Қайта тірілген адам (жалғасы)

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өлім деген адам баласы үшін жақын туыс-бауырларынан, жиған-терген байлығынан, атақ-мансабынан, ақырсында тіршілігінен айыратын құбыжық сияқты саналады және бүгінгі ғылым оның құпия сыры ешқашан аша алмайтынын мойындап қойған. Шындығында, Алла жаратқан өлімнің құпиясын адам баласы түсіне, тіпті бақылап, басқара да алуы мүмкін екен.

Адамдардың қуатын соратын құбыжықтар

Өткенде бастаған әңгімемізді одан әрі жалғастырып, тәні өлген жігіттің басынан кешкендеріне қайта оралайық. Түнде ұйқыға жатқан жігіттің  жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болады. Бірақ оның санасы жоғалмай, керісінше, айналада болып жатқан жайлардың бәрін көріп, естіп, сезінеді.

Таңертең баласының өлі денесін көрген анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келіп қарап, жігіттің өлгенін анықтайды. Өзінің өлі тәнін көргенімен, оған еш ықпал жасай алмайтын жігіт кенет тағы бір қызықты жайға тап болады. Бұл кезде оның өлгенін естіп көршілері, таныстары да келе бастапты.

Сол адамдарға қараған жігіт әлгілердің жанында қосақталып жүрген, тіпті иықтарына, бастарына мініп алған құбыжық мақұлықтарды көреді. Өрмекші сияқты биіктігі екі метрге жететін құбыжық бір танысының басында отыр. Жәй отырмай әлгі мақұлық танысының басына ине сияқты тұмсығын сұғып алып, әлденені сорып жатыр.

Біреулер үлкен, енді біреулері кішіректеу мақұлықтар ол көрген адамдардың бәрінің қуаттарын соруда. Осыларды көрген жігіттің үрейі ұшады. Кейнірек анықтағанындай, адам бойындағы ауру деген әлгі көзге көрінбейтін мақұлықтардың  тәннің қуатын соруы екен.

Атасымен кездесуі

Тәні өлсе де санасы жоғалмай, айналасындағы болып жатқан жайларды көріп, сезінген жігіт  кенет адамдардың арасынан атасын көреді. Сәби кезінде қайтыс болған атасы жадында сақталмаса да, ол әлгі кісінің өз атасы екендігін жазбай таныйды. Оның жүзінен нұр төгіліп, тірі адамдардан ерекшеленіп тұрады.

Атасы бұған «қане, соңымнан ер» дейді. Жігіт оған үнсіз бағынып, соңынан ереді. Кенет қараңғы үңгірге енген жігіт бас айналдырар шапшаңдықпен ұша отырып, үңгірдің арғы бетінен шығады. Атасының соңынан көкте қалқи ұшқан ол шағын өзеннің жағасындағы бау-бақшалы әдемі үйге келіп қонады.

Атасы бұған қарап: «мен осында тұрамын, енді біраз күн сен де осында тұратын боласың» -дейді. Осылайша ол атасымен бірге әлгі үйде тұрып қалады. Бұнда уақыт өте баяу өтеді. Жыл мерзімдері деген жоқ, үнемі жарқыраған жаз. Тәбеті онша болмаса да, ол үнемі атасымен бірге тамақ жеп жүреді. Қызығы сол, атасының ешқашан тамақ істегенін көрмейді. Қайдан келетіні белгісіз, ыстық тамақ дастарханға өзі келіп тұрады.

Бұнда бәрі ақыл-ойдың көмегімен жасалады екен. Тіпті, атасы үйін де өз қалауынша ақыл-ойында пісіріп, жасап алыпты. Ол о дүние туралы көп нәрсені біліп, түйсінген. Айтуынша, бұл дүниеде қаншалықты игі істер жасап, иманды болсаң, о дүниедегі жағдайың да соншалықты жоғары болмақ. Күнәға батқан пенде төменгі қараңғы дүниеге құлайды және онда өмір сүру өте ауыр. Жоғарылаған сайын жарық көбейіп, өмір сүру жеңілдейді және қуаныш пен бақытты да молынан сезіне түсесің.

Өмір деген – бұл мектеп іспетті дейді атасы. Онда адам біраз нәрсені үйреніп, тәжірибе, білім алуы тиіс. Ал ештеңе алмай, өміріңді босқа өткізсең, өлгеннен кейінгі жағдайың өте ауыр болады. Жігіт атасымен балған уақыт аралығында о дүние туралы көп білім алады. Дегенмен, бұнда қалуына мүмкіндік болмайды. Атасы оған: «сен кері қайтуың керек, әлі уақытың келген жоқ» дейді. Осылайша, жігіт жерлеуге дайындалып жатқан сәтте табытта есін жинайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика