Құлазу адамды құрдымға құлатады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуицияОн жыл мектепте оқып, онан кейін тағы да бес-алты жыл жоғары оқу орындарында білім алатын, онан әрі магистратура және басқа оқу орындарында білім алуын жалғастырып, өмірінің жартсын оқумен өткізетін бүгінгі заманда, дегенмен адамдарға сезімнің әртүрлі қасиеттері мен деңгейлері жайында ештеңе оқытылмайды. Шындығында, бұны білу адамдарды өмірде кездесетін түрлі қатерлерден қорғап, ойға алған арман-мақсаттарына жетулеріне ықпалын тизізбек.

Жамандықты ойласаң, жамандыққа тап боласың

Бүгінде әлемдік бестселлерге айналған «Секрет» фильмінде адам өз ойлары арқылы жақсылық пен жамандықты магнит сияқты өзіне тартатыны жайында ғылыми негізде тұжырымдалады. Бұны бүгінгі ғылым да теріске шығармайды. Яғни, адамның өмірде түрлі жайларға тап болуы кездейсоқтық емес, бәрі өз ойларының нәтижелеріне байланысты орын алатын жайлар.

Мәселен, шыбын мен араны алып қараңыз. Олардың сыртқы бейнелері бір-біріне ұқсас және екеуі де ұшады. Шыбын нәжіске қонып, нәжіс жинаса, ара гүлге қонып, шырын жинайды. Шыбын нәжістен өзі сияқты шыбын өсіп шығатын құрт шығарса, ара шырыннан адам үшін жұғымды тағам саналатын бал шығарады.

Адамдардың көбі ерікті немесе еріксіз болсын жаман нәрселер ойлауға бейім. Жаман ойдан жаман сөз туатынын ескерсек, адамның сөзіне қарап оның санасын қандай ой билейтінін бағамдау оңай. Біреулерді жамандауға, өсек айтуға, адамдарды сынауға бейім пенделердің ақыл-ойы жаман нәрселерге толған. Ондайлар әдетте ең алдымен, өздеріне жамандық жасайды. Жаман ойларының нәтижесінде жамандық желім сияқты олардың өздеріне жабысып, қадам басқан сайын алдынан сәтсіздік пен жамандық шығып отырады. Оның себебін түсінбейтін бейбақ бұның бәрі соңынан қалмайтын тағдыр жазған қырсықтан деп, бар пәлені айналасындағылардан немесе Алладан көреді.

Құлазу адамға неге залалды?

Құлазу сезімі адамдардың бәріне таныс және жиі көрініс беріп тұратын құбылыс. Адам әдетте әлденеге көңілі толмаса немесе бірдеңені ойлап уайымдаса – көңілі құлазып, құлазу сезімі санасын билейді. Бұндай кезде адамның өзіне де, айналасынадғыларға, өзінің болашағына да сенімі жоғалады.

Мен бір пәтерімді жалға беремін, онда бірнеше жыл екі қыз тұрды. Біреуі өмірге біршама сеніммен қарайтын еркін ойлы да, екіншісі сәл нәрсені көңіліне алып, құлазуға бой алдыратын. Өмірге сеніммен қарайтын қыздың өмірі біршама жеңіл өтетінін байқадым. Оның тұрақты жұмысы бар және болашақты ойлап, онша алаңдай қоймайтын. Екіншісі түрлі қиындықтарға жиі тап болып, үнемі көңілсіз күйде жүретін.

Таяуда бірінші қыз Астанаға ауысып кетті де, екіншісі жалғыз қалғысы келмей оның соңынан Астанаға ауыспақ болды. Елордада оны күтіп тұрған жұмыс та жоқ. Бір мекемемен келісіп, әңгімелесуден өтпек екен. Ал мындағы жұмысы жібермей қойыпты. Сонымен ол көп қиналды. Мен жалға беретін ақыны әдетте алдын ала алатынмын. Оның кететінін естіген соң ақысын алмадым. Осылайша ол жарты айдан астам уақыт тегін тұрды. Жұмысынан босатпай, кете алмай жүрген оны аяп пәтерде тұруына жағдай жасадым. Бұған іштей қысылып жүрген оның көздерінен бірде қатты түңілушілікті көрдім. Жап-жас қыздың сонша өмірден түңілуіне себеп болан жай – құлазу сезімі екені анық.

Христиан дінінде құлазушылықты үлкен күнә санап, ондай сезімге бой алдырған адамдарды ақылға шақырып, одан құтылуға насихаттаған. Өйткені, құлазу сезімі адамның санасын билеген кезде, адамның сыртын қоршаған қорғаныс аурасы әлсіреп, одан түрлі жаман тіршілік иелері еніп кету қаупі күшейеді екен. Құлазуға жиі бой алдыратын адамдар стресс, депрессия деп аталатын дертке ұрынуға бейім. Оның ақыры суицид аталатын өзіне қол көтеруге әкелу қатері бар.

Түйін: Құлазу сезімі барлық адамдарда болады. Одан құтылудың амал-тәсілдері жайында бүгінгі ғылым ештеңе айтпайды және бұл бағытта нақты зерттеулер де жүргізбейді. Бұндай сезім жайында керісінше, дәстүрлі діндер көп айналысып, одан құтылудың жолы – имандылық және шариғат жолымен жүру, Жаратқанға құлышылық ету деп түсіндіреді. Шынында, құлазу сезімінен құтылудың жалғыз сенімді жолы – дін, яғни діни шарттарды сақтап, шариғат жолымен жүру, Алладан медет тілеу. Басқа жол жоқ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика