129 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Ақыл-есі дұрыс бір де бір адам өз өмірінде түрлі қиындықтар мен ауру-сырқау, жолы болмаушылық, кедейшілік, басқа да тірліктің ауыртпалықтары түрінде келетін қиындықтарды қаламайды. Бірақ соған қарамастан, өмір жолымызда түрлі қиындықтар мен кедергілер үнемі алдымыздан шығып, тауқымет тарттырып отырады. Дегенмен, қиындықтар мен кедергілерден аулақ, өмір жолдары тақтайдай тегіс жандар да кездеседі. Олар құдайдың сүйікті ұлдары да, қиындықтан көз ашпайтындар Алланың жеккөретін құлдары ма?

Байлық, мансап, атақ-даңқ – игілік емес, рухани дерт

Өмір жолдары тақтайдай тегіс, байлыққа да, мансап пен атақ-даңққа, басқа да қалаған фәни игіліктерге қол жеткізіп, асып-тасқан пенделерге қиындықтан көз ашпайтын жандардың қызыға, бір жағы қызғана қарайтындары рас. Дегенмен, олар өмір жолдарында кедергі болмайтын фәни тұрғыдан алғанда «бақытты» жандардың шын мәнінде Жаратқанның қырына алынып, рухани дертке ұшыраған адамдар екендігін сезіне қоймайды.

Дәрігер көп жағдайда адамның бойындағы науқасты дене температурасы, қан қысымы сияқты белгілеріне қарап анықтап жатады. Сол сияқты қолында мансабы, байлығы бар, атағы аспандаған, өмір жолдары тақтайдай тегіс пенделер – қан қысымы артып, дене температурасы көтерілген ауру секілді.

Енді мынаған назар аударыңыз: байлығы, мансабы бар, атағы аспандаған пенделердің 99 пайызы Алла берген игілікті көтере алмай, мінез-құлқы өзгеріп, асып-тасып кетеді. Сіз биік лауазым иелерінің арасында кішіпейілді болып, қызметтік көлігін пайдаланбай жаяу жүретіндерді, өзінің үй жұмыстарын өздері жасайтындарды кездестірдіңіз бе? Олар шопырларын қолбала сияқты жұмсайды, хатшы қыздары есігінде жүрген күңдері тәрізді.

Ал байлыққа жеткендердің кедей-кепшікті көздеріне ілмей, асып-тасып кететіндерін қай-қайссымыз да көріп жүреміз. Бір атақты жас әншінің анасы баласының мейрамханадан түскі асты ішуге 200-300 мың теңге жұмсайтынын жазған еді. Ал тағы бір бақуатты адам қызын ұзату тойында 180 мың долларға торт жасатып, жұрттың ашу-ызасын туғызған. Мұндайлар өте көп. Олар шын мәнінде «рухани дертке» ұшыраған. Олардың көздерін шел басып, өздерін Алланың сүйікті ұлдары сияқты сезінеді.

Жастау кезімде жатақханада бірге тұрған жігіт арақты жақсы ішетін және ешқашан ауырмайтын. Ал мен сәл арақ ішсем, ауырып, бірнеше күн өзіме келе алмай жүретінмін. Кейін әлгі жігіт маскүнемдікке салынып кетті, ал мен арақты атқұла тастадым. Қазір ойлап қарасам, арақты менің ағзам қабьылдамаған екен, ал  әлгі жігіттің ағзасы араққа қарсы тұра алмай, ақырсында маскүнемдікке салынды. Сол сияқты қиындық көрмейтін, өмірде жолдары болғыш адамдардың рухы өте әлсіз болып келеді. Рухы күшті жандарға жаман әрекет жасауға рухы мүмкіндік бермейді, яғни күнәлі әрекеттерді қабылдамайды. 

Қиындық дұшпаныңыз емес, досыңыз

Өмірінде қиындықтан көз ашпайтын адамдар қан қысымы, дене температурасы қалыпты жағдайдағы, денсаулықтары мықты жандар секілді. Өмірде кездесетін ауыртпалықтар арқылы адам күнасынан тазарады, асып-таспай, өздерінің Алланың мәңгі құлы екендігін үнемі сезініп жүреді.

Қиындықтар мен ауыртпалықтар, сәтсіздіктер, ауру-сырқау – бәрі адамның жанын тазартатын ТАЗАРТҚЫШТАР. Ол тазартқыш жұмыс жасап тұрғанда, сіз күнә атты лас нәрседен үнемі тазару үстінде боласыз. Ал байлығы мен билігі бар, өмір жолдары тақтайдай тегіс пенделердің ТАЗАРТҚЫШТАРЫ істен шыққан. Сондықтан олардың бұл дүниедегі әрбір күні күналарына күна қосып, жағдайларын ауырлата түседі.

Қатардағы қызметкер болып жүргенінде жақсы сыйласып жүретін бір жігіт қолына билік тиісімен асып-тасып, адамды танудан қалды. Қарамағындағылардың апшысын қуырып, жұрттың бәріне жексұрын болып кетті. Мансап оған ешқандай игілік әкелмеді, керісінше айналасындағы таныстарына жеккөрінішті етіп, мінез-құлқын теріс жағына қатты өзгертті. Бұндай пенделерді қай-қайссымыз да өмірде көріп, ондайлар туралы естіп жүреміз.

Түйін: Егер сіздің өміріңізде түрлі қиындықтар жиі кездесіп, сәтсіздіктер, ауру-сырқау сияқты ауыртпалықтар көп болып жатса, оған қатты қайғырмаңыз. Сіз түзу жолдасыз және Алла өзінің шапағатымен сізді күнаңыздан тазартып, жан дүниеңізді жақсартып жатыр. Яғни, сіз әрдайым Жаратқанның назарындасыз. Ал өмір жолдары тақтайдай тегіс жандар Алланың қырына ілінгендер, олар мына фәнидегі бес күнгі  өмірлерін өткінші қызықтармен өткізіп, бақи дүниеде мәңгі тозақтың отынына айналады. Бұл сізге қажет пе?

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика