1 091 көрілім

тәубеРэйки ұзақ жылдар бойы ұстаздан шәкіртке берілу арқылы жалғасқан аз ғана топтың еншісіндегі игілік болып қалды. Тек соңғы уақытта ғана жапонның ұлы ойшылы Микао Усуи негізін салған бұл тылсым емшілік тәсілі қалың бұқараға тарады.
Рэйки тәсілінің бір ерекшелігі — оны ұстанған адам өзін өзі емдеп қана қоймай, бойындағы тылсым қуат арқылы өзгелерді де емдейтін емші болады. Бүгінде әлемнің көптеген елдеріне тараған тылсым тәсілдің игілігін көріп, оның құдіреттілігін дәлелдеп жүргендер аз емес.

Емші болып тумайды.

Рэйки ең алдымен адамның бойындағы барша әлемге таралған рухани қуатты игеруге, сол арқылы өзін ғана емдемей, айналасындағы жазылмас дертке шалдыққан адамдарды да емдейтін емші болуға мүмкіндік береді. Емші болып тумайды, ол ұзақ жылдар бойы оқып, үйренудің негізінде келеді.
Бүгінде дәстүрлі діндерде қолданылатын шәкірттік сабақтастық, яғни ұстаздан шәкіртке беру жүйесі рэйкиде де сақталған. Білім екі түрлі жағдайда беріледі: субьективті және обьективті. Бірінші топтағы мантралар, яғни дұғалар мен таңбалар крест, инь-янь сияқты рәміздерден құралса, екінші топтағылар рэйкидің түрлі рәміздері мен мантраларынан, магиялық амулеттерінен құралады.

Мантра мен таңбаларды алу және үйрену ешқандай нәтиже бермейді, егер оны өз мақсатында қолданбаса. Ол үшін ұстаздың көмегіне, ақыл-кеңесіне жүгіну қажет. Міне, сонда таңбалар мен мантралар өзінің тылсым құпиясын ашып, әмбебап қуатты игеретін боласыз.

Емшілік сатылар.

Дәстүрлі рэйки жүйесінде негізгі үш саты бар: седэн – ену, окудэен – сүңгу, синпидэн – тылсым. Бүгінде оған төртінші – шеберлерді оқыту сатысы қосылды. Әр сатыдан өткен сайын шәкірт рэйки қуатын игерудің жаңа өлшемін игереді.
Сіз егер осы жолға шындап түсіп, рэйкидің тылсым қуатын игеру арқылы денсаулығыңызды нығайтып және айналаңыздағы адамдарды жазылмас дерттен айықтырамын дейтін болсаңыз, мына қағидаларды ешқашан естен шығармауыңыз шарт:

  • Рэйки тәсілін емдеудің басқа тәсілдерімен бірге қолдану қажет;
  • Сіз рэйкиді неғұрлым ұзақ уақыт тәжірибе жүзінде қолданатын болсаңыз, соғұрлым тылсым қуатты терең сезінесіз;
  • Рэйки тәсілін аса күрделендіруге болмайды;
  • Рэйки тәсілімен қас қағым сәтте жәй назар аударып қарау немесе қолыңыздың ұшын тигізу арқылы да ауруға дерттен айықтыратындай әсер етуге болады;
  • Емді тек соны пайдаланғысы келетіндерге ғана жасау керек;
  • Рэйки тәсілі арқылы сіз өзіңізді және айналаңыздағы барлық адамдарды, жан-жануарларды емдеуіңізге болады, сондай-ақ, бойыңыздағы тылсым қуатты бөлмеге, тамаққа, тасқа да бере аласыз;
  • Емшіліктің ең негізгі талабы – ниетіңіздің адалдығы болуы тиіс.

Тылсым тәсілді игеру сізге бақыт әкеледі.

Міне, осындай шарттарды сақтай отырып, барша әлемді көктей өтетін тылсым қуатты игеруге, сол арқылы өзіңізді де, өзгелерді де емдеп, жазылмас дерттен айықтыруға мүмкіндік беретін теңдессіз ғажап тәсілді игеру сіздің өміріңізді түгел өзгертіп, денсаулығыңызды нығайтып қана қоймай, адамдарға жақсылық сыйлап, көңіліңізді қуанышқа толтыратын болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика