Өз блогыңызды ашқыңыз келе ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

электронды ақшаХХІ ғасырды ақпарат ғасыры атап жүр. Ақпаратты билеген адам әлемді билейді дейді. Ақпараттың кең таралуы және маңызының барынша артуы интернет арқылы келген өзгеріс екендігі анық. Интернет ақпарат кеңістігін ұлғайтып, тіл, мемлекеттік шекара дегенді мүлдем жойды. Интернеттің арқасында әлем халықтары мидай араласып кетті.

Әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орныңызды алмасаңыз, көп нәрседен ұтыласыз. Бүгінде еліміздің мемлекеттік органдарының түгелге жуық өз саиттары бар. Одан қалды бизнес құрылымдары да өз саиттарын ашуда. Өзін силайтын жеке азаматтар да саит немесе жеке блогын ашып, жұмыс істеп жатыр.

Саит не үшін қажет?

Мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын халыққа көрсету, өнімдерін жұртшылықтың назарына ұсыну үшін. Интернет арқылы сату-сатып алу көлемі жыл санап еселеп өсіп барады. Дамыған шет елдерде бизесе өкілдерінің басым көпшілігі бизнестерін интернетке әлдеқашан кіргізіп алды. Осыған орай интернет-бизнес деген бизнестің жаңа түрі қалыптасып келеді.

Жеке адамдар өз саиттары немесе блогтары арқылы өз идеясын таратуға, қоғамдық көзқарасы мен ұстанымын жариялауға мүмкіндік алады. Әлемдік ақпарат кеңістігінен тоқымдай ғана үлесіңіз болса, сіз де ақпаратты иеленесіз, яғни өз ақпаратыңызды таратуға мүмкіндік аласыз. Саит пен блог дәл сол үшін қажет.

Саит жасау қолыңыздан келмесе тапсырыс беріңіз

Саит немесе блог ашып алу үшін не керек? Ол үшін ең алдымен компьютерде жұмыс істей алатын біліктілігіңіз болса болғаны. Егер өзіңіз саит жасай алмасаңыз, оны дайын күйде сатып алуыңызға немесе тапсырыс арқылы жасатуыңызға әбден болады. Бағасы сапасына қарай әртүрлі.

Бұрын саит жасау тек программистердің ғана қолынан келетін күрделі шаруа болса, қазір вордпрес, жумла сияқты бағдарламалар арқылы дайын шаблоннан еш қиналмай саит жасап алуға болады. Дегенмен, бұл бағдарламалармен жұмыс істеу үшін де біршама біліктілік қажет. Егер сізде ондай білім болмаса ше?

Мен алғашқы саитымды осыдан екі жылдай бұрын фрондпейдж деген бағдарлама бойынша жасап, ашқан едім. Өте қарабайыр болып шықты. Кейінірек вордпрес арқылы саит жасау курсын оқып, саит жасау тәсілін үйрендім. Қаласаңыз саит немесе жеке блогыңызды ашып, оны жүргізуге көмектесе аламын. Әрине, тегін емес. Бағасы онша қымбат болмайды. Оған бір жылға домен атауын алу және бір жылға хостинг ақысы кіреді. Яғни, сіз саит жасауға тапсырыс беріп, ақысын төлеген соң ешқандай басқа шығын болмайды.

Саит жасау үшін ең алдымен «ниша», яғни тақырып таңдауыңыз керек. Бұл үшін http://wordstat.yandex.ru/?direct=1 саитына кіріп, кілтті сөздер арқылы (мәселен, ақша, денсаулық, білім, т.б) бір айда қанша рет оны жұрт сұрағаны туралы цифрды аласыз. Ол 1000-нан кем болмағаны жөн. Неғұрлым жұрт сол сөзді көп іздесе, оған деген сұраныстың жоғарылығын көрсетеді.

Яғни, ондай тақырыпқа сұраныс бар деген сөз. Міне, осылайша болашақ саит немесе блогыңыздың тақырыбын таңдап аласыз. Әрине жеке блог ашқыңыз келсе, ол негізінен өзіңіздің көзқарасыңыз, өміріңіз бен қызмет жағдайыңыз туралы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тақырыпты қарастырудың қажеті болмайды.

Саитыңыздың тақырыбы мен қай бағытта жұмыс жасайтыныңызды анықтап алған соң kalkoz25@mail.ru электронды поштасы арқылы тапсырыс берсеңіз болады. Саит жасауға көмектесіп қана қоймай, оны мақалалармен толтыру, сурет, бейнефильмдерді орнату сияқты жайларды қалай атқаратыны жөнінде қашан өз бетіңізбен жұмыс істей алатын дәрежеге жеткенше көмектесіп отыруыма болады. Ол үшін эл.пошта немесе скаип арқылы хабарласыңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика