Құмырсқа мен шегірткенің баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

акшаБала кезімізде мектепте Крыловтың «Құмырқса мен шегіртке» деген мысал өлеңін оқыған едік. Ала жаздай ән салып, қызық қуған шегіртке қыс келіп, күн суыытқанда қайда барарын білмей, жаздай тынымсыз еңбек етіп, қоймасын дәнге толтырып алған құмырсқаның аяғына жығылып, бір қыс асыра деп жалынбайтын ба еді. Қарапайым пенделер мен инвесторды Крыловтың мысалындағы шегіртке мен құмырсқаға теңеуге болатындай. Қарапайым жандар бүгінгінің өлшемімен өмір сүріп, болашақты ойлап алаңдамайды, ал инвестор болса, ертеңгі күні үшін әрекет етеді.

Күні кеше елімізде болып өткен теңгенің құнсыздануы болашағын ойлап, ертеңгі күннің жағдайын жасамағандарға біраз соққы болып тиетін түрі бар. Ұлттық банк пен үкімет қанша халықты жұбатып, баға өспейді, бәрі жақсы болады деп сендіруге тырысқанмен, бас білмейтін асаудай арпалысқан нарықты ауыздықтай алмасы анық. Өйткені нарық заңы адамға бағынбайды.

Аспанға шапшыған бағаны қалай өз пайдамызға жаратуға болады?

Егер сіздің осыдан он жыл бұрын, яғни 2004 жылы бір миллион теңге ақшаңыз болды дейік. Ол кезде доллар бағамы 130 теңге көлемінде болатын. Бұл дегенің 8 мың доллар көлеміндегі ақша. Сол тұста Астанадан мұндай ақшаға орталықтан болмаса да, шеткі аудандардан бір бөлмелі пәтер алуға болатын.

Егер сіз бір миллион теңгегіңізге бір бөлмелі пәтер алған болсаңыз, арада он жыл өткенде бұл пәтеріңіздің бағасы кем дегенде 100 мың доллар болар еді. Осылайша он жылдың ішінде әлгі 8 мың долларыңыз 100 мың долларға жетіп, 13 есеге артады.

Ал егер сіз сол ақшаңызды жәй ғана шұлыққа салып сақтап қойсаңыз, он жылдың ішінде 8 мың доллар тұратын теңгеңіз бүгінде небары 6 мың доларға құлдырап, құнсызданып кетер еді. Бұдан не түйіндуге болады?

Американдық белгілі инвестор Роберт Киосаки білікті инвестор қандай жағдайда да ақшасын еселеп өсіріп, пайда табады дейді. Ол үшін нарық бағасы көтеріліп жатыр ма, әлде құлдырап түсіп кетті ме, бәрібір. Инвестор қандай жағдайда да өзі көздеген пайдасын табады. Жоғарыдағы мысал әңгімеміздегі бір миллион теңгесіне пәтер алып, оны ондаған есе арттыру білікті инвестордың ісі. Ал шұлыққа салып сақтап қойып, ақшасын құнсыздандыру – бұл қарапайым пенденің шаруасы.

Нарық жағдайында баға үнемі жоғары көтеріледі.

Қазақстан 1992 жылдың қаңтарында нарықтық эконмикаға көшті. Содан бері өткен 22 жылдың ішінде бағаның қанша өскендігі бүгінгі аға ұрпақтың көз алдында. Рас, кейде ақша құнсызданып, баға біраз құлдырағанымен, кейін келе бұрынғы биіктен де жоғары көтеріліп, шарықтап шыға келеді. Соңғы он жылдың ішінде алтын бағасы 15 еседей өсіпті. Ал жылжымайтын мүлік бағасы ше? Жоғарыдағы мысалдан бағамдарымыз үй бағасы да сол шамалас өскен.

Кәрілік адамдардың бәріне тән қасиет. Қартаймайтын пенде жоқ. Сол сияқты инфляция деген дерт те біздің қоғамымыздың жазылмас ауруы. Ол кейде шарықтап кетсе, кейде баяулайды, бірақ қалай болғанда да үнемі қыр соңымыздан қалмайтын көлеңке сияқты.

Инвестордың қандай жағдайда да ұпайы түгел.

Білікті инвестор бағаның осы қасиетін, яғни, үнемі жоғарылайтын жағдайын пайдаланып, құнын жоймайтын заттарға ақша салады. Ол жылжымайтын мүлік, алтын, платина сияқты бағалы металдарды, өнер туындыларын сатып алу арқылы бүгінгі бес теңгесін ертең он, жиырма теңгеге айналдырып отырады.

Теңгенің құнсыздануы бүгінгі күннің өлшешімен күн кешетін жандарға біраз қиындықтар әкелетін болды. Ал құмырсқа сияқты қоймасын дәнге толтырған, яғни ақшадан ақша жасайтын түрлі жобаларға қаржы салып қойған инвестор үшін бұл еселеп пайда табуға жасалған үлкен мүмкіндік.

Түйін:

Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» мысалы ешқашан құнын жоймайтын өмірлік шындық болса керек. Шегіртке сияқты бүгінгі күннің өлшешімен тірлік кешетіндер бар да, болашағын ойлап, ертеңіне қажетті нәрсені бүгін жасаумен айналысатындар бар. Бүгінгінің өлшемімен күн кешетіндер қыс келгенде қайда барарын білмей бүрісетін шегіртке сияқты ауыр жағдайда қалмақ, ал ертеңі үшін алаңдайтын адамдар жарқын болашағын өздері жасайды.
Сіз қай топтансыз?…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика