Ғасырдан да ұзақ жасаған адам

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Как выйти в астрал? как войти в осознанный сон? фото картинка http://hramputi.ru

Как выйти в астрал? как войти в осознанный сон? фото картинка http://hramputi.ru

Мен мектепті бітірдім. Бірақ жұрттар сияқты сөмкемді арқалап үлкен қалаларға барып, оқуға түсейін деп талпынғаным жоқ. Өйткені, өз шамам өзіме белгілі еді. Сондықтан текке арамтер болғанша, ауылда қалып мал бағып, егін егіп, жұрт қатарлы қарапайым тірлік кешуді ойладым. Көкем бұған онша қарсы бола қойған жоқ.

Менің ендігі бар жұмысым үйдегі оншақты қой мен үш сиырды күнұзақ жайылымға апарып бағу. Көкем осындағы серіктестікте механизатор. Жалақы бермейді. Бірақ күзде егін жиналған соң малға шөп пен бес-алты қап күріш беретіні бар. Бар табысы сол.

Үйдегі малдың бабын жасау түгел менің мойнымда. Күнұзақ мал бағу өз алдына, ара-тұра жасайтын қысқа қажет шөп шауып, кепкен соң оны ат арбаға тиеп тасымалдау сияқты жұмыстарым тағы бар. Қысқасы, жұмыс бастан асады.

Бойымдағы дерт (қасиет дегеннен гөрі солай деген жөн сияқты) күннен күнге асқынбаса, жазылар болмады. Енді мал соңында жүріп, күндіз де тәнімнен шығып кететін болдым. Тәнім құданың құдыретімен есектің үстінде отырады (малды жаяу емес, есекпен бағамын), ал өзім болсам аспанға көтеріліп, айналаны шолып ұшып жүремін. Бәрі алақанға салғандай анық көрініп тұрады. Мал бір жаққа кетіп қалар-ау деп еш қорықпаймын. Өйткені кез-келген сәтте тәніме қосылып, малға иелік жасай аламын.

Содан бір күні ауылдан алыстаңқырап кетіппін. Қабырғасы жартылай қалқайып тұратын бір ескі там болатын. Соның жанында құданың құдыретімен бір елес-әруақты көрдім. Үстінде өткен ғасырда қазақтар киетін жаман жалбыр шапаны бар, сақалы жалбырап өсіп кеткен. Басында ескі жымырайған бөрік. Құдды сонау бір жылы ауылға келіп, әртістер қойған спектакльдің кейіпкері сияқты. Қызығы сол, Есберген де дәл сол қайтыс болар кезіндегі киімімен жүретін. Ол киімі ешқашан тозбайды да, үстінен шеше де алмайды екен.

Жалбыр шапан кигеннің  елес-әруақ екенін тәнімнен шығып, әдеттегіше айналаны шолып аспанда қалықтап тұрған мен бірден сезе қойдым. Тірі адам бұл жерде жүрмесе керек-ті. Үстіндегі киімі де оның елес-әруақ екенін айқындап тұрғандай. Төбесі жоқ, қалқайған жапырайған қабырғасы ғана бар тамда отырған ол көкте қалықтаған мені көрген жоқ.

Оның әрекетін аңдып, біраз тұрдым. Қалғып отырғандай бүгжиіп отырған жалбыр шапан бір кезде орнынан тұрып, сыртқа шықты. Қимылына қарап, оның осы тамды көптен бері қоныс етіп келе жатқанын бағамдауға болатындай.

Сол сәт төбеден түскен мен «ассалағималейкум» деп дауыстадым. Шошып кеткен ол маған бақырая қарады. Көздері шарасынан шығып кетердей аларып кетіпті. «Кі..кімсің, жынбысың?» -деді ол.

-Жоқ, адаммын.

-Адам болсаң қайдан жүрсің, үстіңдегің не?

Тәнімнен шыққан менің үстімде  күрте, басымда кепкі, аяғымда ескі крассовка. Мұндай киімді өмірі көрмеген болса керек, ол маған таңырқай қарады.

-Бұл менің киімім. Қазір адамдар осылай киінеді, -дедім мен. –Өзіңіз кімсіз, айдалада неғып жүрсіз?

-Неғып жүргені несі, менің мекенім осы ғой, –деді ол енді маған таңырқай қарап.

-Осы төбесі жоқ жаман тамды мекен етесіз бе? –дедім мен де таң-тамаша қалып.

-Төбесінің бар-жоғын қайтем, қабырғасы болса болды емес пе.

Елес-әруаққа осындай жаман тамдар да жарайтын сияқты. Есберген де төбесі жапырылып құлап қалған есі үйді қоныстанады.

-Есіміңіз кім? –деймін мен.

-Қасқырбай.

-Менің атым Бостан.

-Бостан деген де ат болады екен-ау, астапыралла, -деді ол таңырқап.

-Өзіңіз мұнда көптен тұрасыз ба?

-Иә, біраз болды ғой. Мен Баймырза байдың малшысы болғанмын.

-Қашан қайтыс болдыңыз?

-Қайтыс болғаны несі? Есің дұрыс па өзіңнің?

Мен оған таңырқай қарадым. Елес-әруақтың өзін тірімін деп түсінгені қызық көрінді.

-Сонда сіз тірісіз бе?

-Иә. Өлсем молада жатпаймын ба?

-Ау, жан-жағыңызға қарап көрдіңіз бе? Басқа ауылдастарыңыз, өзіңіз малын баққан Баймырза бай қайда қазір?

-Қайдам, жүрген шығар бір жерде.

Мені оның мына жауабы онан әрі таңырқата түсті.

-Ауылдастарыңызды іздеп, ауылға бармадыңыз ба? –дедім мен.

-Барғанмын. Бірақ неге екенін білмеймін мені ешкімнің тыңдағысы келмеді. Бірдеңе айтсам, ешкім тыңдамайды. Содан біраз күн жүрдім де, осында келдім. Ол кезде төбесі бар там еді. Кейін жаңбырдан езіліп, құлап тынды.

-Сонда қалай күн көресіз? Тамақ ішпейсіз, ұйықтамайсыз, солай ма?

-Иә, -деді ол. –Құданың құдыретімен осылай болды. Бұрын тамақ ішетінмін. Басқа малшылармен қоста жатып қой бақтық. Содан бір күні қойға қасқыр шапты. Қойды арашалаймын деп жүргенде дәу сұр арлан өзіме тап бергені. Ұзындығы кісі бойындай күжірейген арлан мені алып ұрып, жәукемдеп тастады. Онан арғысы есімде жоқ. Қараңғы үңгірдің ішімен жүйткіп ұшып барамын. Бір кезде жарыққа шықтым. Содан жан-жағыма қарасам, малшылар тым-тырақай қашып кеткен. Қасқырлар қойларды қуып тамақтап жатыр. Зәрем ұшты. Содан мен де алды-артыма қарамай «аш пәледен қаш пәле» деп қашып құтылдым.

-Кейін ауылға бардыңыз ба?

-Жоқ. Оған жүрегім дауаламады. Қойды қасқырға алдырып, ауылға барсам, бай үйітіп жер деп қорықтым. Содан осы маңдағы ескі тамды бойтаса қылып, біраз күн жүрдім. Мені іздеген жан болмады. Сосын ақырындап кешкілік ауылға бардым. Мен өз үйіме барып, әке-шешеммен сөйлескім келген еді. Әлгілер мені мүлде тыңдамай қойды. Тіпті, бар-жоғымды да елемейтін сияқты. Тыңдамағасын ызаланып, бар даусыммен айқайға басайын. Бірақ құлақтарына мақта тығып алғандай, ешқайссы естімейді. Содан тәуекел деп байдың үйіне бардым. Аяғына жығылайын, мүмкін кешірер деген үміт қой менікі. Әке-шешем байдан қорқып, менімен сөйлескісі келмеген шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, бай да, оның бәйбішесі де мені адам келді-ау деп елең қылмады. Ақыры ауылдастарымнан күдерімді үзіп, оында келдім. Содан бері далаға шықпаймын. Осы қыстауды паналап, жүріп жатқан жайым бар.

-Кейін ауылға, әке-шешеңізді көруге бармадыңыз ба?

-Барғанмын. Ол бейбақтар менен әбден күдер үзіпті. Бірер күн үйде болдым. Менің бар-жоғымды олар елеп-ескермеді. Тек бір жолы «байғұс, Қасқырбай, қасқырға жем болып, денесі де көмусіз қалды ғой» деп күрсінді. Мен оның не себепті бұлай дегенін түсіне алмадым. Қасқырдың шапқаны рас, бірақ қашып құтылдым ғой. Өлгенім жоқ.

Мен оның әңгіме әуенінен оқиға кеңес үкіметі орнамай тұрғанда болғанын түсіндім. Сонда бұл кісі осы жаман тамда бір ғасырдан астам уақыт бойы тұрып келген болды ғой деген ой келді. Таңғалмасқа амалың жоқ. Өмірде неше түрлі нәрселер болады екен.  Тағы бір қызығы, ол сонша уақыт тұрып келе жатса да, өзінің өлі екенін әлі сезінбеген және басқа жаққа шығып, айналадағы ел-жұртты аралап көрмеген. Жапырайған ескі тамды мекен етіп, жападан жалғыз тірлік кешіп жатқан сияқты.

«Бостанның басынан кешкен таңғажайып оқиғалары» атты хикаяның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы кіріп, оқуыңызға болады: https://akikat01.com/sample-page/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика