103 көрілім

Бүгінгі материалистік ғылым түсіндіретін әлем құрылысы туралы ғылыми гипотеза уақыт өткен сайын сол ғалымдардың өз тарапынан түрлі сындарға ұшырауда. Кванттық физика мен молекурлы биологияның дамуы әлем құрылысы жөніндегі ғылыми түсінікті теріске шығаратын жаңалықтарды үнемі алдымызға тартуда. Бұның өзі қазіргі ғылыми түсінікке қайта қарап, көзқарасымызды өзгерту қажеттігін көрсетеді.

Жер жұмыртқа формалы және біз ойлағаннан әлдеқайда үлкен

Соңғы кезде өз түсініктері бар және замандастарынан әлдеқайда озып кеткен индиго аталатын сәбилер қатары көбейіп келеді. Олардың бүгінгі ғылымға қайшы келетін түсініктері санасы қасаңданған жандар үшін ақылға сыйымсыз болып көрінгенмен, заман ағымын түсінетін озық ойлы жандар оны дұрыс қабылдайды.

Осындай өзгеше ойлайтын жастардың бірі ресейлік Лариса Гуляеваның ютубтегі видеоблогынан әлем құрылымы туралы көптеген видеосабақтар табуға болады. Енді соларға назар аударып, өзімізше талдап көрелік.

-Адамдар қазіргі ғылым айтып жүргендей жердің үстінде емес, оның ішкі қабатында өмір сүреді, -дейді Лариса Гуляева. Оның пайымынша, жер шар тәрізді емес, жұмыртқа формалы және біз ойлағаннан әлдеқайда үлкен. Жұмыртқа кейіпті жердің сырты қабатын тас қоршау мен су алып тұр. Адамдар сол жердің ішкі қабатында өмір сүреді. Бұнда адамдардан бөлек, басқа да көптеген саналы тіршілік иелері бар.

Құранда Алла көкті жұлдыздармен өрнектегені туралы аят бар. Қазіргі ғылыми түсінік бойынша жұлдыз дегеніміз – бұл күн сияқты алып отты шарлар. Олар көкте қалқып жүреді. Ал Құран сөзінен ұғарымыз, жұлдыз деген – бұл жаңа жылдық шыршаның жарқырауық шамдары сияқты көкті өрнектеген шамшырақтар.

Үшінші көзі ашылған, яғни адамдар көре бермейтін нәрселерді көріп, сезінетін қабілеті бар Гуляева жұлдыздардың біразы жұмыртқа кейіпті сыртқы тас қоршауға жапсырылған, енді біреулері еркін қалқып тұратын шамшырақтар. Осыған қарап, Құран аятымен үндестігіне еріксіз қайран қаласың.

Адамдар ұйқыда

Пайғамбарымыздың күйеу баласы және ең жақын серіктерінің бірі – Әзірет Әлінің айтқан «адамдар ұйқыда, олар өлгенде оянады» деген сөзінің ақиқаттығын Лариса Гуляеваның көзқарасы растайды. Енді ресейлік видеоблогердің пайымына назар аударып көрелік.

Іші қуыс, сырты сумен және таспен қоршалған жердің ортасында алтын жұмыртқа кейпіндегі барша тіршілікті қуатпен қамтамасыз етіп тұрған генератор бар дейді ол. Ол генератордан келген қуат тіршілік иелеріне кедергісіз берілмейді. Жолда қоршаулар, кедергілер бар. Солардан өткен қуаттың қалдығы ғана жетеді екен бізге.

Және бір қызығы  Л.Гуляева ақыл-ойын шоғырлау жаттығулары кезінде алтын жұмыртқаның маңында орналасқан үлкен лабороторияны көретіндігін айтады. Онда сұйық толтырылған капсульдерде жатқан адамдарды көргендігін, капсульдерге трубкалар арқылы жалғасып, қуат көзімен қосылған құрылғыларға қызмет ететін ақ халат киген ұзын бойлы тіршілік иелері бар дейді ол.

Барша адамдардың тәндері осы лабороторияда сақталады екен. Ал жер бетіндегі өмір – бұл лабороториядағы капсульде ұйқыда жатқан пенделердің көрген түсі іспетті. Яғни, өмір дегеніміздің өз түс болса керек. Лариса Гуляеваның осы көзқарасымен Әзірет Әлінің сөзінің үндестігіне назар аударыңыз. Таңғаларлық емес пе.

Әлемнің құрылысы мен адам өмірі туралы блогымызда алдағы уақытта толығырақ баяндайтын боламыз. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика