1 300 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Бір кезде Ресей президенті болған Елциннің қауіпсіздік қызметін басқарған генерал Ратников дегеннің сұхбаты интернетте жарияланды. Генералдың айтуынша, шет елдік саясаткерлердің, оның ішінде барша әлемге үстемдік етуге ұмтылушы АҚШ басшыларының ой-ниеттерін білу үшін Ресей басшылығы гипнозшы мамандардың қызметіне иек артқан.

Арнайы офицерлерден құралған топ шалғайдан гипноздау арқылы АҚШ-тың сол тұстағы президенті Буштың ой-ниетін анықтайды. Буштың пікірінше, барлық мемлекет басшыларының үстінен қарайтын трансұлттық корпорация деген бар және барлық билікті солар жүргізеді. Олардың мақсаты әлемдік бірыңғай тәртіп дегенді жүзеге асыру. Осы бағдарлама бойынша барлық билік ат төбеліндей аз топтың қолына шоғарланып, әлем елдері түгел құлдыққа түспек. Бұл сөзді жәй біреу айтса, өсек болар дер едік, дегенмен Ресей президентінің қауіпсіздік қызметінің басшысы, білдей генералдың аузынан шыққан сөз еріксіз ойландырады.

Билік кімнің қолында?

Бір қарағанда қолында шексіз билігі бар АҚШ президентін тағайындап, оған әмірін жүргізетін мемлекеттің үстінен қарайтын топ бар дегенге сену қиын. Дегенмен, «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, 300-дің комитеті, масон тағы деген сияқты мемлекеттік биліктің үстінен қарайтын алпауыттар тобы бар екендігі жайлы алып-қашты әңгімелердің көптеп шығуы тектен тек болмаса керек. Яғни, мемлекеттік биліктің сыртында тұрған алпауыт күштер бар.

АҚШ президенті Джон Кеннедидің өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалды. Шындығында ол мемлекеттен тыс тұрған алпауыттардың үстемдігіне қарсы шығып, соған орай ажал құшқан деседі. Қалай болғанда да, бүгінгі ғылым мен техника шарықтап дамыған заманда адамдардың басым көпшілігінің қайыршылықта өмір сүруі, жыл санап белең алып бара жатқан қылмыс пен арсыздықтар, адамзаттың азғындауы, маскүнемдік пен нашақорлықтың етек алуы, т.б. жайлар – әлемдік биліктің барлығын және олардың адамзатты үнемі қайыршылық пен қорқынышта, яғни тәуелділікте ұстауға мүдделі екендігін көрсетеді.

2008-2010 жылдары болған әлемдік қыржы дағдарысы кезінде әлем ғалымдары бас қосып, дағдарыстан қалай құтылуға болады деген мәселені талқылады. Экономиканың сүйегін шағып, майын ішкен ғалымдар дағдарысты жою үшін бағаны басқару қажет дегенді айтты. Ал бағаны басқару үшін әлем елдері өзара келісіп, экономикасын бірлесе жүргізуі қажет. Яғни, нарықтан жоспарлы экономикаға ауысуы шарт.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Осындай жағдайда дағдарыс деген түбегейлі жойылып, барша адам баласы молшылық пен тұрақтылыққа қол жеткізбек. Бірақ, экономист ғалымдардың бұл пікірі сөз жүзінде қалды. Саясаткерлер өз дегендерімен жүріп, қазір әлемге тағы да қаржы дағдарысы бұлты төніп келеді. Мұның астарында белгісіз күштің адамзаттың бірігіп, қаржы  дағдарысын жоюына, бейбіт және молшылықта өмір сүруіне қарсы ниеті жатқан сияқты.

Трансұлттық корпорацияның көздегені не?

АҚШ-тан бастап, барша әлем елдері басшыларын тағайындап, ұнамаса тағынан оп-оңай тайдыра алатын, бар биліктің тізгінін ұстаған трансұлттық корпорациясы өкілдерінің көздеген ниетін қазіргі даму барысынан анық бағамдауға болатындай. Алпауыттар өздеріне ұнамаған, яғни, биліктеріне қарсы келгендерден құтылу үшін небір  қулық-сұмдықтарға баратын сыңайлы.

Ирак президенті Саддам Хусейнді химиялық қару қолданды деп айыптап, дарға асып өлтірді, ал Иранға санкция жариялап, араб елдерінде қарулы төңкерістер ұйымдастырды. Украйнаны аласапыран етіп, Ресейге қарсы Батыс елдерін айдап салып отыр. Мұның бәрінің астарында «бөліп ал да, билей бер» деген пасық саясаттың жатқаны анық.

Кезінде Гитлер бастаған ұлтшыл социалистердің жаулап алған елдің халықтарын оқудан айырып, үнемі ойсыз музыкалар тыңдатып, қара жұмысқа жегіп, топас көрсоқыр құлға айналдыруды көздеген арнайы жоспарлары болғандығы белгілі. Қазіргі трансұлттық корпорация дегеннің де сондай әлем халықтарына арналған жобалары бар сияқты.

Батыс елдерінде белең алған шектен тыс азғындықтың бәрі жоспарлы және мақсатты түрде жасалып жатыр. Еркек пен еркектің жақындасуын, үйленіп отбасы құруын, ол аз десеңіз құрсақ ана жалдап, бала тапқызып, соны асырап өсіруін заңдастырған заңдар бар. Жезөкшелік заңдастырылып, соны кәсіп етіп нәпақасын табатын әйелдер саны көбейген. Еркектер мен әйелдердің тырдай жалаңаш шешініп, бірге шомылатын моншалары, жағажайлары заңдастырылып, жұмыс жасайды. Енді бірқатар елдер адамның есінен айыратын химиялық жолмен жасалған есірткіні сатуды да заңдастырып алды.

Ой таразысына салып қарасаң, адамзатты арсыздықтың тұңғиығына құлататын жамандықтардың бәрі жоспарлы түрде жасалып, барша әлемге таратылып жатқанын бағамдайсың. Одан қалды қылмыс, зорлық-зомбылық, бұрын атын да, затын да естімеген ондаған, тіпті жүздеген адамды өлтіретін маньяк, жас балаларға ауыз салатын педофил дегендердің жер-жерден қаптап бой көрсетуі – осының бәрі адамдарды аздырып, үнемі қорқыныш пен үрейде ұстауға, олардың ақыл-санасын ластандырып, топастандыруға бағытталған жоспарлы жұмыстардың жемісі екендігін аңғаруға болады.

 

 

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика