288 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Сәт сайын өзгеріп отыратын және жұмыссыздық, экономикалық дағдарыстар түрінде қаласақ та, қаламасақ та алдымыздан өмір үнемі қиындықтарын тартып отыратын қазіргі заманда көштен қалып, шаң қауып қалмау үшін де адамға уақыт талабына сай дамып, ілгері жылжып отыру қажет болады. Бұндай қадамды жасауға сізге өзіңді дамыту (самосовершенсвтвование) ғылымы көмектеседі.

Қарапайым және қолжетімді тәсіл

Қазір интернетке назар аударсаңыз, өзіңді дамыту туралы көптеген пайдалы ақпараттар табуға болады. Өзін дамыту ілімін жете меңгерудің арқасында байлыққа, мансапқа қол жеткізіп, денсаулығын нығайтқан, ойына алған мақсаттарына оңай қол жеткізуді үйренген адамдар аз емес. Бұл салада жаңадан велосипед ойлап табудың еш қажеті жоқ. Уақыт тәжірибесінен өткен сондай тәсілдердің бірін пайдалансақ, жеткілікті болады.

Мен сіздің назарыңызға ұсынғалы отырған өзіңді дамытуға арналған тәсіл – қарапайым және баршаға қолжетімді. Оның тағы бір артықшылығы – уақыт тәжірибесінен өтіп, өзінің тиімділігін іс жүзінде нақты көрсеткен. Онымен кез-келген адам, кез-келген жағдайда айналысуына болады және нәтижесі де жылдам келеді. Сонымен…

Ең алдымен, ұйқыдан бастайық. Көп адамдар түнде теледидар көріп немесе достарымен қыдырып кеш жатып, кеш оянады. Егер сіз жетістікке жетіп, өзіңізді барлық қырынан дамытамын десеңіз мына қағиданы естен шығармаңыз: ерте жатып, ерте тұру қажет. Қазақ «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деп текке айтпаған. Сондықтан, ең бірінші қағида – ЕРТЕ ТҰРУ.

Ерте тұру үшін ерте ұйқыға жату қажет болады. Күн тәртібіңізді былай ұйымдастырыңыз: кешкі сағат 10-да ұйқыға жатып, таңертең 5.30-да ояныңыз. Бұл сіздің бұлжымас әдетіңізге айналуы тиіс.

Енді екінші маңызды мәселе – тамақтану. Қазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурулардың көбі дұрыс тамақтанбаудан болады. Сондықтан мынадай күн тәртібін ұстаныңыз: таңертең дұрыстап тамақтаныңыз (қазақтар көбіне таңертең бірер кесе шәй ғана ішеді), түсте – тойып тамақ ішіңіз, яғни не қалайсыз соның бәрін ішіңіз, жеңіз; кешкілік жеңіл-желпі салат, ірімшік, қаймақ сияқты сүт тағамдарын немесе жеміс жеңіз. Ұйықтар алдында міндетті түрде жылы сүт ішіп жатыңыз.

Үшінші маңызды мәселе: дене жаттығуын жасау және таза ауада серуендеу. Таңертеңгі 15-20 минуттық дене жаттығуы сізді ауру-сырқаудан қорғап қана қоймай, ерте келетін кәріліктен де сақтайды. Күн сайын таңертең 15-20 минуттық дене жаттығуын берік әдетке айналдырыңыз және күн сайын 1-2 сағат таза ауада жаяу жүру де сіздің айнымас әдетіңіз болғаны жөн.

Төртінші шаруа: өзіңіз жақсы көретін кәсіп саласы бойынша білім-біліктілігіңізді жетілдіретін кітаптар оқу, видео-аудиокурстар тыңдауды берік әдет еткеніңіз жөн. Бесінші жасайтын ісіңіз: табысыңыз бен шығындарыңызды қағазға жазып есептеп отыруды және үнемдеуге мүмкін нәрселерден әрдайым үнемдеуді әдетке айналдырғаныңыз дұрыс. Алтыншы шаруа: адамдармен қарым қатынасыңызға әрдайым назар аударып, ешкіммен ұрыспай-керіспей, жылы қатынасты сақтауға тырысыңыз. Жетінші іс: ұйықтар алдында міндетті түрде күндіз жасаған пайдалы істеріңізді ой елегінен өткізіп, жалпы күні бойғы іс-әрекеттеріңізді көз алдыңызға келтіруге тырысыңыз.

Бұл әдеттер сізге не береді

Жоғарыда айтылған 7 әдет немесе жаттығу сізге не береді? Енді осыған жауап беріп көрелік. Ең алдымен сіз ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырсаңыз, ұйқыңыз қанып, өзіңізді сергек сезінетін боласыз, яғни күн сайын бір мезгілде жатып, бір уақытта тұру – тез ұйықтап, ұйқысыздық дертінен арылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ерте тұрған соң сіз ойыңызға алған біраз шаруалларыңызды ертерек, ұйқыңыз қанып, сергек тұрған уақытыңызда жасап аласыз.

Тамақтану тәртібін сақтау да сіздің денсаулығыңызды жақсартады. Қазақтардың мынадай жаман әдеті бар: кешкілік ұйқыға жатар кезде тойып тамақ ішеді. Аюрведа ғылымы кешкілік тойып тамақ ішу денсаулықты өз қолыңмен құрту деп түсіндіреді. Тамақты қорытуға күн сәулесінің ықпалы болады екен. Түнде ішкен тамақ баяу қорытылады, түні бойы сіздің ағзаларыңыз ас қорытуымен айналысады, миыңыздың бір бөліктері сол шаруаға жұмылады, сөйтіп сіз таңертең тынығып емес, қатты шаршап тұрасыз. Сондықтан, кешкілік жеңіл тамақ ішу қажет және оны ұйықтар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын ішу қажет.

Дене жаттығуын жасаудың пайдасын айтып жатудың өзі артық. Оны жұрттың бәрі жақсы біледі. Таза ауада серуендеу де сондай. Күнде таңертең дене жаттығуын жасап, бірер сағат таза ауада серуендеуді әдетке айналдырсаңыз, көп ұзамай өзіңіз де оның пайдасының шаш етектен екенін көріп, сезінетін боласыз.

Кәсіби біліміңізді жетілдіру сіздің қызмет баспалдағымен жоғары өрлеуіңізге, ал егер бизнеспен айналысатын бослаңыз, мол табыс табуға көмектесетін болады. Тапқан табысыңыз бен шығындарыңызды жазып, есептеу арқылы сіз ақшаңыздың қайда, қалай жұмсалып жақтанын біліп, бақылауға және басқаруға мүмкіндік аласыз. Осылай жасау сізді бақуаттылық аулына жақындата түседі.

Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсы болса, жұмысыңыз алға басады, жүйкеңіз жұқармайды, яғни бұның денсаулығыңызға да игі әсері болады. Қазақ «адамның күні адаммен» дейді. Жылы қатынастағы адамдардан бірдеңе сұрау да оңай болатыны белгілі.

Ең соңында, ұйықтар алдында күні бойы жасаған пайдалы істеріңізді ой елегінен өткізу арқылы сіз күніңіздің босқа өтпегенін, пайдалы істер атқарғаныңызды біліп, көңіліңізді демеуге және ең бастысы есте сақтау қабылетіңізді арттыруға жағдай жасайсыз.

Түйін: Көріп отырғандарыңызда бұл жаттығулар соншалықты қиын емес және көп уақыт пен күш-қуатты қажет етпейді. Оны кез-келген адам, кез-келген жағдайда жасай алады. Ал тиімділігі өте көп. Ең бастысы, бойыңыздағы жалқаулықты жеңіп, бұл жаттығуларды берік әдетке айналдырыңыз. Ол үшін мынадай тәсілді пайдалағаныңыз жөн: әр жаттығу үшін 5 деген балл қойыңыз. Егер сіз күні бойы барлық 7 жаттығуды жасасаңыз, сол күні сіз 35 баллды өзіңізге жаса аласыз. Ал бір-екеуін жасай алмасаңыз, онда балыңыз төмендейді. Молырақ балл алу үшін барлық жаттығуды жасап отыруға тырысасыз. Бұл сізді өзіңізді жетілдіруге әсерін тигізетін қарапайым 7 жаттығуды күн сайын жасап, оны берік әдетіңізге айналдырыңызға игі ықпалын тигізеді.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика