2 399 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Әулие қазақ сөзі емес, ол арабтың «уәли», яғни Алланың досы деген сөзінен бастау алады. Әулиелік ислам дініндегі сопылық ағыммен қатар дамыған сияқты. Олай дейтініміз, сопылықты ұстанып, ақиқатты іздеген ғалымдар Алланың шапағатымен түрлі керемет қасиеттерге ие болған. Әулиелердің кереметтері жайлы ел арасында айтылып жүрген әңгімелер өте көп.
Қазақ елінде ислам дінінің таралуымен бірге әулилер көптеп шықты. Солардың арасында ең беделдісі және белгілісі Қожа Ахмед Яссауи. Пайғамбарымыздың өзі болашақта келетін ислам дінінің беделін көтеруге сүбелі үлесін қосатын оған арнап құрма қалдырып кеткендігі туралы Қожа Ахмед Яссауи өзінің хикметтерінде ашық жазады.

Әулиелік қасиетті қалай тануға болады?

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі жылдарда әр ру өз бабаларын көтеріп, әулие атап, бастарына биік мазар орнату бәсекеге айналды. Осыған орай, жер-жерде бұрын атын да, затын да естімеген әулилер көбейді. Қазір жұмысына тиым салынған Атажол деген ағым сондай қаптаған әулиелерді бизнес көзіне айналдырып, халықты алдап теріс жолға салды.

Жоғарыда айтқанымыздай, әулие бұл аспаннан беріле салатын керемет қасиет емес, сопылық ағыммен байланысты туған осы жолға түскен шәкірттің көп жылғы іздесінісінің жемісі. Әулиелік мақамдар, яғни аялдамалар шәкірттің ұзақ жылдар бойы Алланы іздеу жолында қол жеткен жетістіктерінің көсреткіші іспетті.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Пірге қол тапсырып, сопылық жолға түскен шәкірт күн сайын 4-6 сағат үзбей Алланың есімін зікір ететін болған. Бұл басқа діндерде медитация, яғни ақыл-ойды бір нысанға шоғырлау болып табылады. Бар дүниені ұмытып, ақыл-ойын зікірге шоғырлаған шәкірт ақырындап сезім мүшелерін түгелдей ойын шоғырлаған нысанға бағыттауды меңгереді. Медитация тереңдеген сайын, ол рухани биікке көтеріліп, түрлі мақамдарға қол жеткізеді.

Шәкірттің қол жеткен мақамдарының дәрежесіне орай, оның бойында түрлі керемет қасиеттер пайда болмақ. Осылайша әулиелік қасиет өздігінен келе салмайтын, ұстаздың көмегімен шәкірттің ұзақ жылғы Алланы іздеу жолындағы еңбегінің жемісі болып саналады.

Қазіргі әулиеміз деп жүргендер кімдер?

Бүгінгі күні де өздерін көктен керемет қасиет дарытқан әулиеміз, тіпті пайғамбармыз деп жүргендер кездеседі. Өзін ақыреттің пайғамбарымын деп атаған бір қазақтың жазған пышақтың қырындай кішкентай кітабын көрдім. Бастан аяқ ақылға сиымсыз әлденелерді айтқан қойыртпақ екен.

Өткен жылы Астана маңындағы Қосшы ауылында тұратын бір қазақ Көкшетауда облыстық газеттің редакциясына келді. Өзінің айтуынша, түсінде Алланы (Алла сақтасын) көріпті-міс. Алла дегеніміз денесі жоқ алып бас көрінеді. Әлгі бас оған «жұрт мені ұмытты,оларға Аллаға қайтыңдар деп айт» деп тапсырма беріпті. Әлгі кісі осылайша «Алланың» тапсырмасын орындап, жер-жерді аралап, халықты Жаратқанға қайтуға уағыздап жүрген сыңайлы.

Әулиеміз деп жүргендер алдаушылар.

Өздерін әулеміз, көріпкелміз деп жүргендердің бәрі жын-сайтанның ізіне ерген алдаушылар. Бұлай деп кесіп айтуымызға себеп болар жай: 1)әулиелер бес уақыт намазын қаза жібермейтін, ораза ұстап, бес парызын орындауға берілген таза тақуа адамдар, 2) олар дүние қызығына алданбайды, яғни мансапқа, атаққа, байлыққа қызықпайды, 3) әулиелер нәпсісін қатаң тиып ұстайды, Алладан басқаға назар аудармайды, 4) әулиелер ешқашан «мен әулиемін, бойымда керемет қасиет бар» деп жарияға жар салмайды.

Міне, осындай қасиет бойларынан табылмаған адамды «әулие емес, сайтанның тіліне ерген алдаушы» деп нық сеніммен айтуымызға болады.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика