2 621 көрілім

байлануҚұранда Алланың алдымен Адам атаны, яғни ер адамды жаратқаны, содан кейін ол ұйықтап жатқанда қабырғасынан әйелді жаратқаны жайындағы аяттар бар. Әйел мен еркек деп бүтін адамды екіге бөлудің қанша қажеттігі болды және еркек пен әйелдің физиологиялық, психологиялық қандай айырмашылықтары бар? Бұл сауалдарға толымды жауап алу арқылы біз өмірімізде кездесетін көптеген қиындықтар мен түсінбеушіліктерден аулақ боламыз.

Еркек пен әйел тең бе?

Бүгінгі материалистік ғылым әйел мен еркектің физиологиялық жағынан біраз айырмашылықтары барлығын мойындағанмен, қазіргі материалистік қоғам ер мен әйелді заң жүзінде тең деп жариялаған. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ер адамдардың үстемдігі туралы түсінікті қысқа мерзім ішінде жойып жіберу мүмкін болмағандықтан, қазір әйел теңдігін жүзеге асыратын гендерлік саясат деген барлық елдерде қолданылады.

Бүгінгі қоғамда еркектер істейтін шаруаны әйелдер де жасайды. Әйелдер саясатпен, бизнеспен айналысып, қоғам өміріне белсене араласады. Тіпті, соңғы кезде әйелдер еркектерге тән ауыр атлетика, бокс, шығыс жекпе-жегі сияқты қара күшті қажет ететін спорт түрлерімен де жаппай айналыса бастады. Яғни, қазіргі қоғамда әйел мен еркектің теңдігі нақты іс жүзінде жүзеге асып отыр деп айтуға болады.

Ал енді дәстүрлі діндердің бәрінде ер адамның әйелден жоғары тұратындығы, әйел бала тауып, ана болып, үй іші тірлігін атқаруы тиістігі нақтыланған. Құранда Алла ер адамның дәрежесін әйелден жоғары етіп жаратты деген аят бар. Барлық дәстүрлі діндерді ресми дәрежеде ұстанатын елдерде әйелдер отбасының ұйтқысы болып саналып, үй іші тірлігімен ғана айналысады.

Әйелдердің теңдігі әйелдерге не берді?

Отбасы, ошақ қасынан шығып, қоғамдық өмірге араласу әйелдерге не берді? Соңғы жүз жылдықтағы жағдайға назар аударып қарасақ, әйелдердің еркектермен теңдігі керісінше, оларға теңсіздік қана емес, зорлық-зомбылық, басқа да көптеген қиындықтар әкелгенін бағамдаймыз.
Физиологиялық жағынан әлсіз жаратылған әйелдер еркек адам атқаратын ауыр жұмыстарды жасайтын болды. Бұл олардың денсаулығына, өміріне үлкен залалын тигізіп жатыр. Қоғамдық өмірге белсене араласу әйелдерді нәзік жанды әйел, ана бейнесіндегі табиғатынан аулақтата бастағаны байқалады.

Мәселен, аң мен құс, хайуандардың өзінде ұрғашыларының өз төлдеріне деген сүйіспеншілігі табиғи жағдай болып саналады. Ал бүгінгі әйелдер өздері дүниеге әкелген баладан оп-оңай безеді, тіпті өз қолдарымен өлтіретін жайлары да жиі кездесіп жатады. Әйелдердің арасында арақ ішіп, темекі тарту, зинақорлық белең алып барады. Жыл өткен сайын әйелдер арасындағы қылмыс деңгейі өсе түсуде. Бір сөзбен айтқанда, әйелдер ана, жар болу сияқты өздерінің табиғатынан аулақтап, азғындықтың құрдымына құлап барады. Әйелдердің теңдігінің әкелген «жемісі» осы.

Бес саусақ бірдей емес

Адамның қолындағы саусақтары бірдей емес, біреуі ұзын, біреуі қысқа. Егер біз саусақтарымызды бірдей етіп теңестіреміз деп кесіп тастасақ, онда мүгедек болып қаламыз. Сол сияқты Алла еркек пен әйелді екі түрлі етіп жаратқан және дәрежелерін де әртүрлі еткен. Ендешен Алланың жаратылысына қарсы шығып, қолдан теңестіру арқылы біз әйел мен еркекті теңестіре алмаймыз. Бұны өмір анық көсретіп отыр.

Ведалық ілімде әйел мен еркек оң және теріс зарияд сияқты деп түсіндіріледі. Еркектердің сол жақ жарты шардағы миы, ал әйелдердің оң жақ жарты шардағы миы жұмыс істейді екен. Еркектердің оң жақ жарты денесі, әйелдердің сол жақ жарты денесі күшті болып табылады.

Әйелдерде эмоция басым, еркектерде керісінше интелекуалдық қуат күшті. Әйелдер кез келген істі сезімге сүйеніп жасаса, ер адамдар ақылмен жасауға талпынады. Еркектердің тағы бір ерекшелігі – бір шаруаны жасағанда зерде (разум) ажыратылып, сол шаруаға ол толайым беріліп кетеді. Ал әйелдерде қандай шаруа жасаса да, табиғи ахуал саналатын эмоция ажырамайды. Сондықтан әйелдер кез-келген істе сезімге бой алдырып, тіпті өзіне залал келтіретін шаруаларды да жасап жатады. Яғни, салқынқанды ақылмен іс жасай алмайды.

Әйел мен еркектің осындай физиологиялық және психикалық ерекшеліктеріне орай Алла олардың өмірдегі орындарын да соған сәйкестендіріп белгілеген сияқты. Ақылмен іс жасауға қабілетті еркектер отбасында да, қоғамда да басшылық рөлді атқарса, әйел олардың қорғауында болып, бала тауып, үй шаруасын жасап, үй ішінің ұйтқысы болмақ.

Қазір өкінішке орай, бұл табиғи заңдылық бұзылды да, содан әйелдердің өздері үлкен залал тартуда. Олар өздерінің табиғатынан аулақтап, соның салдарынан әйелге тән қуаныш пен бақыттан қол үзе бастағаны байқалады.

Әйелдің табиғаты ана, жар болу

Ертеректе «Служебный роман» деген фильм болды. Оның басты кейіпкері лауазымды басшы қызмет атқаратын күйеуге тимеген әйел томаға тұйық және өзін қатал ұстайтын салқынқанды тірлік кешеді. Бір қарағанда үлкен қызмет атқаратын, материалдық жағынан қамтамасыз етілген «бақытты» әйел ссияқты сезілгенмен, іштей ол қатты қиындық көріп жүргенін ер адаммен кездесуінде ашық мойындайды. Оның мінез-құлқы еркекпен кездескеннен кейін күрт өзгереді. Ол әйелге тән нәзіктік пен әлсіздікті сезінеді.

Ведалық ілімде әйел барлық жағдайда ер адамның қорғауында болуы керектігі айтылады. Жас кезінде қыз баланы әкесі тәрбиелейді. Тұрмысқа шыққан соң күйеуінің қамқорлығында, ал күйеуі қайтыс болған соң ер балаларының бірінің қамқорлығында болады. Табиғатынан әлсіз, нәзік әйел әрдайым ер адамның қорғауында, қамқорлығында болғанда ғана көктемде бүршік жаратын гүл сияқты өзінің табиғатына сай барлық қасиеттері ашылып, қуаныш пен бақытты сезіне алмақ.

Қазір ер адамның қамқорлығынан сырт қалған әйелдер табиғаттарына қайшы келетін істермен айналысып, содан бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет тартуда. Бүгінде суйцид (өзін өзі өлтіру) жас қыздар мен әйелдер арасында өте көбейіп кеткен. Әйелдердің маскүнемдікке салынуы да белең алып барады. Өздерін қоғамақ болып қыз балалардың табиғатына жат шығыс жекпе-жегі, бокс сияқты тәнге салмақ түсіретін ауыр спорт түрлерімен айналысуы жиі кездеседі. Ондай қыздар әдетте тәні де, жан дүниесі де дөрекіленіп кетеді.

Табиғатынан аулақтаған әйелдер адал жар, сүйікті ана болу арқылы алатын мол қуаныш пен бақыттан құралақан қалады. Мұның қандай салдары барлығын соңғы кезде Қазақстандағы әйел мен еркектердің ажырасуышылық деңгейінің 60 пайыздан асқан жағдайы анық көрсетеді. Мәселен, ведалық өркениетті саналарына сіңірген Индияда ажырасу көрсеткіші 2 пайыздай ғана екен. Батыс елдерінде ол 80 пайыздан асады. Ресейді 68 пайыз болып отыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика