986 көрілім

өлімКез келген адам өледі, ажал ерте ме, кеш пе міндетті түрде келеді. Қызығы сол, осындай өте қарапайым ақиқатты адамдардың 99 пайызы өле өлгенше түсінбей кетеді. Ондайлар әдетте өздерін ешқашан өлмейтіндей сезініп, өлім туралы, ажалдан кейін не болады деген сауал жайында ЕШҚАШАН ОЙЛАМАЙДЫ. Бұл өте таңғаларлық нәрсе.

Адам мәңгі тіршілік иесі

Сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, сенесіз бе, сенбейсіз бе – оған қарамастан адам МӘҢГІ ТІРШІЛІК ИЕСІ. Иә, сіз тіпті, өлгіңіз келсе де, ешқашан өле алмайсыз. Өйткені, сіз ауырып, қартайып және өлетін тән емес, МӘҢГІ ЖАНСЫЗ. Яғни, рухсыз. Мен сізге бұны Құранның немесе хадистерің әржерінен естіген, оқығандарын жаттап алғандай судыратып айта салатын молла-имамдар сияқты емес, қарапайым сөзбен түсіндіріп бере аламын.

Сіз өзіңізге «мен кіммін?» деп осы өміріңіздің ішінде тым болмаса бір рет сауал қойып, соған жауап іздеп ойланып көрдіңіз бе? Мен мынаны нық сеніммен айта аламын: адамдардың 99 пайызы ешқашан өзіне мұндай сауал қойып, бас ауыртпайды. Олар ішіп-жейді, ойнап-күледі, отбасы құрады, балалы-шағалы болады, жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады… Міне, өмір деген олар үшін осы. Одан басқаны ойлап бас ауыртпайды.

Енді мынаған қараңыз: сіздің өлген адамды көргеніңіз бар ма? Мен бірнеше рет көрдім. Сонда байқағаным, өлген адамның жүзінен нұр кетіп, еш құнсыз зат сияқтанып қалады. Мединиституттың студенттері тәжірибе жасайтын өлген адамның  мәйітханадан алған мүрдесінің суретін көрдім. Кәдімгі боршаланған МАЛДАН ЕШ АЙЫРМАСЫ ЖОҚ. Өлген соң адам ба, мал ма – бәрібір. Онда еш құн қалмайды.

Ал енді сіз өзіңізге мынадай сауал қойып көріңізші: сіз өзіңізді ет пен сүйектен, нәжіс пен зәрден, шырыштан, қаннан тұратын дене деп санайсыз ба, әлде ақыл, ой, сезім, зерде және рух түріндегі жанмын деп ойлайсыз ба? Егер алғашқысымын деп санасаңыз, онда СІЗДІҢ ХАЙУАННАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ БОЛМАҒАНЫ. Иә, сіз ХАЙУАНСЫЗ. Өйткені, хайуандар өздерін тәнбіз деп санайды. Олар ішіп-жеу, ұйықтау, шағылысу және қорғану үшін өмір сүреді.

Ал егер сіз өзіңізді сезімнен, ақыл-ойдан, сана мен зердеден және рухтан тұратын жанмын деп санасаңыз, онда жан мен тәннің айырмасын ұғынуыңыз қажет. Тән  деген жоғарыда айтқанымыздай ет пен сүйектен, қаннан және басқалардан тұрады. Ол ауырады, қартаяды және өледі. Ал, ақыл-ой, сана, зерде, рух ауыра ма, қартая ма, өле ме? ЖОҚ.

Осындай қарапайым ақиқатты түсінген адам ешқашан ӨЛІМНЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ. Өйткені, жанды құрайтын сезім, ақыл, сана, зерде және рух ешқашан ӨЛМЕЙДІ. Оның табиғаты мәңгілік. Яғни, сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, сенсеңіз де, сенбесеңіз де сіздің САНАҢЫЗ, АҚЫЛЫҢЫЗ, ЗЕРДЕҢІЗ және РУХЫҢЫЗ МӘҢГІ ЖАСАЙДЫ.

Ұлы Абайдың мына өлең жолдары адам жанының мәңгілік екендігін айғақтайды: Дене менен жан – анау, көңіл – мынау. Ең түбінде өзің – кім, сенікі – кім. Денесі неше миллион құбылса да, Оның жаны баяғы – ескі жаны. Сезімнің зорайып, азаймағы – Қандай түрде болғаннан оның тәні. Қайда барса ол «өзін» «өзім» дейді, «Өзім» деп денесі емес жанды айтқаны. Сол жаннан тіпті «өзімдік» жоғалмайды, Есеп емес сан өліп, сан қайтқаны.

Өзіңіздің қартайып, өліп, ақырсында іріп-шіріп жоғалатын тән емес, мәңгі жан екеніңізді түйсіну ажалдан қорқудан аулақ етіп, өткінші тәни қызықтарды қумай, мәңгілік игілік әкелетін сауапты, иманды істер атқаруға құлшындырады. Ондай көзқарастағы адам ЕКІ ДҮНИЕНІҢ ДЕ ИГІЛІГІНЕ КЕНЕЛЕДІ. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика