2 258 көрілім

3Қазақта «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Ел арасында алып-қашты әңгіме шығып, бір мәселе жайында айтылды екен, оның астарында әлдебір шындықтың жататыны анық. Мемлекеттерден жоғары тұрған, барша әлемді билеп отырған алпауыттардың ат төбеліндей тобы бар екен, олардың мақсаты барша адамзатты мәңгүртке айналдырып, не айтса да бас шұлғып көнетін құлақкесті құл ету көрінеді деген әңгіме әредік айтылып қалады.

Президенттер олардың қолындағы қуыршақ қана

Ютубтен Авраам Руссо деген американдық кәсіпкер режиссердің  әлемді билеп отырған алпауыттар туралы түсірілген бейнефильмін көрдім. Руссо бизнеспен айнпалысып, біраз елді аралайды. Әрнәрсеге көңіл бөліп жүретін зерек жан ақылға сиымсыз заңдар шығарып, оларды өз мақсатына пайдаланып жатқан белгісіз билеушілердің барлығын әркез сезініп жүреді. Содан күндердің күнінде ол американдық алпауыт Рокфеллердің баласымен танысып, ақырсында дос-жар болудың сәті түседі.

Міне, осыдан кейін оған мемлекеттерден жоғары тұрған алпауыттардан тұратын билік құрылымының есігі ашылады. Бірнеше ондаған алпауыттардан құралған билеуші топтың басында екі атақты әулет тұр екен. Олар: Рокфеллерлер әулеті мен Родшильдтер әулеті. Олар миллирдерлер емес, шындығында триллионерлер деседі. Барша әлемнің байлығын уысында ұстаған осы екі отбасы әлемдегі барлық саяси жағдайларға да ықпал етіп отырады.

АҚШ-тағы лаңкестік алпауыттардың ойыны

Руссо 2000-жылдардың абсында Рокфеллердің баласынан мынадай әңгіме естиді. «Бүгін басқосуда Иракқа, Ауғанстанға шабуыл жасау жоспары талқыланды» -дейді алпауыттың ұлы. Ол үшін АҚШ-тың бірнеше басты қаласында лаңкестік болады. Осыны сылтау еткен америка үкіметі Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасайды.  Соғыстың арқасында Ирактың мұнайы және Ауғанстан арқылы келетін есірткі жолы бақылауға алынады. Соның арқасында алпауыттардың қалтасына миллиардтар құйылады.

Рокфеллердің ұлының бұл сөзіне Руссо онша мән бермейді. Дегенмен, 2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та болған лаңкестік, онан кейінгі Ауғанстанға, сосын Иракқа шабуылдың басталуы алпауыттың баласының сөзінің растығын дәлелдеп береді. Руссоның айтуынша, әлемдік қаржы дағдарыстары, әржерде орын алып жатқан соғыс ошақтары мен лаңкестіктер – бәрі алпауыттардың қолдан ұйымдастырған спектакільдерінен басқа ештеңе емес.

Алпауыттардың көздеген не?

АҚШ мемлекеті алпауыттардың қолындағы бағынбағандарды жазалайтын қолшоқпар ғана дейді Руссо. Алпауыттардың ендігі мақсаты Еуроодақ, онан кейін Америка құрлығының, океания мен Еуроазия елдерінің үлкен  қауымдастықтарын құру арқылы, билікті барынша орталықтандыру. Мұндай қауымдастықтар мемлекеттік билікті біртіндеп шектеп, мемлекеттен жоғары тұрған қауымдастық құрылымды нығайтады. Сөйтіп, онан әрі әлемдік үкімет деп аталатын барша әлемге билік жүргізетін құрылым құрылмақ. Сөйтіп, алпауыттар жер шарын түгел уыстарына түсіріп, адамдарды құлдыққа салатын болады. Түпкі мақсат – осы.

Қазір алпауыттардың мақсаты ақырындап жүзеге асып келе жатқанын көріп, куәсі болып отырмыз. БҰҰ, ЮНЕСКО, Еуроодақ сияқты халықаралық құрылымдардың өкілеттігі артып, ортақ мақсатқа бағынбағандар жазалануда. Мәселен, доллар билігіне қарсы болған Ливияның билеушісі Муаммар Каддафи өз халқының қолынан қаза тапты. Араб елдеріндегі төңкерістер мұнайлы бай елдерді әлсіретіп, Батыстың ықпалына түсіруде. Ал, өздері сияқты мұсылмандардың қанын суша ағызып жатқан ДАИШ деген қолдан құрылған қуыршақтар да алпауыттардың қолындағы құрал қызметін атқарып жатыр.

Бұрынғы ТМД елдерінің аумағына да штрих код деген алпауыттардың енгізген құлдыққа салу бағдарламасы тереңдеп еніп барады. Төлқұжатқа біздің барлық ақпараттарымыз байланған. Ол дами келе адамның барлық мәліметтері, тіпті тапқан табыстары мен ақшасы да оймақтай чип деп аталатын кодқа енгізілмек. АҚШ пен Батыс елдерінде қазірдің өзінде жаңа туған сәбилердің тәніне чип жапсырылып тігілуде. Сол чип арқылы билік адамды тәулігіне 24 сағат бақылауда ұстайды.

Болашақта чипке адам туралы барлық мәліметтер мен оның тапқан табысы түгел енгізілмек. Егер сіз билікке қарсы шығар болсаңыз, еш себепсіз чипке тосқауыл қояды. Содан кейін-ақ сіз өмір сүруге қажетті барлық игііліктерден, ақшадан, коммуналдық қызметтен, т.б. қағыласыз. Оның ақыры ел ішінде отырып аштан өлуге ұшыратуы мүмкін. Өлгіңіз келмесе, онда биліктің құлақ кесті ҚҰЛЫНА АЙНАЛЫУЫҢЫЗ ШАРТ.

Міне, адамзаттың  «жарқын» болашағы осындай болып тұр. Күн өткен сайын құрығы тамағымыздан қысып бара жатса да, адамдардың көбі алпауыттар туралы ештеңе білмейді. Руссо және басқа бірлі-жарым білетіндердің сөзіне қарапайым жұрттың көбі онша сене қоймайды. Ал ат төбеліндей аз алпауыттар әзірге бәрін құпия ұстап, жымысқы зұлым мақсаттарын ақырындап жүзеге асыруда.

Әлемдік құпия үкімет: видео:

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика