140 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Сирия мен Израилдің шекарасында Голланд биіктігінде арабша сөйлейтін друз тайпасы өмір сүреді. Бұл тайпаның тұрғындары реинкарнацияға, яғни өлген адамның қайта туылатынына сенеді. Осы друз тайпасының бір деревнясында басында қызыл түсті айшықты таңбасы бар сәби дүниеге келеді. Сәби үш жастан асқан кезінде ата-анасына өзінің өткен өмірінде көрші деревняда туып өскендігін, кісі қолынан қаза тапқаныдғын айтады. Реинкарнацияны қабылдайтын ата-анасы сәбидің сөзін сынап көру үшін ол айтқан көрші деревняға алып барады.

Бала бірден бұрын өзі тұрған үйді көрсетеді. Село ақсақалы бұл үйде жалғызбасты ер адамның тұрғанын және ол бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткенін айтады. Одан әрі оқиға былай өрбиді. Сәби өзін өлтірген адамның аты-жөнін және өзін балтамен басынан ұрып өлтіргенін, бұл оқиғаның қай маңайда болғанын қолмен қойғандай баяндап береді. Ауыл тұрғындары бірер жыл бұрын сәби айтқан аумақтан өлген адамның сүйегі табылғанын мәлімдейді. Баланың бұлтартпас дәлелмен айтқан сөздеріне еш уәж айта алмаған қылмыскер өзі жасаған қылмысын мойнына алмасқа лажы қалмайды.

Бұл оқиға 1970-ші жылдары Батыс Берлинде болған. 12 жастағы Елена Меркард есімді қыз бала автокөлік апатынан кейін қатты жарақатпен ауруханаға түседі. Қыздың  жағдайы аса ауыр болады. Ес-түссіз жатқан Елена бір күні кенет есін жинайды. Ол айналасындағыларды таң қалдырып, өзге тілде сөйлей бастайды. Ол сөйлеген тіл – итальян тілі еді. Итяльянша білетін дәрігердің айтуынша, итальян тілінде еш акцентсіз таза сөйлеген қыз өзінің Розетта Кастьеляни екендігін, 1887 жылы 9 тамызда Италияның Пабуи қаласында дүниеге келгендігін айтады. «Менің екі балам бар – Бруна және Франса. Олар мені күтуде» дейді ол. Есін жиған қызының кенеттен итальян тілінде сөйлей бастағанынан аң-таң қалған ата-анасы оны писхолог дәрігерге көрсетеді. Дәрігермен әңгімеден кейін маманның кеңесімен, қыздың ата-анасы ақпарат құралдары өкілдерімен Елена айтқан ол өткен өмірінде өмір кешкен жерге аттанады.

Мұрағаттан Розетта Теобальди деген қыздың шынында да 1887 жылдың 9 тамызында дүниеге келгендігін анықтайтын құжат табылады. Ол 1908 жылы Джино Кастельяни деген жігітке тұрмысқа шығады. Екі баласы болады. Ол 1917 жылы 30 жасында дүние салады. Елена бұрын өзі тұрған үйді дәл тауып барады. Есікті  бұл кезде егде тартқан әйелге айналған оның қызы ашады. 12 жастағы Елена «Міне, мынау менің қызым Франса» дейді қуана айқайлап.

Қытайдың Хайнань провинциясына қарасты Дунфан қаласында қаласында туған Тан Цзяншань есімді баланың оқиғасы тіпті, таңғаларлық. Үш жасқа толған бала сөйлей бастаған кезде өзінің есімі Чень Минадо екендігін және қай жерде туып, өскендігін тәптіштеп айтып береді. Оның айтуынша, бозбала шағында сол тұста ел ішінде болған қарулы қақтығыстар салдарынан қаза табады. Буддизм дінін ұстанатын қытайлықтар реинкарнация құбылысын мойындайды. Сондықтан, баланың ата-анасы оның айтқандарын жәй сәбидің сандырағы деп емес, шындық деп қабылдайды. Сәбидің айтқан деревнясы Дунфан қаласынан онша алыс болмағандықтан, ата-анасы балаларын алып әлдгі деревняға барады.

Деревняға барған соң бала бұрын өзі тұрған үйді оп-ңай табады. Оның бұрынғы әкесі Сандье тірі екен. Үш жастағы сәбидің айтқандарын алғашында сандырақ деп тыңдаған ол тек отбасына ғана белгілі жайлар туралы айтылғанда өз құлағына өзі сенбей аң-таң қалады. Осыдан кейін сәбиді бұрғынғы қаза тапқан өз ұлы екендігін мойындамасқа лажы қалмайды. Осыдан кейін Тан Цзяншань екі отбасына ортақ бала болады. Бұрынғы әкесі мен қарындасы оны Чень Миндао деп атап, өз отбасы мүшесі ретінде қабылдайды.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика