Ғылымға белгісіз құпиялар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тангажайыпӨмірде ақылға сыйымсыз, бүгінгі шарықтап дамыған ғылымның өзі дәлелдеуге қауқарсыз жайлар әредік кездесіп қалады. Мұндай таңғажайыптардан ғылым сырт айналып өтуге тырысқанмен, жазушылар мен журналистер ондайларды қалт жібермей, халыққа таратып отырады.

Сұр Меданның құпиясы

Американдық «Сұр Медан» атты кеменің жұмбақ оқиғасы 1947 жылдан басталады. Кеме сол жылы Малайзияға сапарға аттанады. Сол аумақта жүрген кемелер «Сұр Меданның» мүшесімін деген біреуден SOS дабылын алады. Кемедегі адам «Бәрі қаза тапты, жалғыз қалдым, қазір ол маған да жетеді» деп хабарлапты.

Дабыл белгісін алған американдық кеме барған кезде «Сұр Меданның»  мүшелері түгел қаза тапқан екен. Адамдардың жүздерінен белгісіз қорқыныш  сақталған. Ауыздары ашылып, көздері аларып кетіпті. Экипаж мүшелері  7-8 сағат бұрын өлгендеріне қарамастан, дене температурасы 40 градустан жоғары болыпты.

Кемені жақын маңдағы айлаққа сүйреп апарады. Бірақ айлаққа жеткен сәтте кемеде өрт шығып, ондағы адамдар жедел кемені тастап кетеді. Сол сәт қатты жарылыс болып, кеме суға батады. Экипаж мүшелері түгел қаза тапқан кеменің сонда теңізші болған адамның әйелі түсіріп алған жалғыз суреті ғана сақталыпты.

Мәңгүрт

1907 жылы ұзаққа созылған аурудан Гайти аралында тұратын Фелиция Феликс деген әйел қайтыс болады. Ал арада біраз жылдар өткенде  сол аралдың тұрғындары 1936 жылы қайтыс болған әйелдің үстінде ескі-құсқы бірдеңелерді жапсырып алып, көшеде жүргенін көреді. Көргендердің мәлімдеуінше, әйел бастан-аяқ су астында болатын теңіз өсімдігі – шылауға оранған екен.

Үстін шылау басқан әйел көздерін жұмып әлденені күбірлей айтып бұрын әкесі тұрған фермаға қарай аяңдайды. Тірі өлік кейпіндегі әйелдің жергілікті тұрғындар көп жыл бұрын қайтыс болған Фелиция екенін таниды. Ақыл-есі  дұрыс емес, бейтаныс әйелді жұрттың айтуымен жындыханаға жатқызады. Ол қалған өмірін сонда өткізіпті. Жындыханада ара-тұра есін жинаған сәттерінде әлгі әйел қазір 1906 жыл екенін айтып, өзін күйеуіне жіберуді сұрап, дәрігерлердің мазасын алумен болады.

Бас сүйек кімдікі?

2007 жылы ғалымдар Силэнд аралынан белгісіз бас сүйекті тауып алады. Қызығы сол, әлгі адамның басына қатты ұқсайтын бас сүйек адамның басынан 1,5 есе үлкен екен. Копенгагеннің жоғары ветеринарлық ғылыми институтының ғалымдар бас сүйекті зерттей келе, ол ежелгі заманда өмір сүрген белгісіз сүт қоректі жануардыкі деген тұжырым жасайды. Ми қуысына қарап, жануардың санасы жоғары деңгейде болғандығы байқалады. Тағы бір таңғаларлық нәрсе, оның көздері өте үлкен болғанға ұқсайды.

Радиокөмірсутекті даталау арқылы сүйек иесінің біздің дәуірімізге дейінгі 1200-1280 жылдары өмір кешкені анықталады. Яғни, белгісіз бас сүйек иесі үш  мың жылдан астам уақыт бұрын өмір кешкен екен. Адамға қатты ұқсайтын тіршілік иесінің бас сүйегі адамдыкінен 1,5 есе үлкен болса, бойы 3 метрден артық болған деген болжам бар. Өкінішке орай, ғалымдар үш мың жыл бұрын өмір кешкен саналы тіршілік иесінің кім болғандығын анықтай алған жоқ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика