1 033 көрілім

тәубеФәни жалғандағы барлық жаратылысты Алла соншалықты шеберлікпен және өте толымды етіп жаратқан. Жан-жағымызға назар аударып қарасақ, реттілікті, бір-бірімен қиюласқан ырғақтылықты, қатаң сақталатын заңдылықтарды көрер едік. Бірақ та, осы ақиқатты түсінбейтін пенделер толымсыз ақылымен іс қыламыз деп, артықты тыртық етіп жатады.

Жаратқанның заңын білудің қажеттігі

Әрнәрсені біліп жүруге ынтық кісі ауласындағы алаңқайдан көбелектің салған жұмыртқасын көріп, сырттай бақылап жүретін. Бір күні әлгі жұмыртқаның жоғарғы жағынан кішкентай саңылау пайда болды. Сол саңылауға басын сұққан көбелектің баласы сыртқа шығуға ұмтылды.

Бірақ саңылау тар болғандықтан, сыртқа шыға алмай жанталасты. Осыған қарап, әлгі кісі көбелектің сыртқа шығуына көмектеспек болып, саңылауды кездіктің ұшымен шұқылап кеңейтті. Содан көбелек құрты сыртқа шықты. Көбелек құрты өте әлжуаз және қанаты да енді ғана шығып келе жатқан қызылшақа екен. Әлгі кісі көбелектің тез жетіліп, бірер күнде қанаты қатайып, ұшып кететініне сенген еді. Дегенмен, жағдай ол күткендей болмай шықты. Әлжуаз көбелек құрты жерде жорғалап жүрумен жазды өткізді. Ол сол бойы қанаты бекіп, ұшып кете алмай, жерде қалып қойды. Жағдайдың неге бұлай болғанын ол түсіне алмады.
Шындығында Алла көбелектің баласының жұмыртқадан сыртқа шығуын дәл есептеп алдын ала солай жаратқанын қайрымдылық жасаймын деп, көбелек баласын мәңгі мүгедек етіп алған кісі ұқпаған еді. Кішкентай саңылаудан сыртқа шығу үшін сонша күш жұмсап, денесі қысылған кезде бойындағы қуатының біраз бөлігі қанатына таралып, соның арқасында сыртқа шыққан соң көбелек құрты тез жетіліп, ұшып кетуіне қолайлы жағдай туатын. Мұның бәрі Жаратқанның алдын ала белгілеп, сонша дәлдікпен есептеп қойған заңы болатын. Жаратқанның заңынан бейхабар пенделер бірақ та, оның себебін дұрыс түсінбегендіктен, өмірде көптеген қателіктер жіберіп жатады.

Мақсатқа жетудің жолын үйрен

Мен құдайдан қуат сұрадым – ол мені күшті ету үшін түрлі қиындықтар жіберді;
Мен құдайдан даналық сұрадым – ол маған өз ақылыммен тығырықтан шығар жол іздеуге мәжбүрлейтін түрлі тауқыметтер жіберді;
Мен құдайдан бай-бақуатты етуді сұрадым – ол маған аянбай еңбек ету үшін күш-қуат пен табандылық берді;
Мен құдайдан махаббат сұрадым – ол маған көмектесуім үшін мұқтаж жандарды жіберді;
Мен құдайдан батылдықты сұрадым – ол маған қиындықты жеңуге мәжбүрлейтін кедергілер жіберді.
Мен осылайша құдайдан қалаған тілектерімнің бірін де ала алмадым, оның есесіне соған жетудің жолдарын үйреніп, шыңдалудың арқасында бар тілектеріме қол жеткіздім.
Бізге жақсы болып көрінген нәрсенің, жаман салдары болуы мүмкін, керісінше бізге жақсы көрінген нәрсенің, жамандыққа ұшыратуы мүмкін. Жаратқан бәрін де есептеп, өлшеп береді. Біз Алланың бергенін қанағат тұтып, жақсылықты да, жамандықта да ықыласпен қабылдауымыз керек.
Қорқынышсыз, үрейсіз өмір кешіңіз, сізге кездескен қиындықтар мен кедергілердің бәрі Жаратқанның еркімен болады және сол тығырықтардан шығар жолды да Алла сізге Өзі көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика