310 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Өзін өзі дамыту ғылымының әлемге танымал білгір маманы саналатын Брайан Трейсидің пайымынша, адамдарды өмірлік ұстанымдарына сай үлкен екі топқа бөлуге болады. Біреулері – өз өмірлерін бақылап, басқарады және алдарына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін тірлік кешеді. Екіншілері – бәрі кезедйсоқ болады деп пайымдап, тағдыр салған жолмен ойсыз өмір сүреді.

Өмірін басқару адамға не береді?

Өз өмірін бақылап, басқару және алдына нақты мақсат қойып белгілі бір жоспарларға сай тірлік кешу адамды қай салада еңбек етпесін, қай ортада өмір сүрмесін әрдайым биіктерге бастайды. Бұндай мақсатшыл адамдар әдетте өте белсенді болады және өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, тұрмыс жағдайын түзеуге, бақуатты болуға, қай салада істесе сол сала бойынша биік деңгейлерге жетуге құлшынады.

Өмірімді өзгерту өз қолымда деп түсінетін мұндай адамдар өмірде кездесетін барлық жайларға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Алдына қойған мақсатына жету адамға үлкен қуаныш пен қанағат сезімін әкеледі. Сондықтан мұндай адамдар көбіне көңілді, қуанышты сезімде жүреді және өмірге құштар болады.

Бұндай адамдардың тағы бір ерекшелігі – мақсатқа жету үшін күш-қуат пен денсаулық, білім қажеттігін түсініп, денсаулығын күтуге, оқып білімін жетілдіруге жете көңіл бөледі. Осыған орай, салауаттылықты ұстанады және әдетте денсаулықтары жақсы болады.

Тағдыр салды біз көндік

Екінші топтағы адамдар өмірде өзі кездесетін барлық жайларды кездейсоқтықтың салдары деп санайды және алдын ала белгіленіп қойған тағдыр жолы бар дегенге сеніп, өмірлерін өзгертуге еш талпынбайды. Мұндай адамдар әдетте жалқау, сарыуайымға салынғыш, жайбасар болып келеді.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Олар өзі өмірде кездескен жаман істер үшін әрдайым айналасындағыларды айыптап, өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алмайды. Өзгелерге өкпесі қара қазандай болып жүретін олар өзінің әрекетсіздігі мен біліксіздігінен тап болған қолайсыз жайлар үшін басқалар жауапты дегенге өзін иландырып, көңілін жұбатады. Осылайша, олар бір жасаған қателігін қайта-қайта жасап, кездескен қиындықтардан шығудың жолын қарастырудың орнына бәрі үшін өзгелерді айыптап, көңілдерін жұбатумен шектеледі.

Бұндай адамдар жүйкелері жұқарып, сәл нәрсе үшін ұрыссуға, пікір таластыруға бейім тұрады. Бүгін істейтін шаруаларды үнемі кейінге қалдырып, уақытын өзіне еш пайда әкелмейтін бос нәрсемен айналысуға жұмсайды. Денсаулықтарын дұрыс күтпегендіктен, олар түрлі аурулармен ауырғыш келеді. Тұрмыс жағдайлары да төмен болады.

Сіз қай топтасыз?

Осы екі топтың қайссынансыз? Егер бұған дейін осындай сауалды өзіңізге қоймасаңыз, енді қойып, өміріңіз бен іс-әрекеттеріңізді байыпқа салып, қай топтан екеніңізді алдымен анықтап алыңыз. Егер екінші топта болсаңыз, әлі де кеш емес, өмірлік ұстанымыңызды өзгертіңіз. Шындығында, адам өз өмірінің қожайыны және өмір жолын өзгертуге толық мүмкіндігі бар. Егер тағдыр осылай дегенді желеу етіп, еш мақсатсыз, ойсыз тірлік кешетін болсаңыз, онда БАҚЫТСЫЗДЫҚ ПЕН КЕДЕЙШІЛІКТЕН ешқашан құтыла алмайсыз. Кедейден шығып миллионр болған және бүгінде кітаптары сан тілге аударылып, миллиондаған данамен таралып жатқан өзіндік дамудың білгірі Брайан Трейсидің өмірдің өзінен алған бұл тұжырымына келісесіз бе, жоқ па, мойындайсыз ба, мойындамайсыз ба – бәрібір шын мәнінде ол жұмыс істеп тұр. ОЛны түсіну үшін анйлаңызға байыптап қарасаңыз көз жеткізе аласыз.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика