121 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Менің молда болғанымды естіген әкем «Біздің тұқымнан өмірі молда, имам шығыпты дегенді естімеп едім, бұл да бір Алланың берген игілігі шығар» деп қауқылдап қуанып қалды. «Ертең  қарияларды шақырып бір қой сойып, батасын алсақ қайтеді» деді сосын апама қарап.

-Дұрыс, оны жасармыз ғой. Енді молда болған соң жалғыз жүрген жараспайды. Отау құрып, шаңырақ көтеру керек» -деп қойды апам маған қарап. Бұрын да анда-санда осындай әңгіменің шетін шығарып қыңқылдап қоятыны бар-ды.  

Ертеңіне әкем бір қойын сойып, біраз ақсақалдарды шақырды. Негізінен мешітке келіп намаз оқып жүрген намазхандар. Жастығыма қарамай олар мені молдасың деп төрге отырғызып,  астан кейін бата жасаттырды.

Әкем «малды бізге қалдыр, енді алаңсыз молдалығыңды жаса» -деп, шаруадан аулақтатып тастады. Сөйтіп, мал мен үй шаруасынан босап, таңертеңнен кешке дейін мешітте отыратын болдым. Ауылда күнде біреу үйленіп немесе қайтыс болып дұға жасатып жатқан жоқ. Намазхандар негізінен тек жұма намазына ғана мешітке жиналады. Қалған күндері мешіт бос тұрады. Бұндағы бар ермегім Құран кітабын оқу. Қосымбек атадан араб әріптерін жазып, оқуды үйреніп алғанмын. Кейде дауыстап, кейде ішімнен Құранды күнұзақ оқып отырамын.

Сөйтіп жүрген күндердің біірнде кешқұрым уақыт еді, әлдекімнің босаға жақтан өзіме тесіле қарап тұрғанын сездім. Құранды оқып отырып байқамаған екенмін, мешітке кірген басқа емес, кәдімгі өзім іштей қорқып жүретін сыйқыршы Күланда кемпір болып шықты. Қарасұр ұзын көйлек, кәмзол киген, басын бүркеп жаулық тартып алыпты. Тісі түскендіктен бе, кемиектеніп қалған бір уыс жүзін жаулық жасырып, босағада қимылсыз тұрған оны алғашында танымай қалдым. Бірақ әлгіге көзім түскен сәт бойымды үрей билеп, жүрегім мұздап сала берген еді. Маңдайын жапсыра тартылған жаулықтың астынан өзіме тесіле қараған нұрсыз көздері түпсіз қаратүнек сияқты тереңіне тартып әкететіндей зәрем ұшып, денемді қозғалта алмай қалшиып отырып қалдым.

Менің сол сәттегі қалпым жыланның арбауына түскен торғай сияқты кейіпте еді. Арбауға түскен торғай байғұс шырылдап қанша жан ұшырса да аузын ашқан жыланнан аулақтай алмай ақыры арбалып соның аранына түсіп, жем болмай ма. Мен де өзіме тесірейе қараған сыйқыршы кемпірдің арбауына түскендей орнымнан қозғала алмай, не дауыс шығарып бірдеңе айта алмай арбалдым да қалдым.

Кенет кемпір қолын көтеріп маған қарай әлденені шашып жіберді. Ерні күбірлеп «сүф, сүф» деді ысылдап. Оның дауысы сол сәт айбат шеккен шағатын жыланның ысылына ұқсап кетті. Әлім құрып, көзім қарауытып бара жатқанын сездім. Осылай отыра берсем кемпірдің арбауына мықтап түсіп, құрдымға құлайтынымды түсіндім. Сол сәт есіме бойымдағы тылсым қасиет түсті. Сол тылсым қасиетімді пайдаланып көрсем қайтеді деген бір ой санамда жылт етіп көрініп қалған.

Тәнімнен шыққанда сүттей ұйыған мешіт ішіндегі жарықты және босағада қалшиып тұрған сыйқыршыны көрдім. Таңғаларлығы сол, кемпірдің ту сыртында ұзын сақалды кейіпсіз қара түсті шұбатылған сұлба тұр. Ол сонау кеште түтін арасынан шыққан сұлбаға ұқсайтын еді. Әлгі қара сұлба да отырған менің тәніме тесірейе қарап, көзінен көкшіл түсті сәуле төгуде. Мені қыбыр еткізбей тұсап тастаған да сол сұлбаның сәулелі қуаты болса керек.

Кемпір кішкентай дорбасынан қоңырқошқыл күл сияқты ұнтақты алып маған қарай шашып жіберді, әлдене деп күбірлеп  сыйқырлы дуасын жасап жатыр. Сұлба мені қыбыр еткізбей тұсап ұтсағандықтан, ол меннен келер еш қауіп жоқ деп ойласа керек  өзін тым ерін сезінеді.

Сол сәт тылсым қасиетімді пайдаланып, талай таңғажайып нәрселерді жасағаным есіме түсіп, сыйқыршы мен оның қожайынына қарсы да күресіп байқағым келді. Мен нәзік тәніммен әлгі сұлбаға тап беріп, бар күшіммен соғып өттім. Сұлба сәл-пәл тербелгендей боғланымен, менің соққым оған онша әсер етпеген сияқты. Ол өзінің әрекетін одан әрі жалғастырып жатыр. Мен енді кемпірге соққы беретін зат іздедім. Қолыма кітап қоятын сөреде жатқан қайшы ілінді. Сонымен кемпірдің кеуде тұсынан соғып өткенімде жан дауысы шыққан сыйқыршы ойбайлап жүрелеп отыра қалды. Сол сәт сұлба жан-жағына алақтай қарап, кенет менің нәзік тәніме көзі түсті. Оның шүңірек көздері көзіме қадала қарап ішіп-жеп барады. Бойымнан қуат кетіп, әлсіреп құрдымға құлап бара жатқандай сезіндім. Сол кезде менің нәзік тәнімнен жанұшырған дауыс шыққан еді. Бұл менің ең соңғы жандәрмен айқайым болса керек. Одан ары не болғанын білмеймін, қараңғы түнекке сүңгіп құлап бара жаттым…

«Бостан мен сыйқыршы» кітабының толық нұсқасы сатылады. Электронды кітаптың бағасы 1000 теңге. 87013001474 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика