Ғаламторды қалай пайдаланып жүрміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сурет1Қазақстанда интернетті пайдаланушылардың саны 10 миллионнан асыпты. Ғаламтор қазір қолжетімді болып алды, оны компьютер арқылы ғана емес, планшет, сматрфон арқылы да пайдалануға болады. Осындай қолжетімділігінен болар, қазір екінің бірі, әсіресе жастар жағы интернетті жиі қолданады.

Интернеттің залалды әсері

Интернеттің залалы жайында ақпарат құралдары аз айтып, жазып жатқан жоқ. Дегенмен де, соған адамдардың көбі оншалықты құлақ аса қоймайды. Тек бастарына тигенде ғана бармақтарын шайнап жататындар бар.

Ғаламтордың ең басты залалы – адамдарды, оның ішінде ақыл-ойы әлі жетілмеген жастарды аздырып, теріс жолға салуға ықпал ететіндігінде. Қазір ғаламтордан кез-келген адам, кез-келген уақытта «парносайт» дегендерді ашып, арсыздықтың не түрін жасайтын картиналар мен видеоларды көре, мақалаларды оқи алады.

Ғаламтордың тағы бір залалды жағы – адамды тәуелді етіп, вертуалды әлемге байлап қояды. Интернетке дағдыланған бала далаға шығып, қатарластарымен ойнаудан, араласудан қалады. Күндіз-түні интернетте отырады.

Соңғы кезде интернет арқылы әсіресе, бұғанасы қатпаған жастарды азғырып, жихад соғысына шақырушы миссионерлер көбейіп кетті. Таяуда ғана жап-жас қазақтың қыздары интернет арқылы алған ақпаратқа алданып, Сирияға бармақ болған кезінде кері қайтарылды. Жалғыз жихад соғысына тарту емес, ғаламтор арқылы түрлі қатерлі секталарға тарту де белең алған.

Ғаламтор арқылы танысып, отау құрып жатқандар да баршылық. Өкініштісі сол, бұндай таныстықтың ақыры көбіне бақытсыздықтарға ұшыратып жатады. Таяуда ғана ақапарат құралынан мектепте оқитын қыздың ғаламтор арқылы танысып, тұрмысқа шыққандығы, оған үйленген бозбаланың бір айдан кейін оны талақ етіп, басқа қызға үйленгені жайында жазды. Ата-анасы сегізінші сыныпта оқитын қыздарының біреуге тұрмысқа шыққанынан да, талақ боланынан да бейхабар екен.

Жалпы, ғаламтордың бүгінде адамдарға, оның ішінде ақыл-ойлары әлі толысып үлгірмеген жастарға тигізіп жатқан залалын осылайша тізе беруге болады.

Интернеттен пайдалы ақпарат алуға болады

Таяқтың екі ұшы барлығы сияқты, кез-келген нәрсенің жақсы-жаман жағы болады. Ең бастысы, адамдардың оны қалай пайдалануына байланысты. Ғаламтор арқылы күреп ақша тауып, интернет-кәсіпкер атанып жүргендер баршылық. Оларды парносайттар, ғаламтор арқылы танысу сияқты жайлар еш қызықтырмайды. Күнұзақ компьютердің алдында отыратын ондайлар тек ақша түсіретін пайдалы ақпараттарға ғана назар аударады.

Соңғы үш-төрт жылда интернет арқылы ақша табу деген мәселеге көңіл бөліп, осы салада біраз ақпараттар алдым. Сонда байқағаным, қазіргі күні, әсіресе орыс және ағылшын тілді интернетте кез-келген тақырыптағы сайттарды таба аласыз. Сізге қандай ақпарат қажет, соның бәрін табуға болады.
Үй салғыңыз келе ме? Онда интернеттен қандай құрылыс материалынан, қалай үй тұрғызуға болатындығы жайында түсіндіретін сайттарды табуға және одан алған ақпараттарды тәжірибеде қолдана отырып, үй салып алуға әбден болады. Бизнеспен айналысқыңыз келе ме, музыкант болсам дейсіз бе, артық салмақтан арылудың, денсаулығыңызды нығайтудың әдіс-тәсілдерін меңгергіңіз келе ме, бәрін ғаламтордан табасыз.

Ғаламторды қалай пайдалану әркімнің өз қалауында

Ғаламторды теріс мақсатқа пайдаланып, жаман ақпараттар аласыз ба, әлде пайдалы ақпараттар тауып, оны кәдеңізге жаратасыз ба, оны өз қалауыңыз біледі. Интернет деген бұл сізге қалаған ақпаратыңызды табуға жағдай жасайтын үлкен ақпарат алаңы.
Күні кеше Көкшетауда интернет арқылы жасанды есірткі дайындауды үйреніп, өзі дайындаған есірткіні сатып жүрген бір адам ұсталды. Ол енді осы қылмысы үшін заң алдында жауап беретін болады.

Менің бір танысым интернет арқылы ақша табады. Еш жерде жұмыс істемейтін ол ғаламтор арқылы табыс табуды кәдімгідей кәсібіне анйалдырған.
Сіз ғаламторды қалай пайдаланасыз – пайдалы ақпараттар алып, соны іс жүзіне асыру арқылы өзіңізге пайдалы істер жасаумен бе, әлде жаман ақпараттар алып, өзіңізге де, өзгелерге де залалыңызды тигізуді мақсат етесіз бе – таңдау құқығы өзіңізде.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика