139 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

3-ші мың жылдық, 21-ші ғасыр адамзат баласының алдынан жаңа асулар мен өзгеше міндеттер, ғылыми түсініктер, басқаша даму жолдарын ұсынып тұрған сияқты сезіледі. Өйткені, адамзат санасының қазіргі даму барысы осыны анық аңғартып отырғандай. Дүниенің бар құпиясын ашып тастап, адамзатты ұшпаққа шығарады, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қоғам орнатады деген арманның сағымға айналып, көкжиекке сіңіп жоғалғаны қашан.

Адамдарды алжастырып, миллиондаған жандардың қанын су етіп ағызған, адамдардың қаны мен сүйегінің үстіне коммунизм атты қоғам орнатпақ болған, миллиондаған, тіпті, миллиардтаған жандарды Жаратқаннан безіндіріп, атеистік түсінікті саналарына сіңірген, сөйтіп, тәндерін тастап, о дүниеге аттанғанда тамұқтың от азабын тартуларына айқара жол ашқан материалистік түсініктің шыңы – маркстік-лениндік философия күйреп тынды ақыры. Осы идеяға тірек болған әлемнің алтыдан бірін алып жатқан алып империя – Кеңестер Одағы тарих талқысына шыдамай іріп-шіріп шаңырағы ортасына түсіп қирап қалды.

Сонау орта ғасырларда басталған, ақырындап адамдардың саналарына сыналай еніп, дүмшелер бұрмалаған діннен халықты бездірген, сөйтіп үстем қоғамдық санаға айналған материалистік ғылым, материалистік түсінік сол Кеңестер Одағымен, сағымға айналған коммунизм идеясымен бірге келмеске кетті.

Жаңа мыңжылдық, жаңа ғасыр басталды. Адамзат баласы қазір өткен ғасырлардағы заттық ұғымның сырты жылтыр алдамшы сағым елесіне  елікпейді. Өйткені, заттық ұғымның адамды ешқандай да жақсылыққа жеткізе аламйтындығын олар тәжірибе жүзінде көзбен көріп, көкірекпен сезінді. Қанша шарықтап дамығанымен материалистік ғылым адамзатты ұшпаққа жеткізе алмады.

Адам үшін ешқашан жеңе алмайтын ауру мен кәрілік және ажал сияқты қатерлерді былай қойғанда, сонау атам заманнан келе жатқан кедейшілік пен қылмысты, соғыс пен қарақшылықты, әділетсіздік пен парақорлықты және басқа да толып жатқан кесапаттарды тыюға да материалистік ғылымның қауқары жетпеді. Керісінше, ғылым сондай сұмдықтардың барынша өсіп-өркен жаюына ықпалын тигізіп, адамзатты үрей мен қорқынышқа, аштық пен кедейшілікке ұшыратты, ертеңгі күнге, өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдарға деген сенімнен айырып, азапты тірліктің құрдымына құлатуда.

Материалистік ғылым тылсым дүниенің құпияларын толайым ашпақ түгілі, шексіз-шетсіз құпиялардың құрдымына құлап, шыңырауда шырматылып қалды қазір. Бүгінде ғылым сырын түсіндіріп бере алмайтын құпиялар қатары күн санап көбейе түсуде. Өткен ғасырда дүниенің кілтін ұстап тұрғандай өздерін мығым сезінетін ғалымдар қазір кейбір ақылға симайтын тылсымдар жөнінде не айтарларын білмей дал болуда.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Бұрынғы екпіннің ықпалымен кейбір саналары қасаңданған материалист ғалымдар ондай тылсымдар туралы былдырықтап әлденелер айтқан болады. Дегенмен, ондай бәлдір-батпаққа қазір көпшілікті сендіре қою да қиын. Осыны түсінген кейбір көкірек көздері ашық ғалымдар ашықтан-ашық материалистік лагерді тастап шығып, идеядан бастау алатын түсінікке келуде, яғни, Жаратқанның барлығына сенетіндердің қатарына қосылуда.

Ғылми-техникалық прогресс бүгінде шарықтап дамыды. Бірақ, мұның өзі табиғаттың күнделікті алдымызға үздіксіз тартып келе жатқан тылсым құпияларын ашуға еш көмегін тигізе алмай отыр. Материалистік ғалымдар бір құпияны ұзақ жылғы тауқыметпен аштық дей бергенде табиғат олардың алдынан жүздеген-мыңдаған құпияны ұсына қояды. Бұл ғалымдар үшін орыстың жалпақ тілімен айтқанда «мартышкин труд» болып отырған жайы бар.

Ғалымдардың әлі күнге дейін тыртыңдап аша алмай келе жатқан жер бетіндегі әлсін-әлсін көрініп қалып жүретін ұшқыш табақшалар, қар адамы, Лох-Несс құбыжығы сияқты бүгінде қоғамда әртүрлі алып-қашты қарама-қайшы пікірлер туғызып отырған ұсақ-түйек құпиялары олардың шама-шарықтарын анық айқындап берді. Ал, мәңгілік тылсым – адамзатты атам заманнан бері толғандырып келе жатқан құпиялардың құпиясы — өлім жайлы ғылым не айта алады? Ештеңе де. Олардың барша тіршілік иелері үшін ең үлкен тылсым саналатын өлім туралы түсініктері мүлде қарабайыр, тіпті түкке тұрғысыз деуге болады. Материалист ғалымның ұғымынша адам деген түрлі химиялық элементтерден құралған ет пен сүйектен жаратылған тән ғана.

Тән өлген соң ол ыдырап әртүрлі элементтерге айналады. Сонымен бәрі бітеді. Химиялық элементтердің кездейсоқ қосылысынан кездейсоқ жаратылған адам атты екі аяқты пенде тәні өлген соң мәңгі өшіп жоғалады. Олардың құпиялардың құпиясы саналып келген, адамзат баласын атам заманнан толғандырып келе жатқан тылсым құбылыс туралы түсініктерін осылайша екі-ақ ауыз сөзбен түсіндіріп беруге болады. Әншейінде, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы том-том кітаптар жазып, бар уақыттарын соны зерттеуге сарып қылатын ғалымдардың өлім туралы білуге, оны зерттеп-зерделеуге неге соншалық құлықсыз екендігін түсіну қиын.

Бәлкім олар шамасы жетпейтін немесе өздері үшін аса қорқынышты (мәңгі өшіп жоғалу кім-кімге де қорқынышты екені анық) осы тақырып туралы сөз қозғағылары келмейтін болар? Дегенмен, олардың мұнысы қатер төнгенде бастарын құмға тыға қоятын, осылайша қауіптен құтылмақ болатын түйеқұстардың жалған үмітіне ұқсас бірдеңе сияқты көрінеді.

Түгелдей материалистік түсінікке негізделген кеңестік қоғамда өлім туралы ешқандай әңгіме болмағандығы белгілі. Қарама-қайшы түрлі ой-пікірлерге орын берілген шет елдерде өткен ғасырдың өзінде-ақ өлім жайлы діни ғана емес, ғылыми түсініктер де тарала бастағандығын кеңестік идеялық темір шымылдық алынып тасталғаннан кейін біле бастағанбыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика