68 көрілім

Күні кеше Алматыда тапа-тал түсте қанышер қарақшылар (кісі өлтірген, біреудің мүлкін ұрлаған адамды солай деп атымен атаған дұрыс болар) Қазақстанның атын әлемге танытқан, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін әлем чемпионы Денис Тенді өлтіріп кетті. Бар болғаны машинаның айнасы үшін кісі қанын мойнына жүктеген  қарақшылардың біреуі тұтқындалса, екіншісі іздестірілуде.

Заңды жұмсарту неге керек?

Тағы да, жоғарыдағы оқиғаға тоқталайық. Атақты спортшымызды өлтірген қарақшылар заң шеңберінде жазасын алсын-ақ делік. Сонда олар осы қандықол қылмысы үшін қанша жылға сотталмақ? Ары кетсе, 10-15 жыл. Сол 15 жылдың өзін олар толық өтеп шықпайды, «үлгілі тәртібі» үшін мерзімінен бұрын босатылады. Өйткені, қазір көріп жүргеніміздей, қылмыстық жүйедегі ізгілендіру деген науқан осы саланың қызметкерлерін сотталғандарды неғұрлым тезірек бостандыққа шығаруға ынталандырады.

Қол-аяғы балғадай, он екі мүшесі сау, бірақ соған қарамастан, адал еңбек етіп, заң шеңберінде өмір сүрудің орнына қылмыстық жолды таңдаған бұл екеуі түрмеден шыққан соң тәубелеріне түсіп, жаман жолдан атқұла тыйыла қояды дегенге ақыл-есі дұрыс адамның сенуі қиын. Өйткені, сотталып жататындардың көбі  екінші, үшінші, тіпті бесінші рет сотталатындар. Осыған қарап, түрме өз атауына сай түзеу орны емес, керісінше адамдарды теріс жолға салып, ақылдан айыратын орынға айналған ба дерсің.

Ал, осындай жағдайда неге қылмыскерлерге қатысты заң жұмсартылады? Өйткені, бұның бәрі алдыңғы қатарлы демократиялық елдердің әсерімен жасалып жатқан шаруалар. Ал енді сол алдыңғы қатарлы демократиялық елдердің жағдайына назар аударып қараңызшы, олардағы қылмыс жайы қандай екенін бағамдап көріңізш, жаныңыз шошиды.

Санаторий-түрме

Озық шетелдік стандарттарға сай салынатын аса ауыр қылмыс жасаған, өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған түрмелердегі жағдай  жасыратыны жоқ қазына нанын жеп жүрген біздегі қарттар үйлері мен балалар үйлеріндегіден әлдеқайда жақсы екен.

Осыдан екі жыл бұрын Норвегияның түрмесінде 150-дей адамды (оның басым көбі демалып жатқан жас балалар) өлтірген өмір бойы бас бостандығынан айрылған қылмыскердің шағымына байланысты сот шешімі жайында әлемдік БАҚ жарыса айтып, жазды. Әлгі қылмыскерге жеке камера, теледидар, басқа да қажеттіліктер берілген және кітап оқуына мүмкіндігі бар. Жұмыс істемейтін, жаны тиыш, жағасы бос бұл қылмыскердің жағдайын түрмеде емес, курортта демалыста жүрген адаммен салыстыруға болатындай екен.

Қызығы сол, әбден мейманасы тасыған әлгі кісіөлтіргіш «менің құқығым аяқ асты болды, апта сайын емес, таныстарыммен айына бір-ақ рет кездестіреді» деп сотқа шағымданады. Батыстың ізгілендірілген соты 150 адамды өлтірген қылмыскердің арызын қарап, шынында да құқығы тапталған екен деп шешім шығарып береді. Сөйтіп, ол енді апта сайын таныстарымен кездесетін болды және оның құқығын бұзған түрме қызметкерлерінен айыппұл ретінде қомақты сома ақша өндіріп алды.

Осыған қарап отырып, «міне, саған батыстық ізгілендірудің жемісі» дейсің. Егер кісі өлтірген адамға сонша жағдай жасайтын болса, мемлекет қаржысын бөліп, асырап-күтсе, оны көрген басқалардың ауыр қылмыстан бас тартпайтыны түсінікті жай.

Қылмыскерге аяушылық болмауы керек

Әр адам өз істеген ісін мойнымен көтеруі тиіс. Қасиетті Құранда қысастыққа қысастық әділдік жолы екендігі айтылады. Інжілде «басқа бас, тіске тіс» деген қағидат бар. Яғни, дәстүрлі діндерде кісі өлтірген адам імндетті түрде өлім жазасына кесілген.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы қылмысты ізгілендіру саясатының адамзат баласына төндіріп отырған ең үлкен қатері – аса ауыр қылмыстар мен азғындықтарды ауыздықтаудың орнына, соларға жол ашуға мүмкіндік жасауында. Мәселен, өлім жазасынан бас тарту, бір жыныстылардың отбасы құруына  заң негізінде жол беру, тіпті химялық жолмен жасалған есірткіні ашық пайдалануға рұқсат ету, сотталғандардың құқығын қорғайтын, оларды ұстауда жайлы жағдайлар жасайтын ереже-шарттар енгізу – осылардың бәрі қылмыс пен азғындықты азайтпайтын, керісінше өршітетін нәрселер екені бес жастағы балаға да түсінікті.

Ал енді осының нәтижесін Батыс елдері қалай тартып жатыр? АҚШ-тағы ондаған адамдарды жайратып, қырып салатын атқыштардың көбеюі, жас балаларды зорлайтын педофилдіктің  жаппай белең алуы, гомосексуалдардың шектен тыс көбейіп, өздерін үшінші жыныс өкіліміз дейтіндердің шығуы, адамды қойып, хайуандармен шағылысатындардың етек алуы – осылардың бәрі заңдағы ізгілендірудің жемісі десек, асыра айтқандық болмас.

Заңдарын ізгілендіріп, қылмыс пен азғындықтың барынша белең алуына жағдай жасаған Батыс демократиясы қазір өте қолайсыз жағдайда қалып отыр. Батыс елдеріндегі ақ нәсілді жергілікті ұлт өкілдері жылдан жылға азайып, Африка мен Азиядан барғандар осы елдерді басуда. Енді 40-50 жылдан соң таза француздар мен ағылшын, неміс дегендер мүлдем жойылатын түрі бар. Оларыдң орнын афро-азиялық азаматтар баспақ. Міне, Батыстық демократия мен ізгілендірудің бұл елдерге әкелген «игілігі» осындай.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика