Қария – ақылы кең дария

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

білімҚазақта «алпыстан асқаннан ақыл сұра»  деген сөз бар. Өкінішке орай, ертеректе шындық болған бұл нақыл өзінің алғашқы мәнінен қазір айрылып қалғандай. Керісінше «алпыстан асқаннан ақыл сұрама» деген жай орын ала бастаған сияқты. Жастарға ақыл айтады дейтін қарияларымыз арақ ішіп, зина жасап, сақал-мұрттарын қырып,  шолақ дамбал киіп, көздеріне қара көзілдірік тағып – жастарына мүлдем жараспайтын әрекеттер жасайтын болды.

Пікіріңізді айтыңыз – сіздің кім екендігіңізді айтайын

Ертеректе бір қария немересін ертіп данышпан ғұламаға келеді. «Мына немерем қандай, болашағы не болмақ, соны айтып беріңіз» дейді ол. Сонда ғұлама: «немереңіздің достарын ертіп әкеліңіз, сонда оның кім екенін, болашақта кім болатынын айтып беремін» деген екен дейді.

Сол сияқты бүгінде әлеуметтік желілер арқылы айтылып жатқан пікірлеріне қарап, кімнің кім екенін, өмірдегі орны мен тіпті, болашағын да болжамдап айтып беруге болатын секілді. Өйткені, адамның өмірде алатын орны – оның ұстанымы мен көзқарасына тікелей байланысты болмақ.

Таяуда фейсбук желісінде қалың қазаққа аты танымал, ел құрметіне бөленген әртіс Асанәлі Әшімовтың журналистке берген сұхбаты жайындағы бір блогердің жазғаны жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызды. Сұхбатта халық әртісі өзінің арақ ішетінін, дінге онша сенбейтінін айтады. Осыған орай, жұртшылық түрлі пікірлер айтты.

Көп адам сексеннен асқан әртістің арақ ішіп, Аллаға сенбейтінін айыптаса, ол кісіде жұмыстарың болмасын, ол халыққа еңбегі сіңген адам, оны сынауға болмайды дегендер, адамға бір-ақ рет берілетін өмірде ішіп-жеп, қызық көру керек, оның несі айып дегендер де болды.

Осы пікірлерге қарап отырып, кімнің қандай көзқарасты ұстанатынын анық аңғаруға болады. Жалпы, бүгінгі адамдардың көзқарастарына қарап, қазіргі қоғамның жайын, оның болашақ бағыт-бағдарын да пайымдауға болатын сияқты. Халыққа еңбегі сіңген адамдарды сынауға болмайды, яғни сыннан жоғары тұратын адамдар бар деген түсінік – қазіргі қоғамымызды аздырып-тоздырып бара жатқанын көріп, куәсі болып жүрміз.

Теріс көзқарастың теріс әсері

Үлкен қызмет тұтқасын ұстаған көкелеріне, қалтасындағы ақшаларына сенетіндер ірі сөйлеп, қай жерде де өздерін заңнан  биік тұрғандай сезініп жатады. Бұндай теріс көзқарас саналарына сіңгендер әрдайым өздерін өзгелерден биік ұстап, ерекше жаратылған жандардай сезінеді. Соның бір жарқын үлгісі ретінде – талай қоғамдық пікірге азық болған Мақсат Үсенов дегенді алса болады. Бұндай үсеновтер өкінішке орай, бүгінгі қоғамда аз емес.

Елімізді жайлап алған жемқорлықтың астарында да осындай теріс көзқарастың жатқаны даусыз. Үлкен қызмет тұтқасын ұстаған лауазым иесі ойлайды: «менің үлкен қызметім, байлығым, тамыр-таныстарым бар, ендеше маған заңның тісі батпайды, мен заңнан биік тұрған үлкен адаммын». Қоғамымызды жайлап бара жатқан жемқорлықтың түп тамыры да осында болса керек.

Фейсбукте айтылған пікірлерге қайта оралайық. Арақ ішіп, жас тоқал алған халық әртісінің әрекетін дұрыс санайтындардың біразы «мына өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сондықтан іш-же, ойнап-күл, қызық көр» деген уәж айтады. Егер назар аударып қарасаңыз бүгінгі қоғамда осындай көзқарастағы адамдар да аз емес. Бұның теріс салдары қандай?

Жыл өткен сайын белең алып бара жатқан жезөкшелік дегеннің түп астары осындай теріс көзқараста жатқаны анық. Аллаға, қияметке, о дүниедегі тозақтың азабына сенетін қыз бала ешқашан тәнін ақшаға сатпайды. Бұл – АҚИҚАТ. Тәнін саудалап жүргендердің бәрі — ИМАНСЫЗДАР. Бұл да – АҚИҚАТ.

Ондайлардың көзқарасы мынадай: «Құдай да, о дүние де, қиямет те жоқ, адамға өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан ойыңа келгенді жасап, өмірден өз үлесіңді қармап  алып қал». Бұндай  көқрарастың залалы тек жезөкшелік түрінде көрініп отырған жоқ, кәмелетке толмаған ер және қыз балаларға көздерін сүзетін педофил дегендер, өз жыныс өкілдерімен былығатын гей дегендер, араққа, есірткіге еліккендер, некеден тыс жақындыққа жандары құмар зинақорлар, қызмет бабын пайдаланып қазына қаржысын ұрлайтын жемқорлар, заңды бұзып, мемлекетке де, айналасындағы адамдарға да залалын тигізетін қылмыскерлер – бәрі де осындай ТЕРІС КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ.

Жақсы қартая білу – өнер

Қазақтың «алпыстан асқаннан ақыл сұра» немесе «аулыңда болса қария, ақылы кең дария» деген сөздеріне негіз болған ақылы кең абыз қариялар қайдан шығады? Ондайлар өмірге деген көзқарасы мен ұстанымдары арқылы сондай жақсы қасиеттерді бойларына жинақтаған жандар.

Ондайлардың көзқарасы жоғарыда айтқан пенделерден өзгеше болады. Олар өмірді былай қабылдайды: «Алла бар, қиямет соты, тозақ оты шындық, тамұқта өртенбес үшін бұл дүниеде жақсы әрекеттер жасап, жаманнан аулақ болу керек, имандылықты серік етіп, адал өмір кешу қажет». Міне, осындай көзқарасты ұстанатын адам қартайғанда ақылы дариядай кең және терең ғұлама болады.

«Алдыңғы арба қай жолмен жүрсе, соңғы арба сол жолмен жүреді» деген сөз бар қазақта. Егер жас ұрпақ сексеннен асқан қариямыздың арақ ішіп, дінсіздікті ұстанатынын үлгі етіп өссе, олардың болашағы қандай болмақ?..

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика