146 көрілім

Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:
http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Сұлу, сымбатты болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Өзінің сыртқы келбетіне көңілі толмайтын адамдар көп, әсіресе қыз-келіншектер үшін сұлу, сымбатты болмау ең үлкен бақытсыздық болып қабылданады. Сыртқы кейпінің тартымды болмауына байланысты өздерін бақытсыз санап, өмір бойы қорланып өтетін жандар бар.

Тән – бұл сыртқы киім іспетті

Егер адам өзін ет пен сүйектен жаратылған тәнмін деп санайтын болса, онда сыртқы келбетінің тартымсыздығы – ол үшін ең үлкен бақытсыздық болып қабылданады және өле өлгенше содан қорланып, тауқымет тартып өтеді. Ал рухани білімді меңгерген, Абсалютті Ақиқатты түсінетін адам сыртқы кейпі үшін басын ауыртып еш қиналмайды.

Веда ілімінің шыңы саналатын Бһагавад Гитада материалдық дүниедегі барлық жанды-жансыз заттар түгел Жаратқанның 8  түрлі қуатынан пайда болатыны айтылады. Ол қуат мыналар: 5 дөрекі қуат – жер, су, ауа, от және эфир; 3 нәзік қуат – ақыл, зерде және жалған эго. Осы 8 қуат барша материалдық тіршіліктің түп негізі болып саналады.

Адам да екі түрлі материалдық қуаттан жаратылған. Ол: бес түрлі дөрекі материалдық қуат және үш түрлі нәзік қуат. Адам өлгенде  бес түрлі  дөрекі материалдық қуаттан құралған тәні жансызданып, көп ұзамай шіріп бұзылады. Адам санасы 3 түрлі нәзік қуаттан тұратын ғылыми тілімен атағанда – астральдық тәнге ауысады.

Астральдық тәнді біз көзімізбен көре алмаймыз және сезіне де алмаймыз. Сондықтан, тәнін тастап шыққан адам біз үшін мына дүниеден мәңгілікке өшіп, жоғалған сияқты болып сезіледі. Шындығында, адам санасы өлген соң да жоғалмайды, нәзік тәнге өтіп, өзінің «менін» жоғалтпайды.

Нәзік тәннің сыртқы кейпі дөрекі материалдық тәннің дәл көшірмесі іспетті. Бірақ та, біраз айырмасы бар. Мәселен, туа біткен соқыр өлген соң нәзік тәнге көшкеннен кейін айналасындағыларды түгел көретін болады. Дегенмен де, оның ақыл-ойы мен жады сақталады. Осыған орай, ол өзін қайтыс болған адаммын деп біледі.

Тағы да Бһагавад Гитаға назар аударайық. Нәзік тән  адамның тіршілігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне байланысты түрлі ахуалды бастан өткереді. Жақсы әрекеттері үшін жұмақ планеталарына барып, рахатқа бөленсе, жаман әрекеттері үшін тамұққа түсіп азап шегеді.

Осылайша ол тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің жемісін татады. Әрекет жемісі таусылған соң қайта бағдарламаланып, басқа тәнге ие болады. Егер өмірінде жақсы әрекеттер жасап, рухани даму жолымен жүрген болса, келер өмірінде сұлу, сымбатты тән алады. Ал күнаға батқан пенде болса, сұрықсыз, кейіпсіз тәнге ие болады, тіпті туабітті мүгедек болуы мүмкін. Ал күнаға белшеден батқан пенделер адам тәнінің орнына енді хайуан немесе өсімдік тәнін алады. Бұның бәрі тіршілігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне тікелей байланысты болады дейді Бһагавад Гита.

Келбетіңіз кейіпсіз болса, өкінбеңіз

Сыртық кейпіңіз сұрықсыз болса, өкініп, өзіңізді бақытсызбын деп санамаңыз. Өйткені, бұндай тән сіздің өткен өміріңізде жасаған жаман әрекеттеріңіз үшін берілгенін ұмытпаңыз және ол сіздің мәңгілік кейпіңіз емес, келесі өміріңізде басқа тән аласыз. Сондықтан, осы өміріңізде сауапты, жақсы әрекеттер жасауға тырысыңыз. Осылай жасау арқылы сіз келесі өміріңізге жол ашасыз.

Реинкарнация, яғни адам тәнінің өзгеруі және өлген жанның басқа тәнге өтуі – бұл әсіре діншілдер айтатындай күнакарлық немесе сайтани түсінік емес. Егер сіздің басыңызда шынашақтай миыңыз болса, онда мынаған назар апударып қараңыз: сіз дүние есігін ашқан кезде жұдырықтай ғана шақалақ сәби едіңіз. Содан кейін өсіп, алдымен еңбектедіңіз, сосын жүруді үйрендіңіз, кейін келе ержетіп, жігітке, содан кейін кексе адамға айналдыңыз. Өзіңіздің бала күнгі немесе жігіт шағыңыздағы суретіңізге қарап көріңізші, бүгінгі бейнеңізге ұқсай ма? Жоқ, мүлдем ұқсамайды. Шақалақ сәби қазіргі егде тартқан немесе жұлқынған жігітке үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Яғни, адам тәні үнемі өзгеріп, өзге кейіпке еніп отырады. Бұның өзі реинкарнацияны, яғни тіршілік иесінің өз тәнін үнемі өзгертіп отыратынының дәлел емес пе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика