1 404 көрілім

Қорқыныш

22 Сен 2015 г.

Пікір ( 0 )

вирусАдамның қол-аяғын буып, дәрменсіз ететін ең қатерлі дұшпандардың бірі – қорқыныш. Ештеңеден қорықпайтын, қорқыныштан ада адам болмайды. Үрей мен қорқыныш біздің көлеңкеміз сияқты өле-өлгенше қыр соңымыздан қалмай, өмір жолымызда үнемі белгілі дәрежеде ықпалын тигізіп отырады.
Ертеңгі күнім не болады, жұмыстан қысқарып қалсам қайтемін, кредитімді қалай төлеймін деген сияқты үрейлі ойлардан арыла алмай үнемі қорқыныш құрсауында жүретіндер көп. Өзіміз қатты байланған басқа да сезім нысандарынан айрылып қалудан қорқып, соны сақтау үшін өзімізге қолайсыз түрлі әрекеттерге барып жататынымыз жасырын емес.

Қарқыныш қайдан пайда болады?

Қорқыныштың түп тамыры ешқашан қашып құтыла алмайтын үш негізгі қатер – ауру, кәрілік және ажал. Бұл үш қатер бізді әрдайым қорқыныш құрсауында ұстайды. Егер адам ауырмайтын, қартаймайтын және мәңгі жасайтын болса, онда бүгін қорқыныш туғызатын нәрселерден қорықпаған болар еді.

Сіз ажалмен бетпе-бет келіп көрдіңіз бе? Кеңес заманында бір жазушы ажалмен бетпе-бет келудің адамға қаншалықты әсер ететінін анықтап, білгісі келеді. Оның жазған кітабының кейіпкері ажалмен бетпе-бет келмек екен. Содан ол түрменің бастығы болып істейтін бір танысына барып, өлім жазасына кесілген адам қамалатын орынға өзін қамауды өтінеді. Осылай жасау арқылы ол ажалын күткен пенденің ахуалын сезіне аламын деп ойласа керек.

Содан бірнеше күннен кейін қызық жағдай болады. Мұның танысы, түрменің бастығы күтпеген қайғылы қазаға ұшырайды. Жазушының кім екенін сол ғана біледі екен. Оның орнына келген адам жазушыны ату жазасына кесілген сотталшы ретінде қабылдайды. Алғашында жәй ойын санаған жай ушығып, жазушының халі қиындап кетеді. Ол өзінің кім екенін дәлелдей алмай пұшайман болады. Ендігі қалғаны атылатын сәтті күту ғана болады.

Осылайша ажал камерасында болған екі жетінің ішінде отызды енді орталаған жазушының шашы әппақ қудай болып ағарып кетеді. Сөйтсе, бұның бәрі танысының әдейі ұйымдастырған қалжыңы болып шығады. Еңбек демалысын алып кеткен танысы өзі туралы жалған жайды таратып, жазушының үрейін ұшырып сынағысы келген екен.

Қорқыныштан құтылыға бола ма?

Қорқыныштан толайым құтылудың жалғыз жолы – имандылық. Жүрегіне имандылық ұялатқан, Аллаға кәсміл сенетін және шариғат жолымен жүретін тақуа адам аурудан да, кәріліктен де, ажалдан да қорықпайды. Ол Жаратқанға сеніп, Содан үміт күтеді және Оның бергендерін қанағат қылады.

Құдайсыз адам керісінше өзін ертең өліп, құрт-құмырсқаға жем болатын тән санайтындықтан, өткінші дүниенің қызықтарын барынша кең қамтып қалуға жанталасады. Ол өзіне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман істермен айналысатындықтан, карма заңы бойынша тауқымет тартпақ. Тойымды білмейтін нәпсіні тойдырамын деп жанталасып жүретін мұндай адамдар бұл дүниенің рахатын да дұрыс тата алмайды. Өлген соң күнәсі үшін тамұққа құлап және азап шегеді. Яғни, ондай адамға екі дүниеде де жақсылық жоқ.

Екі дүниенің игілігін әкелетін имандылықты қалайсыз ба, әлде қашып құтыла алмайтын ауру, кәрілік, өлім атты үш қатердің алдында дәрменсіз болып, үрей мен қорқыныш құрсауында тірлік кекшетін өткінші дүниенің қызығына алданған пенделік жолды таңдайсыз ба – ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика