиі бой көрсетеді.

Прочитать остальную часть записи »

Ақырзаман туралы Ыбырайымдық діндердің түсінігі

Ақырзаман жайындағы ислам, христиан және иудей діндерінің ұғым-түсінігі бір-біріне ұқсас. Бұл діндердің Қасиетті кітаптары – Тәурат, Інжіл және Құранда ақырзаман жайында егжей-тегжейлі толымды ақпараттар жоқ, бірақ та, осы діндерді ұстанатын теолог әулиелердің еңбектерінде Ақырзаман жайында біршама ақпараттар айтылады. Бұл діндерді ұстанатын қарапайым халықтың ұғымы да сол ғұлама әулиелердің айтқандарына орай қалыптасқан.

Адам ата мен Хауа ана аталатын ер мен әйелден таралған адамзат баласының тарихы ислам теологтарының пайымынша 7-8 мың жылдан бастау алады. Тіпті, Адам атадан бері ұрпақты тарататын ислам шежіресі де бар. Ғылыми түсініктерге біршама қайшылау келетін осы түсінікке орай, адамзат баласы өздерінің тіршілікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін сұралатын, жәй сұралып қоймай жақсы-жаман әрекеттерінің толық бодауын алатын, мерзімін Жаратқан құпиялаған Ақырзаман міндетті түрде болады. Бұл туралы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда нақты ашық аяттар бар.

Прочитать остальную часть записи »

ҚАСЕН АҚСАҚАЛДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

                

…Әр өңірдің өзіне тән тарихы, құпиялары бар. Біз білмейтін зар замандағы оқиғаларды алдыңғы буын ағалардан естиміз. Олар ғасыр қойнауына кеткен небір құнды дүниелерді бүгінгі ұрпағына жекізеді. «Ауылыңда ақсақалың болса, жазылып қойған шежіре» деген сөзді бабаларымыз бекерге айтпаған. Ел қадірлеген  ақсақалымыз Қасен Тықанұлының көргені мен тоқығаны көп  шежіреші ме дерсің. Әңгіме тиегін ағытқанда беріле тыңдағаныңды байқамай қаласың. Халқымыздың арғы-бергі тарихынан ой толғағанда құды сол дәуірге барып келгендей әсер аласың…

      «…Әрғы аталарымыз орта жүз найман, бағаналы. Оның ішінде жырық атадан тарайды. Атбасар дуанының аға сұлтаны Ерден би Сандыбайұлының  тікелей ұрпағымыз. Бергі аталарым Байдәулет, одан Төбет, Қалменде, Шайкен, Нұреке есімді төрт ағайынды болған. Қалменде (Қалменбай) жасынан өнерпаз, қыран бүркіт, құмай тазы, жүйрік ат ұстаған сері болыпты. Ол кісі сауық сайранмен жүріп қырық тоғыз  жасқа келгенде он үш жастағы Бөпежан есімді жас қызға үйленеді. Он төрт жасқа келгенде тұңғыштары дүниеге келеді. Есімін Тықан деп атайды. Бөпежан он үш баланы өмірге әкелген. Оның екеуі егіздер. Он үш баланың төртеуі-Тықан, Зәрер, Мұқыш, Шекер тірі қалады. Алпыс жеті жасында атамыз Қалменде өмірден өтеді.

      

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика