Қалталы болудың құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақша билеген қазіргі нарық заманында бай-бақуатты болсам деп армандамайтын адам кемде-кем шығар. Әрине, ақиқатты жүрегінен атуып, Алла жолында жүрген тақуа жанға ақшаның да, байлықтың да құны жоқ. Бірақ жұрттың бәрі ондай емес қой. Ендеше қалай бай-бақуатты болуға болады деген мәселе кім-кімді де толғандырары анық.

Менің миым – миллионер

19 жасында алғашқы миллион рублін тапқан мультимиллионер Азат Валеевтің «Менің миым – миллионер» атты кітабында бақуаттылыққа қалай жетуге болатынын өз өмір тәжірибесі арқылы жан-жақты айтып береді. Уфада тұратын миллионер жігіт туралы кезінде «Аргументы и факты» газеті көлемді мақала жазған болатын.

Азат Валеев интернет-бизнеспен мектепте оқып жүрген кезінде айналыса бастайды. Әкесіз анасының қамқорлығында өскен ол өмірдің тауқыметін бала кезінен тартады. Мектепте оқып жүрген кезінде өзге құрбылары сияқты интернетке қызығып, бірақ пайдасыз ақпарат алумен шектелмей, ақша табу тәсілдеріне ден қоя бастайды. Ол алғаш қомақты ақша тауып, анасына бергенде бар сүйеніші деп үміттенген жалғыз ұлының жетістігі анасын қатты қуанышқа бөлейді.

Қазір Азат Валеев миллионер. Бар шаруасы әлемнің түрлі елдерін кезіп, саяхаттау. Саяхаттай жүріп ол интернет арқылы күреп табыс табады. Бүгінде жасы отызға да толмаған жас жігіттің мыңдаған шәкірттері бар. Оның тренингтеріне жастар қызығушылықпен қатысып, ғаламтор арқылы ақша табудың қыр-сырын меңгереді.

Азат Валеевтің пікірінше, байлық – бұл күндіз-түні тер төгіп еңбек етудің, кәсіпкерлікпен айныласып, түн ұйқысынан айрылып, уақытпен санаспай жұмыс істеудің жемісі емес. Байлық – бұл ең алдымен ойлау арқылы келетін игілік. Иә, байларша ойлап үйренген адам міндетті түрде байлыққа жетеді. Бұл – отызында орда бұзып, миллионер болған жігіттің өмірлік тұжырымы.

Байлыққа жеткізетін алты қадам

Азат Валеевтің кітабында байлыққа жеткізетін алты қадам туралы айтылып, жеке-жеке түсінік беріледі. Біз енді осы қадамдарға қысқаша тоқтала кетейік.

Бірінші қадам: қаржы жағдайымызға кедергі келтіретін барлық бұғаттауларды алып тастау қажет. Ақшаға деген өкпе-реніштерді алып тастау керек. Әділдікке деген түсінікті, қорқыныш пен күмән-күдікті сылып тастау қажет. Мүмкіндікті көтерудің шек-шекарасын алып тастау қажет. Молшылық біздің өміріміздің айнымас серігі болуы тиіс. Бай адамдардың ұстанымдары мен сенімдерін, көзқарастарын бойымызға сіңірген жөн.

Екінші қадам: Миллионердің ойлау дәстүрін қалыптастыру қажет. Ол үшін жауапкершілік пен түйсіну сезімін көтеру керек. Миллионердің әдеттері мен ұстанымдарын ақырындап санаға сіңірген жөн. Өмірімізді өзгертетін басты әдеттердің тізімін жаса.

Үшінші қадам: ақшаның заңдылықтары мен қаржылық сауаттылықты оқып үйрен. Ақша туралы он заңды танып, біл. Қаржылық қатаң тәртіпті сақта. Инвестиция мен ақшадан ақша жасауды меңгеру – қаржылық бостандыққа жеткізеді.

Төртінші қадам: өміріңді өзгертетін, өзің сүйетін істі қалай табуға болады? Жетістік осы мәселені шешуден басталады. Біздің құштарлығымыз – болашағымызды көз алдымызға әкелуден нәтиже әкеледі. Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды біліп, анықтап ал. Алдыңа дұрыс мақсат қойып, оған жету тәсілдерін меңгер. Белгілі бір саланың білгір сарапшысы бол.

Бесінші қадам: Өзің жұмыс жасайтын тақырыпты  және өнімді таңда. Қазіргі заманғы сату маркетингін үйреніп, меңгер. Іс-әрекеттеріңнің стратегиялық жоспарын жасап ал. Күшті команда құр. Технология мен ресурстарды айқындап ал.

Алтыншы қадам:  ең алдымен білікті және тәжірибелі тәлімгер керек. Содан кейін қоршаған орта дұрыс болғаны жөн. Қарызға батып, жалақыдан жалақыға жетпей қиналып жүретіндердің ортасында жүрсең, солардың деңгейінде қаласың. Байлыққа құлшындыратын нақты себепті тап. Нық шешім қабылдап, нақты әрекет жаса.

Алты қадамнан тұратын осы тәсілді жүзеге асыру арқылы кез-келген адам миллионер бола алады дейді Азат Валеев. Бұл тәсілді қолдану-қолданбау әркімнің өз еркіндегі шаруа. Отызға жетпей өз күшімен миллионер атанған жігіттің айтқанына сеніп, солай жасап жетістікке жетіп жатқандар болса, біз үшін үлкен қуаныш. Қазақ жастарының арасынан да өз күшімен миллионерлер, оның ішінде интернет-бизнеспен айналысып байлыққа жеткендер көптеп шығып жатса, нұр үстіне нұр.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика