1 263 көрілім

арманМына өмірді текке жаратқан жоқпыз дейді Құран. Егер табиғатқа зер сала қарайтын болсақ, адамның тіршілігіне қажетті өте көп жағдайлардың жасалғандығын аңғарамыз. Ауа температурасының бірқалыптылығы, атмофералық қысым, жарық, адамның қорегі, т.б. толып жатқан тірлік үшін қажеттіліктердің бәрі қалай сақталып тұр?

Біз өмір мектебінің шәкірттеріміз.

Мұның астарында белгісіз күштің адамның тірлігі үшін қажетті барлық жағдайларды жасап қойғанын және оны сақтап отырғанын бағамдаймыз. Егер температура кенет ауытқып, мысалы -1000 градус болса, онда жер бетіндегі тіршілік атаулы әп-сәтте жойылар еді. Осындай тірлікке қажетті жағдайларды жасап, сақтап отырған құдыретті күштің адамзаттан тілейтіні не?

Ежелгі веда ілімі адам өмірін төрт кезеңде алып қарастырады. Брахмачари – бала кезең. Бұл – 15-17 жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Содан кейін – грихастха (17-50 жас аралығы), ванапрастха (50-60 жас) және санняси (60-тан к ейінгі кезең) болып жалғасады.

Міне, осы кезеңдерде адам табиғатына сай әрекеттермен айналысуы қажет. Мәселен, 17 жасқа дейінгі балалық кезеңде ол оқып, білім алады. Бала кезде адам өмір бойы алатын білімінің 90 пайызын игереді екен. Өйткені, бұл оқып, білім алуға қолайлы сәт.

Содан кейінгі грихастха кезеңінде жыныстық жағынан жетіліп, күш-қуаты толысқан адам үйленіп, отбасы құрады. Бұл да табиғаттың өзі белгілеген құбылыс. Жас елуден асқан кезде адамның күш-қуаты қайта бастайды. Міне, осы кезде ол жұмыстан қол үзіп, жүзін Жаратқанға бұра бастамақ.
60 жастан кейін кәрілікке бой алдырған пенденің мына фәни дүниеге деген ынта-ықыласы азайып, енді ол толайым бақи дүниені ойламақ және о дүниеге күнәсінен арылып, тазарып баруға дайындалмақ. Бһагавад Гитада Жаратқан осындай жүйені, яғни төрт кезеңнен тұратын варнашрама дхарма жүйесін Өзі жасағандығы айтылады. Яғни, бұл Алла бекіткен жол.

Мектеп – білім алатын орын.

Мына фәни жалғанға бәріміз өмір атты мектепте оқып, білім алу үшін келсек, онда тірлігіміздің мәні де оқуда болуы тиіс. Өкінішке орай, адамдардың көбі бұлай ойламайды. Олар өмірді қызық көріп, фәни жалғанның рахатын тату деп санайды. Мектепке оқып, білім алу үшін емес, ойнап-күліп, уақыт өткізу үшін баратын шәкірттің білім ала алмайтыны аян.
Сол сияқты адамдардың көбі өмір мектебінде оқып, қажетті білім алудың орнына алтын уақыттарын босқа жұмсап, өнімсіз іспен айналысады.

Белгілі теолог Вьячеслав Рузов 7 жылдан тұратын жеті кезеңге бөлінген өмір мектебі туралы айтады. Бұл мектептен баршамыз өтеміз. 49 жылда аяқталатын сол өмір мектебінен дұрыс оқып, білім алмаған адам 49 жастан асқан соң тапсыра алмаған емтихандарын қайта тапсыратын студент сияқты өмір мектебі емтихандарын қайта тапсыруға мәжбүр болады екен.
Қартайған адамдардың арасында жас кезіндегідей ғашық болу, қиялшылдық, бұрын айналыспаған әлдебір істермен, шығармашылықпен, не ғылыммен айналысуға деген құлшыныс сияқты оғаш әдеттердің көрініс табуы осының белгісі дейді.

Блогымызда өмір мектебі туралы сериалы мақалалар беру жоспарымызда бар. Жаңалықтарды жіберіп алмас үшін «Блогқа жазылу» терезесі арқылы блогқа жазылсаңыз, электронды поштаңызбен күнделікті жаңалықты үзбей алып отырасыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика