967 көрілім

мәңгүртБіздің бала кезімізде, өткен ғасырдың 60-70-ші  жылдарында мектепте оқитын қыз балалар бастарына орамал тартатын, келіншектер жаулық салып, кемпірлер кимешек киетін. Зейнеткерлікке шыққан шалдардың бәрі (60-тан асқандар) сақал қойып, үстеріне шапан немесе ұзын камзол киетін. Әйелдер ер адамдардың алдын кесіп өтпейтін, келіндер қайнағалары мен енелеріне сәлем беретін, көшеде мас болып жүргендер болмайтын, оң жақта отырып жүкті болып қалатындар  сирек кездесетін.

Жарты ғасырда не өзгерді?

Рас, 60-70-ші жылдарда бүгінгідей екінің бірінде шет елдік автокөлік жоқ еді, ауылымызда он адамның біреуінде ғана «Москвич» немесе «Жигули» болатын. Теледидар деген де ол кезде үлкен байлықтың көзі болып саналатын. Адамдар біркелкі киінетін және тұрмыс жағдайлары да біркелкі болатұғын.

Қазір ауылда да, қалада да ағылған шет елдік қымбат автокөліктер, теледидар барлық үйде бар. Жұрт малынып киінетін болды. Қымбат смартфонды тіпті, балалар да ұстайды. Сырт қарағанда ел байып, адамдардың тұмыс жағдайы жақсарып бара жатқандай. Бірақ, бұл тек сырттай қарағанда ғана. Ал, шындығында, қоғам азып-тозып, іріп-шіріп, құрдымға құлап барады. Бұл – АҚИҚАТ.

Енді бұлай деп үзілді-кесілді баға беруіміздің себебін түсіндірейік. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында, яғни осыдан жарты ғасыр бұрын адамдар қазіргімен салыстырғанда материалдық жағынан алғанда біршама төмен өмір кешкендігі шындық. Дегенмен, ол кезде адамдардың рухани және психологиялық ахуалы дәл бүгінгі адамдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болатын.

Мәселен, өзім тұрған ауылда ұрлық деген болмайтын. Рас, анда-санда  ұсақ қой-ешкінің жоғалып кетуі орын алатын. Оны сол ауылымызда тұратын бір малсақ шалдан көруші еді жұрт. Дегенмен, қолмен ұстамағасын оны ұры деп айыптау да орыныз-ды. Үйлерінің есігін адамдар құлыптамайтын. Жәй жауып кете салатын.

Зинақорлық дегенді де өз басым естімеппін. Күйеуге тимей жүкті болып қалған қыздарды көрген емеспін. Көрші ауылда немесе ертеректе сондай болыпты дегенді апаларымыз айтып отыратын.  Әскерден келген бір жігіттің мектепте оқитын жас қызды мастықпен зорлағанын ауыл адамдары бірнеше жыл жағаларын ұстап айтып жүрді. Әлгі жігіт сол үшін он жылға сотталды.

60-қа толып, зейнеткерлікке шыққан ағаларымыздың бәрі сақал қойып, қарияға айналып шыға келетін. Ауыл арасында болған ұрыс-керіс, ұсақ төбелестерді ақсақалдар өздері шешіп, татуластырып жататын. Ал нашақорлық, жезөкшелік дегендерді біз шет елдерде болады екен деп естігеніміз болмаса, мүлдем білмей өстік. Өйткені, ол кезде мұндай киноларды көрсетпейтін және ондай жаман кітаптарды да шығармайтын.

Ал, енді бүгінгі күнге келейік. Небары жарты ғасырдың ішінде біз  моральдық, писхологиялық жағынан қаншалықты азғындағанымызды бүнгінгі ақыл-есі дұрыс әр адам өз көзімен көріп, куәсі болып жүрген жайлардан жақсы біледі. Жезөкшелік, зинақорлық (азаматтық неке деген де зинақорлық емес пе), бүгінде үлкен қоғамдық топқа айналған жалғыз басты аналар (некесіз бала тапқан қыздар), кәмелетке толмаған қыздарды былай қойып, ер балаларды зорлайтын педофиль деген арсыздар, гей деп аталатын өз жыныс өкілдерімен шағылысатын хайуандық деңгейден де төмендеп кеткендер, ақырсында, мемлекет қаржысын сүліктей сорып жатқан ашкөз шенеуніктер – осылардың бәрі қоғамның іріп-шіріп бара жатқанының көрінісі емес пе?

Қоғам қайда барады?

Тағы да өзім куәсі болған өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарына оралайық. Ол кезде қазіргімен салыстырғанда адамдар біршама қайрымдылау, тазалау, кішіпейілдеу, сабырлылау, жомарттау, ақырсында ақылдылау болатын. Сегізінші сынып оқып жүрген кезімде әкемнің орнына бір жетідей кеңшардың жұмысын істегенім бар. Сонда  жас мөлшері әртүрлі үлкен адамдардың құрдастардай бір-бірімен қалжыңдасып, үнемі көңілді жүретінін көрдім. Олардың қалжыңы дөрекі емес, жеңіл және ар-намысқа тимейтін. Жалпы, ауыл адамдары сол тұста біртүрлі көңілді, күліп-ойнап әзілдесіп жүруші еді.

Қазір қайда қарасаң да қабақтарынан қар жауған пенделерді көресің. Қымбат мшинаға мінген шенеуніктер мен байлардан бастап, қоғамдық көлікті пайдаланатын қарапайым жұртқа дейін – бәрі қабақтарын түйіп, қашанда жүйкелері жұқарып жүреді. Және ол адамдар сәл нәрсеге бола бір-бірімен ұрсысып, жаға жыртысып жатады. Жүйке, қантамыр ауруы деген бүгінгі қоғамның ең үлкен дертіне айналды. Сондайдан жыл сайын миллиондаған адамдар өліп жатыр. Өзіне өзі қол салатын суйцид деген дерт те жыл санап көбейіп барады.

Ал қайрымдылық дегенге келсек, көшеде құлап жатқан адамды көрсе де оған мән бермей өте беретіндер көбейді. Бірде Астанада көшеде құлап жатқан тәуір киімі бар кекселеу кісініің жанында тұрған әйелді көрдім. Әлгі айтады: мына кісі ауырып, құлаған сияқты, ұялы телефоныңыз болса жедел жәрдем шақырыңызшы деп. Қызығы сол, ағыл-тегіл олай-былай өтіп жатқандардың бір де бірі оған қайрылып та қарамайды. Сол арада телефон соқтым. Содан әлгі әйел екеуміз жедел жәрдем келгенше күтіп тұрдық. Сөйтсек, әлгі кісі шынында да есінен танып құлап қалған екен.

Өкінішке орай, қазір адамдар өліп жатсаң да қарамайтын болып алды. Оның есесіне әйел демей, қарт демей тасалау жерде ұрып-соғып тонап кететін бұзақылар көбейді. Егер тұжырымдап айтар болсақ, бүгінгі қоғам жыл, ай, тіпті күн санап азып-тозып, адамдар қатыгезденіп, арсызданып бара жатқандай.

Егер осылай жалғаса берсе, енді жарты ғасырдан кейін не боларын көз алдымызға елестетудің өзі қорқыныш туғызады. Сонда біз  ҚАНДАЙ ҚОҒАМ ҚҰРЫП ЖАТЫРМЫЗ?

Әлемнің барлық елдері АЗАМАТТЫҚ, ЗИЯЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ құрып жатырмыз дейді. Ал осындай қоғам құру жолына  бізден көп бұрын, жүздеген жылдар бұрын түскен Батыс елдерінің жағдайы қандай? Олар қандай жетістікке жетті?

Назар аударып қарайық. Батыс елдерінің бәрі (Италиядан басқасы)  түгел бір жыныс өкілдерінің некелесуін қолдайтын заң қыбылдады. Бұл елдерде еркек пен еркек, әйел мен әйел үйленіп, отбасы құра алады және тойларын өткізіп, бала асырап алуларына заң бойынша құқығы бар. Бұл елдердің бәрінде азаматтық неке (некесіз жақындық, яғни зинақорлық) заң жүзінде қорғалады. Батыс елдерінің көбі бүгінде жасанды есірткені сатуға рұқсат етіп қойды. Бұл елдердің бәрінде жезөкшелік ресми түрде жұмыс істейді. Бұл елдердің бәрінде ондаған, тіпті жүздеген адамды өлтірген қанышерлерге де өлім жазасы кесілмейді,  дүкендерде атыс қарулары ашық сатылады, құмар ойындарына ресми рұқсат берілген.

Ал енді сол біз үлгі алып, солай боламыз деп мақсат етіп отырған Батыс елдерінің адамдарының қазіргі бетбейнесі қандай? Қатыгездік, арсыздық, нәпсіқұмарлық, тойымсыздық, ақыр соңында  ЕСУАСТЫҚ (топастық деген дұрысырақ болар) – бүгінгі Батыс адамдарының қол жеткен жетістігі болып отыр. Мәселен, АҚШ үкіметінің бір шешіміне разы болмаған әйел мен еркек ақ үйдің алдына барып шағылысады немесе  табиғатты қорғау туралы заң шығарту үшін бір топ ер және әйел адамдар тырдай жалаңаш көшеге шығып шеру жасайды, болмаса фудбол командасының ойынына көңілі толмағандар көздеріне көрінген адамдарды сабап, дүңгіршектерді қиратады, автокөліктерді өртейді. Әлденеге ашуланған бір жігіт анасы жұмыс істейтін бала бақшаға барып көзіне тсүкендерді түгел атып қырып салады, т.с.с.

Енді осыларды ақыл-есі түзу адамның ісі деуге бола ма?  Ал тәні еркек бола тұра өзін әйелмін деп санап, қауғитып сақал қойып, үстіне тылтиған миниюбка киген еркектердің ісін не деп бағаларсың? Миллиондаған, тіпті миллиардтаған адам тойып тамақ ішпей, ашқұрсақ жүргенде итіне бірнеше күтуші ұстап, арнайы сәулетті үй салдыратын, иттерге арналған қонақүйлер салатын, мейрамханалар мен дәмханалар ашатындардың тірлігіне не дейсіз?

Жыл өткен сайын бүгінгі қоғамды құрушылардың ойлағандарындай емес, ол мүлдем басқа бағытта, яғни төмен қарай құлдырап бара жатқанын ақыл-есі түзу әрбір адам көріп отыр. Азғындық, ашкөздік, қатыгездік, қылмыс, арсыздық, сараңдық, ұятсыздық, өтірікшілік, ЕСУАСТЫҚ  күшейген үстіне күшейе түсуде.

Осыларға қарап қандай ой түюге болады? Егер жүздеген жылдар бойы адамзат құрып келе жатқан азаматтық, зиялы, құқықтық, демократиялық деп аталатын қоғам адам баласына сырттай қарағанда ғана жылтыраған материалдық игілік әкеліп (оның өзі адамдардың бәріне емес, ат төбеліндей аз тобына ғана), бойларындағы адами ізгі қасиеттерінен жұрдай етіп айырып, азғындықтың құрдымына құлдыратса, бұндай қоғам адамзатқа қандай игілік әкелмек??????………

Бұл сауалды әрбір АҚЫЛ-ЕСІ ТҮЗУ адам өзіне қойып, мұндай қоғамның бізге қаншалықты қажеттілігі бар деген жайды ойлануы қажет.  Бұл не үшін керек? Қоғам солай ғой деп есуастыққа салынып, есуастарға еріп кетпеу үшін. Алла әрбір пендеге ақыл-ой, сана, ми, сезім мүшелерін  берді және өз жолын ақылмен өзі таңдап алуға ерік берді. Сол Жаратқан берген еркімізді пайдаланып, бүгінгі есуас қоғамның ырқына беріліп, көзді жұмып ағыспен аға береміз бе, әлде жүзімізді Жаратқанға қарай бұрып, имандылықты жүрегімізге сіңіреміз бе? Бұны әрбір адам өзі таңдауы тиіс.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика