832 көрілім

кармаБақытсыз болғысы, өзіне жамандық жасағысы, өмірден тауқымет тартқысы келетін адам бар ма? Ақыл-есі дұрыс ешбір пенде мұндайды өзіне қаламайтыны анық. Бірақ та, егер зер сала қарайтын бослаңыз, адамдардың 90 пайызы өздеріне қастық жасап, жамандыққа итермелеп жататынын бағамдауға болады. Олар бұндай қадамға неліктен барады?

Біреуге жасаған жамандық, шындығында өзіңе жасаған жамандық

Қасиетті Құранда «Егер кім де кім біреуге жамандық жасаса, өз зиянына, жақсылық жасаса өз пайдасына. Жамандық жасаған адамға соншалықты жамандық бар, жақсылық жасағанға да соншалықты жақсылық тиесілі. Әрнәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар.

Ал, индуизм және буддизм діндерінде карма заңы деген заң бар. Оның мәні: егер сіз жақсылық жасасаңыз, сонша жақсылыққа ұшырайсыз, ал жамандық жасасаңыз сонша тауқымет тартасыз. Бұны жалпақ тілмен «не ексең, соны орасың» деп алуға болады.

Осыдан байқап отырғанымыздай, Құран аяты мен буддизм және индуизм діндерінің карма заңы үндесіп тұрғандай. Енді осыдан мынадай қортынды жасауға болады: егер кім де кім біреуге жамандық жасаса, сол жамандығы ӨЗІНЕ ҚАЙТЫП ОРАЛАДЫ. Ал жақсылық жасаса, ЖАҚСЫЛЫҒЫ ӨЗІНЕ ҚАЙТАДЫ. Бұл – ЖАРАТҚАННЫҢ ЗАҢЫ.

Алланың бұл заңын ешкім де, ешқандай жағдайда өзгерте алмайды. Және бұл заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Және бұл заң ет пен сүйектен жаратылған пенделердің ойдан шығарған өлі заңдарындай емес, ТІРІ ЗАҢ және ол ЕШ МҮЛТІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.

Адам өлтіріп, ақша таппақ болған

Биыл ақпан айында Астанада медакадемияда оқитын Ерасыл Әубәкіров деген студенттің өлімі сол тұста халық арасында біраз пікір туғызды. Оны өлтірген үш жігіт ұсталып, таяуда соты болды. Жұртшылық арасында алып-қашты әртүрлі пікірлер айтылып жүргеніне қарамастан, оқиға желісіне назар аударып көрелік.

Астанада оқитын бір жігіттің әкесінің дәулетті кәсіпкер екендігін және сауда үйін 900 миллион теңгеге сатқалы жүргенін естіген бір пысықай жігіт өзінше ой ойлайды. Ол екі жігітті ертіп алып, әлгі бизнесменнің баласын алдап қала сыртындағы үйге апарады. Содан кейін арақ ішкізіп, әлгі мас жігітті өздері алдап апарған медакадемияның студентін жастықпен тұншықтырып өлтіретіндей әрекет жасатқызып,  соны видеоға түсіреді.

Осыдан кейін олар студентті өлтіріп, мәйітті мас болып қалған кәсіпкердің баласының автокөлігінің жүксалғышына салады. Осыдан кейін олар кәсіпкерге әлгі видеоны жіберіп, балаң адам өлтірді, осыны жасыруымыз үшін сататын сауда үйі құнының 15 пайызын немесе 135 миллион теңгені бересің деп шарт қояды.

Өздерінше алдын ала тамаша ойластырып, жымын білдірмей жасадық деген операциялары дегенмен, сәтсіз аяқталған. Кәсіпкер олардың бопсасына көнбей, видеоны құқық қорғаушыларына тапсырады. Олар істі ширата келе кінәлілерді анықтап, ұстайды. Сот әлгі кісі өлтірген үшеуін 20, 16 және 11 жылдан соттады. Осылайша, оңай жолмен ақша таппақ болғандардың тапқандары: ұзақ жылдар қапасқа қамалу болды.

Енді мынадай логикаға сүйеніп көрелік: осы операцияны ойластырып, оңай олжа таппақ болған 20 жылға сотталған жігіт егер тәртіпті болғанның өзінде енді кем дегенде 14 жылдан кейін, болмаса 20 жыл отырып шығады. Ол түрмеде өзінің жастық шағының ең тамаша сәттерін құрбан етеді. Ал қапастан шыққан соң оны құшақ жайып күтіп тұрған біреу бар ма?

Онда мол дәулет, қап-қап алтын жоқ. Сондықтан жан бағу үшін жұмыс жасау керек болады. Бірақ сотталған адамды қай жер жұмысқа ала қойсын. Сондай-ақ, жасы қырықтан асқан адамның жаңа мамандық алып, өмірін қайта бастауы да қиынға соғары анық. Яғни, бұл азаматтың өмір жолы осымен бітті деп нүкте қоя салуға болады.

Өкінішке орай, өз болашақтарына өздері балта шабатындар аз емес. Мен «Заң газетінде» қызмет ете жүріп, сотталғандармен біраз жұмыс жасадым. Түзеу орындарында болдым. Сонда байқағаным, түрмеде отырғандардың 70 пайыздайы бұрын сотталғандар. Яғни, олар екі, үш немесе бес рет сотталып, өмірлерін түрмеде өткізіп жатады.

Бұны біз дін тілімен «карма заңы» дейміз. Яғни, егер сіз қылмыс жасап, біреуге залалыңызды тигізу арқылы бақыт таппақ болсаңыз, онда табарыңыз БАҚЫТСЫЗДЫҚ пен ТАУҚЫМЕТ қана болады. Бұл екіні екіге көбейткенде төрт болады дегендей АҚИҚАТ.

Таяуда интернеттен АҚШ-тың бір қаласында екі тонаушы бір пәтерге кіріп тонағысы келгендігі туралы хабарды оқыдым. Әлгілердің тонамақ болған үйінің иесі спортпен айналысқан алып күш иесі және гей екен. Ол тонаушыларды ұстап алып, полицияға берудің орнына бес күн бойы зорлайды. Бейшаралардың жан дауыстары шығып, қиналғандарын естіген көршілері полиция шақырып, тонаушыларды құтқарыпты. Тонаушы қылмыскерлердің сынғаны сонша, көздерінен үрей мен қорқыныш, шарасыздық көрініп тұрыпты. Міне, тонаушылықтың ақыры осындай бейшаралық күйге жеткізген.

Алматыда біраз жыл бұрын жұмысшылар жатақханасында тұрдым. Содан бір күні кешкілік жатақхана ауласында біраз жігіттер жабылып, біреуді шыңғыртып тұрып сабады. Әлгінің құлындаған даусы құраққа шықты. Жігіттер бірақ онысына қарамай, аямай тепкіледі. Кейін белгілі болғандай, әлгі жігіт ұры екен. Айцналасындағылардың ақшасын, басқа да бағалы заттарын ұрлаумен анйалысқан. Сөйтіп жүріп қолға түсіп қалыпты. Осыны білген соң-ақ, ақшаларынан айрылған жігіттер оны есік алдына апарып итше тепкілеген.

Міне, солай. Егер сіз ұрлық істеп, немесе кісі тонап, басқа да жолмен заңсыз олжа тапқыңыз келсе, сол жолға түүкен күннен бастап БАСЫҢЫЗҒА ҚАТЕР БҰЛТЫН ТӨНДІРЕСІЗ. Біріншіден, сіз залал келтірген адамдар қарғап-сілейді, егер қолдарына түссеңіз аямай сабайды немесе жоғарыда айтқандай зорлықшы маньякқа кез болсаңыз жақсылап зорлайды, яғни аяушылық болмайды.

Ал, егер полицияның қолына түссеңіз, онда сотталып, тар қапасқа айдаласыз. Бұнымен де құтылмайсыз. Енді өлгеннен кейін о дүниеде жасаған қылмысыңыз, яғни күнәңіз үшін ТОЗАҚҚА ТҮСІП ӨРТЕНЕСІЗ. Міне, солай. Егер осының бәріне көніп, теріс жолмен жүремін десеңіз, Тәңір жарылқасын, онда құрдымға құлай беріңіз.

Басыңызда шйнам миыңыз болса, өзіңізге ЗИЯННАН БАСҚА ЕШТЕҢЕ БЕРМЕЙТІН қылмыстық жолдан аулақ болғаныңыз дұрыс болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика