1 101 көрілім

Сонымен сіз жаңа өмірді бастап, бойыңыздағы ауру-сырқаудан арылып, ағзаларыңыздың дертке қарсы тұру қуатын оятатын бес апталық жаттығуларды жасауға ниет еттіңіз. Онда тәуекел етіп, жаттығуларға кірісіңіз. Біз алғашқы мақаламызда бірінші аптада жасайтын жаттығуды назарларыңызға ұсынған едік.
Жаттығуларды үзбей жасау арқылы ғана нақты нәтижеге жетуге болатынын ұмытпаңыз. Бірінші апта ағзаларыңызды дұрыс қимыл-қозғалысқа бейімдеуге арналған.

Қозғалыс клеткаларымызды тірілтуге бағытталуы тиіс.

Ниши жүйесі бойынша қозғалыс – бұл тек қана дене жаттығуы емес, ол ағзаларымыздағы әрбір клетканы қамтитын ерекше жаттығулар. Қозғалыстың бәрі бірдей ағзаларымызға пайдалы бола бермейді. Мәселен, кәсіби спортшыларда дене қозғалысынан кенделік жоқ. Бірақ олардың арасында түрлі аурулар, тіпті мүгедек болып қалатын жайлар кездеседі.

Мәселен, былғары қолғаптың атақты шебері Мұхаммед Әли паркинсон дертіне шалдыққан. Мұның мәнісі, спортшылардың қозғалысы ішкі ағзаларымыздағы клеткаларды қозғалысқа келтіруге бағытталмаған, яғни ол сыртқы қозғалыс қана. Егер клеткаларда қозғалыс болмаса, ол өледі және түрлі дерттер пайда болады.

Ағаш бір қарғанда қозғалмайтын тіршілік сияқты. Шындығында ағаштың ішкі қабатында үздіксіз қозғалыс тоқтаусыз жүріп жатады. Тірі клетканың өлі клеткадан айырмасы сол, ол үнемі тербелісті қозғалыста болады. Ниши жүйесі адам ағзаларындағы клеткаларды осындай тербелісті қозғалысқа түсіруге бағытталған.

Бірінші кезекте қан түтікшелерін қалыпқа келтіру қажет.

Екінші аптадағы бірінші топтың жаттығулары қан айналымын жақсартуға бағытталған. Аурудан айығу үшін барлық клеткаларды тірілтіп, тербеліске түсіру қажет.
Қан тамырлары әр клеткаға қанды жеткізе алмайды. Бұл қызметті шаштың жіңішкелігінен 50 есе жіңішке қан түткішелері атқарады. Оны қарапайым көзбен көру мүмкін емес. Белсенді қозғалыста болатын қан түтікшелері тез зақымданғыш. Сондай-ақ, қозғалыс аз болған жағдайларда түтікшелердің жұмыс ырғағы бұзылып, оның саны азаяды.

Денсаулықты қалыпқа келтіру үшін ең алдымен қан айналымын дұрыстауымыз қажет. Ниши жүйесінің дәл осы міндетті атқаруға арналған арнайы жаттығулар кешені бұған көмектеседі.

Жаттығу:

Еденге шалқаңыздан жатыңыз. Желкеңізге қатты жастық немесе төсеніш қойған жөн. Содан кейін екі аяғыңыз бен екі қолыңызды жоғары қарай бір мезетте көтеріңіз. Осылай тұрған қалыпта аяқ-қолдарыңызды дірілдетіп сілкіңіз. Бұл арада аяғыңызды тіп-тік ұстау міндет емес.
Жаттығу денеңіздің клеткаларын жандандырып, тербеліске түсіруге ықпалын тигізеді.

Аяққа арналған жаттығу:

Еденге етбетіңізден жатыңыз. Тізеңізді бүгіп, екі балтырыңыңызбен жоғары қарай көтеріңіз. Яғни, табаныңыз төбеге қарап тұруы тиіс. Осылайша жел шайқалтқан сияқты аяқтарыңызды біресе қосып, біресе ажыратып, қозғалысқа түсіріңіз. Жаттығу мерзімі – 1-2 минут.

Орнында тұрып жүгіру:

Тік тұрыңыз, қолыңыз ақырын бүгілсін. Денеңізді босатыңыз. Өкшеңізді кезек еденнен ажыратып, орында тұрып жүгіріңіз. Тізеңіз ақырын бүгіліп, аяқтарыңыз кезек-кезек еденнен жоғары көтеріледі, бірақ денеңіз қозғалыссыз тік қалыпта ұсталады. Бірқалыпты, еркін тыныс алыңыз.

Орнында тұрып жүгіру жаттығуы – 3-5 минут жасалады.
Бұл жаттығуларды жасына қарамай, барлық адамдарға жасауға кеңес беріледі. Нәтиже: тәніңіз түгел ырғақты күйге түсіп, денеңіздің барлық қан түтікшелері тіріледі. Өмір қуаты барлық клеткаларға барады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика