Ғылым және әулиелердің кереметі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

исламДін дегенді көп адамдар өмірден, ғылымнан аулақ этикалық нормалардың жиынтығы сияқты нәрсе деп санайды. Барлық дәстүрлі діндерде жаман әдеттен аулақ болып, жақсы істер істеу жайы айтылады. Мәселен, ислам дінінде зина жасама, арам тамақ жеме, өтірік-өсектен аулақ бол дене тәрізді тиымдармен бірге, қайрымдылық, жомарттық, кішіпейілдік, шыншылдық сияқты жақсы қасиеттерді бойға сіңіру керектігі тұжырымдалады.

Дін барлық ғылым-білімнің қайнар көзі.

Шындығында дін – барлық ғылым-білімнің қайнар көзі және бастау негізі. Альберт Эйнштеин сияқты ұлы ғалымдардың өзі Құранның аяттарын оқып, ондағы ақиқаттың ғылыми түсінікпен негізделгенін мойынадғаны осыны айғақтайды. Яғни, дін дегеніміз тек жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді насихаттайтын идеологиялық құрал емес, барша ғылымның қайнар көзі десек, ақиқаты осы болады.
Дін ілімін жетік меңгерген мұсылман ғұламаларының ақылға сиымсыз небір керемет істер жасайтындығы жайлы ел арасында сақталған әңгімелер аз емес. Сондай ғұламалардың бірі Хазіреті имам Раббани кезінде көптеген таңғажайыптар жасаған екен. Солардың бірінің куәсі болған оның шәкірттерінің бірінің әңгімесі былай баяндалады.

Әулие арыстаннан қалай құтқарды.

Хазіреті имам Раббанидің інісі Сурунч шаһарында тұратын еді. Інісін шақырту үшін ол бір күні маған хат жазып беріп, соны апаруды тапсырды. Ол кезде алыс сапарға шығу қауіп пен қатерге толы болатын. Ұры-қарақшыларды былай қойғанда, адамға шабатын жабайы аңдар да көп-ті. Жолға шығарда имам Раббани менің барар жеріме аман-есен жетуімді тілеп Фатиха сүресін оқыды. Содан кейін «Жолда Құрейш сүресін көп оқы, сонда қауіп-қатерден аман боласың. Егер қиындыққа тап болып жатсаң бізді есіңе аларсың» деді.
Жаныма екі адам алып алыс жолға шықтым. Сурунч қаласына екі тоқтам жер қалғанда шөл далада демалысқа аялдаған керуеннен алыстау барып дәрет алып, содан кейін екі рәкағат намаз оқиын деп тұрғанымда қарсы алдымнан алып арыстанның шыға келгені. Ол маған тесірейе қарап шабуға ыңғайланды.
Сол сәт есіме имам Раббанидің айтқаны түсіп «Ей, ұстазым, Алла тағаланың рұқсатымен көмекке кел, мына арыстаннан құтқар» деп іштей ұстазыма жалбарындым. Сол-ақ екен қайдан келгені белгісіз дәл жанымнан имам Раббани көрінді. Ол арыстанға қарап кет дегендей ишара жасағаны сол, аң патшасы жалт бұрылып қаша жөнелді. Ес жиып үлгіргенімше ұстазым көзден ғайып болды.
Керуенде бірге келе жатқан серіктерім маған шапқалы тұрған арыстанның неден шошынып қашқанын сұрады. Сонда мен болған жайды баяндадым. Олар мынаны естігенде таң-тамаша қалып, ұлы әулиеге деген сенімдері артты.

Ғылымдардың ғылымы – дін ілімі.

Қожа Ахмед Яссауи бабамыз әр жұма сайын жұма намазын мыңдаған шақырым жердегі Меккедегі әл Ақса мешітіне барып оқиды екен. Оның Меккеге қас қағым сәтте қалай жететіні бізге жұмбақ. Дегенмен, қазіргі ғылым телепортация құбылысын теріске шығармайды. Кеңістік пен уақыттың алмасуы түрінде болатын мұндай құбылыс табиғатта бар және оны меңгеріп, пайдалануға болады.
Ислам дінінде сондай таңғажайыптарға ие әулиелер көп болған. Олардың әрекеті ертеде таңғажайып деп саналса, қазір ғылым ол жайында нақты түсініктер тапты. Бұдан ұғарымыз, дін ілімі көп адамдардың түсінігіндей тек этикалық нормалардың жиынтығы емес, ғылымдардың ғылымы, барша ғылымның бастау негізі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика