2 270 көрілім

әулиеИслам дінінің басты діңгегі – Құран. Көбіміздің әдемі өрнектелген қасиетті кітапты көргенімізбен, ол туралы жете біле қоймайтынымыз рас. Науан хазірет атындағы Ақмола облыстық орталық мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтанушы Серік Халықов ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім туралы баяндайды.
Сұрақ: Құран қашан, қалай түсті, онда қандай мәселелер қамтылған, оның сипаты, мән-мазмұны жайлы айтсаңыз.

Құран Пайғамбарымызға уахи түрінде түсті.

Жауап: Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға кітап түрінде емес, уахи (аян) түрінде 23 жылдың ішінде түскен. Аян деген адамға ұйқыдағы кезінде берілетіндііг белгілі, бірақ Құран Пайғамбарымызға ұйқыда жатқан кезінде емес, ояу кезінде түскен. Оның ерекшелігі де осында.

Құран аяттары меккелік және мединелік болып екіге бөлінеді. Яғни, Меккедегі 13 жылда түскен аяттар және Мединедегі 10 жылда түскен аяттар. Құранды ислам дінінің қайнар көзі деп атайды. Өйткені діни шарттар мен үкімдер, парыздар – бәрі де Құраннан бастау алады.
Пайғамбарымыздан Құран анықтамасы деген Әли арқылы жеткен аят бар. Онда Құран Алла тағаланың мықты жібі делінеді. Онда өткен тарих жазылған, болашақ туралы айтылған. Бұрынғы өтіп кеткен қауымдардың өмірі тарих ретінде баяндалса, болашақта болатын қиямет, өлімнен кейінгі ахуал, қияметтің белгілері туралы аяттар да ашық баяндалады.
Сондай-ақ, үкімдер мен тиымдар бар. Жалпы ғалымдардың айтуынша, Құран үш мәселені қамтиды: тарих, қиямет және үкімдер.

Құран қандай мәселелерді қамтиды?

Бұл мәселелерге нақтырақ тоқталар болсақ, Құранда бұрынғы өткен нәсілдер туралы, Алланың ақ жолынан тайған үмбеттердің тағдыры жайлы аяттар бар. Сондай-ақ, қияметтің белгілері, қабір өмірі, тамұқ пен жұмақ жөнінде де кең қамтылып, айтылады. Сонымен бірге, мұсылман баласының орындалуына міндеттелген парыздар, тиым салынғандар жайындағы үкімдер де қасиетті кітапта маңызды орын алады.

Құран деп аты айтып тұрғандай – ол қайталанып оқылады деген мағынаны білдіреді. Құран аяттары көбіне қайталанып отырылады. Қасиетті кітап бүгінгі кітаптардай бірден баспадан шыға қалған жоқ, жоғарыда айтқанымыздай Пайғамбарымызға уахи түрінде 23 жыл бойы түсті.
Ол Пайғамбарымыздың ақыл-ой, санасынан өткізілді. Жалпы, Құран мен Пайғамбарымыздың өнегелі іс-әрекетін бөліп қарауға болмайды. Өйткені, алғашқы кезде мұсылмандар намазды қалай оқу керек, басқа да ибадаттарды қалай жасау қажеттігін білмеді. Бәрін Пайғамбарымыздың көрсетуімен жасады. Құранда ашылмаған тылсым сырлар өте көп, тіпті ғұлама ғалымдарымыз да білмейтін сырлар аз емес.

Құран – Алланың сөзі.

Мәселен, Құранда намазды қалай оқу керектігі, дәрет алу шарттары айтылмайды. Оның бәрін алғашқы мұсылмандар Пайғамбарымыздың айтуымен жасады. Пайғамбарымыздың сүннеті, яғни Құранға толықтырулары дінімізде маңызды орын алады. Онда намазға қалай тұру керек, қандай аяттарды оқу қажет – бәрі толық айтылады. Құранда уахимуссала, яғни намазға тұрыңдар делінеді.

Бірақ қалай тұру қажет, қандай аяттарды оқуға болады, азан қалай айтылады – ол жайында ашып айтпайды. Пайғамбарымыз 23 жыл бойы осылардың бәрін өз өмірі мен әрекеттері арқылы көрсетті.
Құранның оқылуы басқа кітаптардан ерекше. Ол – Алланың сөзі. Яғни, адамдар тарапынан шығарылған сөз Құранда жоқ. Алла тағаланың сөзі боландықтан, Құранның оқылуы — ғибадат. Пайғамбарымыздың айтқан сөздері – хадистері бар, бірақ оның оқылуы ғибадат емес. Намаз оқығанда мұсылман баласы Құраннан аяттар оқиды.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде Құраннан бір әріп оқу бір сауап, бірақ жазылғанда он есеге көбейтіледі деп айтылған. Яғни, Құранды оқу арқылы біз көп сауап аламыз. Біз Құранды оқу арқылы адамдарға жақсылық жасағандай немесе қайыр-садақа бергендей сауаптар аламыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика