50 көрілім

Адамдардың көбі өмірде кездесетін түрлі қиындықтардан қорқады. Олар өздерінің өмір жолдарының тақтайдай тегіс, еш кедергі-қиындықсыз жеңіл болуын армандайды. Тірлікте сәл-пәл қиындықтар кезіге қалса абыржып, өмірден түңіліп, иықтарынан су кетіп жатады. Шындығында, өмірде кезедсетін қиындықтар біздің дұшпанымыз ба, әлде досымыз ба?

Қиындық адамды шаңдайды

Сіз темірдің өзін кесетін болат деп аталатын темірдің шыңдалған түрінің қалай жасалатынын білесіз бе? Білмесеңіз айтайын: кәдімгі темірден жасалған құралды отқа салып қып-қызыл болғанша қыздырады, содан кейін оттан ала сала әлгі қызған темірді мұздай суға салады, содан кейін төске қойып соққылайды. Осыдан кейін темір бұйымды отқа қайта салып қып-қызыл болғанша тағы қыздырады, содан кейін суға салып, төске қойып тағы да соққылайды. Осылайша темір болатқа айналғанша қайталай береді.

Қиындықтан қорқатын адам болбыр, бос адам. Ондай жандар әдетте өмірде кезедсетін түрлі қиындықтарға шыдамай бірден омырылып сынады. Біреулері өмірден түңіліп, тіпті өздеріне қол жұмсап жатады, енді басқалары стресс, депрессия деп аталатын дертке шалдығады. Ал сондай қиындықтарға қарсы тұрып, жеңе білген жандар әрбір қиындықтан шыңдалып, ширығып шығады. Кейін келе олар қиындық тағдыр талқысы немесе басына түскен бақытсыздық емес, өмрі мектебінің ұстазы екендігін сезініп, сол қиындықтардан сабақ алып, білімі мен біліктілігін арттырады.

Қарадан шығып хан болған, яғни кедейшіліктен өз ақылымен байыған адамдарыдң өмір жолына үңіліп қарайтын болсаңыз, олардың қиындықтардан шыңдалып, шыныққандығын бағамдайсыз. Бүгінде АҚШ президенті болып отырған миллиардер Дональд Трамп өз өмірінде әлденеше рет банкрот болып, бар жиған-тергенінен айрылған адам. Бірақ әр жолы ол қиындықтан шығар жол тауып қана қоймай, бұрынғыдан да мол байлыққа жетіп отырған.

Қиындық шңдаған мұндай адамдардың өзгешелігі – олар қиындықтан қорықпайды және керісінше қиындық кездескенде құлшынып, қуаттанып, әруақтанып кетеді. Қиындықты жеңу арқылы олар рахат алады, қанағат сезіміне бөленеді, тіпті кейбіреулері үшін өмірдегі қиындықтар өмірінің мәніне айналады.

Қиындық – ұстаз

Жапонның аты әлемге танымал машина жасайтын ірі Хонда компаниясының негізін салушы миллиардер Хонда өзінің оқу бітіріп келген жалғыз ұлын цехқа қара жұмысшы етіп жібереді және цех бастығына оны қожайынның ұлы деп санамай аямай жұмсауды тапсырады. Егер ұлы өз міндетін орындай алмаса, бұл туралы жасырмай айтуын сұрайды.

Сөйтіп, қожайынның жалғыз ұлы қара жұмысшылықтан бастап, цех бастығы, инженер, басқа да барлық қызмет баспалдақтарынан өтеді, жәй өтіп қоймай өзін жақсы маман ретінде көрсетеді. Міне, осыдан кейін ғана сынақтан өткен ұлына қожайын компанияны түгел тапсырып, өзі демалысқа кетеді. Бұл – өмір тәжірибесі мол жанашыр әкенің тәлімі.

Ал бүгінде қызмет арқылы байлыққа қол жеткізген отандық алпауыттар балаларының бетіне жел тигізбей абғып-қағып өсіруде. Солай түк көрмей өскен жастар егер өмірде бір қиындық кездесе қалса, оны жеңе ала ма? Жоқ, әрине.  Өмірдің қиындығын көріп, соны жеңу арқылы шыңдалмаған адам болбыр, бос және әлжуаз болады. Бұл екіні екіге көбейтсең төрт болады дегендей АҚИҚАТ.

Сондықтан, баласын жақсы көретін әрбір ата-ана оның бобыр, бос және әлжуас емес, пысық, ширақ және бірбетей батыл болып өсуіне жағдай жасауы қажет. Ол үшін Хонда әке сияқты баланы аямай өмірдің қиындықтарын жеңуге үйреткендері жөн.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика