1 124 көрілім

рушылдыкҚазақтардың көбі, оның ішінде жастар да, кәрілер де, қазақ үшін рушылдық деген туабітті ажырамас қасиет сияқты көреді. Тіпті, руын білмейтін адам тексіз дейтіндер бар. Сонда ағылшын, жапон, неміс ұлтының өкілдері тексіз болғаны ма?
Мәселен, ағылшындар өз мемлекетін Ұлыбритания деп атайды. Орыстар да көбіне Великорусь деп жазып жатады. Ал қазақ Ұлықазақ деп жаза ала ма? Жоқ. Неге? Өйткені, біздің өзімізді ұлы деп әлем алдында айтуға моральдық құқымыз жоқ.
Рас, өзімізше ұлы халықпыз деп айтармыз, дегенмен, әлем оны мойындамайтыны анық. Ал, ағылшынды барша әлем ұлы деп мойындайды. Сонда ұлы ағылшындар тексіз де, қазақ текті болғаны ма?

Барша ұлт рушылдық қоғамнан өткен.

Менің мамандығым тарихшы. Егер тарихқа зер салып қарайтын болсақ, барша халықтардың рушылдық-тайпалық қоғамнан өткенін көреміз. Рим империясын талқандаған вандалдар неміс тайпалары болатын. Викинг аталып жүрген жаугер тайпалар скандинав халқының арғы тегі екені мәлім.

18 ғасырда қырық құрау тайпалық-рулық құрылымға бөлінген Германияны Отто Бисмарк білектің күші, найзаның ұшымен біріктірді. Қырық құрау бөлшектенген Италияны Кавур біріктірді. Ромео мен Джулеттаны көрген болсаңыз, ондағы Монтекки, Капитулетти деген бір-бірімен жауласқан әулеттер сол рушылдық қоғамның сарқыншағы болатын.

Орта ғасырларда жапондар да қиқымданған ру-тайпа мемлекеттерден тұрды. Бұл елдердің бәрі капиталистік қоғамның орнығуымен бірге рулық-тайпалық қоғамнан шығып, жалпы ұлттық қоғам деңгейіне көтерілді. Рулық-тайпалық құрылым – феодалдық қоғамға тән құбылыс.
Бүгінгі күнге дейін қырғын соғыстан көз аша алмай келе жатқан Ауғанстан рулық-тайпалық құрылымда өмір сүреді. Ондағы қырық құрау рулар бастары қосылмай қырылысып жатыр. Араб елдері де рушылдықтың зардабын тартуда. Ал керісінше, рушылдықтан әлдеқашын құтылған ағылшын, жапон, француз, неміс халықтары әлемнің ең алыдңғы мемелкеттеріне айналды және оларда рушылдық емес, жалпыұлттық мүдде берік орныққан.

Қазақтың жауы – рушылдық.

Бұлай деп үзілді-кесілді айтуыма негіз болар жайлар баршылық. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» диалогиясын оқыдыңыз ба? Жалпы, Мұхтар Мағауин тек талантты жазушы ғана емес, ғалым да. Аталмыш кітабын ол көптеген архив құжаттары негізінде жазған. Яғни, ондағы жайлар ойдан шығарылмаған, өмірден алынған шындық.

Енді осы тарихи романға тоқталайық. Онда жазушы Тәуекел ханның заманында, яғни 17 ғасырдың басында қазақтар Орта Азиядағы ең қуатты мемлекет болған дейді. Сол тұста 400 мың әскер шығаратын осы аймақтағы жалғыз қуатты ел қазақ хандығы болған. Сол кездегі тарихи мәліметтерге назар аударсақ, қазақтардың саны 4 миллионнан асып жығылады екен.
Ал өзбектер 800 мыңдай, жоңғарлар 700 мың болады екен. Қызығы сол, 700 мың жоңғар 17 ғасырда 4 миллион қазақтың 1 миллионын қырып, ең шұрайлы деген жерлерін тартып алды. Сол кез қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен белгілі.
4 миллион қазақ неге 700 мың жоңғардан тас-талқан болып жеңілді? Оның жалғыз себебі – рушылдықтан, яғни басы піспей бір-бірімен қырылысудан еді. Жоңғардың 70 мың қолына қарсы қанша жерінен, адамынан айрылған қазақ 40 мың қолды әзер шығарды. 70-80 жыл бұрын ,Тәуекел ханның тұсында 400 мың қол шығарған қазақ неге сонша құлдырады?
Оның себебі – рушылдыққа негізделген бөлшектенуден болатын. Сол 40 мың қолды басқару үшін бас қолбасшы етіп Әбілхайыр ханды сайлағанда өкпелеген Барақ сұлтан әскерін алып, соғыспай кетіп қалды.

Рушылдық-тайпалық қоғам болсақ та, біз бүгінгі үлкен жер аумағын сақтап қалдық дейтіндер бар. Шындығында ол жерді сақтап қалуымызға Абылай, Әбілхайыр сияқты озық ойлы саясаткерлер мен Бөгенбай, Қабанбай сияқты жаумен жан аямай күрескен батырлардың сол кездегі көреген саясаты, жанқияр ерлігі себеп болған еді.
Сондай-ақ, біз ертедегі жеріміздің жартсына жуығынан айрылдық. Мәселен, бүгінгі Орынбор, Омбы, Астрахан облыстарының көп жерлері қазақтыкі болатын. Қытайдың Шәуешек қаласы мен сол аумақтағы кең байтақ жері де қазақтыкі еді. Ташкент ежелден қазақтың қаласы екендігін тарихшылар жақсы біледі.

Міне, көрдіңіз бе, қанша жерімізден айрылдық. Құдай оңдағанда КСРО құрылып, большевиктер көп жерімізді кесіп алса да, біразын өзімізге қиды. Сөйтіп, шекарамызды белгіледік.
Жалпы, рушылдықтың қазақ халқына тигізген залалы туралы том-том кітаптар жазуға болады. Тағы бір ақиқат, енді он, жиырма, бәлкім елу жылдан кейін бе, капиталистік қоғам тереңдеп енген кезде, рушылдық өз-өзінен өшіп жоғалады. Ал бүгінгі руың кім деп сұрап, рушылдықты қоздырып жүргендердің тірлігі, КСРО-ны қалпына келтіруді армандайтын коммунистердің қиял-арманы сияқты.
Өсетін жұрт болашаққа қарап, заман талабына сай әрекет жасайды, өшетін ел өткенді көксеп, өнбейтін қиялды серік етеді…

 

Мақала туралы пкіріңізді төмендегі терезе арқылы қалдыра аласыз

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика