56 көрілім

Әлеуметтік желілерден өмірі естімеген, өмірдің өзінен алынған талай қызықты жайлар, түрлі тағдырлар туралы ақпарат аласың. Таяуда бір кәсіпкердің көзімен көріп куәсі болған бір оқиға туралы жазғанын оқып, адамдарға ой салар деген оймен оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім.

-Бүгін мен дүкенде бір қарт әжейді көріп, соған еріксіз назар аудардым, -дейді әлгі кәсіпкер. –Айналасындағыларды түгел ұмытқан әжей арзанқол консервілердің құтысындағы бағасына қарап, өзіне қажеттісін іздеуде. Әже, көмек керек пе? деп қасына келгенімде «балам, көзім жетпейді, маған бағасы арзандау біреуі керек еді» деді ол. Киімі де, өзі де жүдеу тартқан әжейдің түріне қарап, қатты аяп кеттім. Ол таңдап жатқан консервілер нәрсіз, арзанқол дүниелер еді. Консервіден басқа тағы не керек дегенімде, ойбай, балам ақшам жетпейді, осы арзандау консервілер маған жетеді деп шошып кетті.

Сол арада мен оның кәрзеңкесіне сары май, күріш, қораптағы макарон сияқты азық-түліктерді толтыра салдым. «Балам-ау, мұның не, қазір мынаны сатушылар көрсе, мені кассаға да жібермейді ғой» -деді кемпір күйзеле сөйлеп. Әже қорықпаңыз, ақшасы мен төлеймін дедім. Кемпір сенер-сенбесін білмей аңтарылып тұрып қалды.

-Мен үйден шығарымда Құдайдан азық-түлік алуға 100 рубль бер деп жалбарынып тілеген едім. Кейде жолда келе жатып, әлдекімдер түсіріп алған ұсақ ақша тауып алатыным бар. Ал бүгін  Құдай мен ойлағаннан әлдеқайда көп несібе берді,  -деді әжей.

Мен азық-түлік сықа толтырылған үлкен пакетті ұстап, әжейді үйіне дейін жеткізіп салдым. Таңғалдырғаны, ол сол маңайдағы элиталы биік үйде тұрады екен. Менің таңырқағанымды байқап «бұрын осы арада жер үйде тұрғанмын, соны бұзып осы үйді салды да, қожайындар үйім үшін пәтер берді» -деп түсіндірді ол.

Кемпір қоярда-қоймай үйіне шақырған соң, пакетін көтерісіп, пәтеріне алып бардым. Екі бөлмелі кең пәтерде іліп алар дүние жоқ. Еденге картон төселіпті. Асүйдегі ескі стол мен арқалығы жоқ ағаш орындық үйдің сұрқын онан әрі қашырады.

Әжейдің айтуынша, мұнда баласы, келіні үшеуі тұрыпты. Баласы алты жыл бұрын дүниеден өткен. Күйеуі өлісімен, келіні кетіп қалыпты. Көп ұзамай, келіні мен кемпірдің сіңілісі келіп, үйдегі барлық заттарды алып кеткен. Анда-санда телефон соғады дейді әжей. Мені тірі ме, өлді ме соны білеу үшін хабарласады. Ойлары өлсем пәтерді сатып, ақша таппақ.

Кемпір тұрған 19 қабатты үлкен үйдің подьезінде кем дегенде қырық-шақты отбасы тұрады. Олардың бәрі де ашқұрсақ тірлік кешіп жүрген жүдеу жүзді кемпірдің жайын жақсы біледі. Тым болмаса, бес-он рубльден жинап беріп, кемпірді ашықтырмауға болар еді ғой. Туыстарының сыйқы анау, қашан өледі деп күтіп жүрген.

Осы арада мен қатыгез адамдардың ісіне ызаланғаннан, жедел шешім қабылдадым. Кемпірді түгелдей қамқорлығыма аламын. Ең алдымен, үйіне жақсы жиһаз, тоңазтқыш сатып әперемін. Содан кейін тоңазтқышын азық-түлікке толтырамын. Жыл сайын денсаулығын түзеуге шипажайларға жолдама әперіп тұрамын. Сендер енді кемпірдің өлімін ешқашан көре алмайсыңдар. Мен оның денінің сау болып, ұзақ жасауы үшін бәрін де жасаймын. Ол жүз жасап, бәріңді өлтіріп барып өледі.

Иә, бірлі-жарым болса да осы кәсіпкер сияқты қайрымды жандардың болғанынане жетсін. Дәйім, қайырымды жандардың қатары ешқашан сиремесін.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика