Қартаю туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулыкБір де бір тірі пенде қашып құтыла алмайтын үш қатер бар, ол: ауру, қартаю және өлім. Ауырғысы, қартайғысы, өлгісі келетін пенде жоқ, бірақ бұл үш қатер шақырмай-ақ есігімізден баса көктей кіріп, төрімізді жайлап алады. Кеше ғана бүлдіршіндей құлпырған қыз бен бұлықсыған жігіт араға біраз жылдар салып бүкірейген кемпір мен бүкшиген шалға айналады. Бұл – өмір заңы.

Адам қалай қартаяды?

Қартаю туралы бүгінде ғылым түрлі пікірлер айтып, қартаймаудың амал-тәсілдерін табу үшін жанталасып жатыр. Дегенмен, өмір заңын өзгерту әзірге мүмкін болмай тұр. Ақшаға бәрін сатып алуға болады дейтін қазіргі нарық заманының өзінде миллиондаған, тіпті миллиардтаған ақшасы бар алпауыттар мен аса жоғары мансап иелері, атақты жұлдыздар ақшаға жастықтарын қайта оралта алмай пұшайман болып жүр.

Қазіргі ғылымның тұжырымына сенсек, қырық жастан асқаннан кейін адамның тәніндегі бағана клеткалары (стволный клетки) деген клеткалар бөлінбейтін болады. Қартаю деген де дәл осыдан пайда болатын сияқты. Жас адамды кәрі адамнан айыратын басты белгілердің бірі – жүзінде қан жүгіріп, нұрланып тұратындығы. Кәрі адамның бет-жүзі көнеріп, қаны қашып қуқылданып кетеді. Тіпті, ол бет-аузын опалап, крем-далап жағып жүрсе де нұры жоқ қуқыл жүзден жастық белгі білінбейді.

Қартаюдың тағы бір белгісі – ең алдымен бет-жүзіне, содан кейін мойны мен басқа мүшелеріне түсетін әжімдердің көбеюі. Қуқыл тартқан жүзін әжім айғыздаған соң адамның әрі кетіп, сырт бейнесі сүйкімсіздене түспек. Ал шаш пен сақал-мұрттың ағаруы пенденің сүйкімін онан сайын қашырып, жұлқынған жастық жігер мен жалыннан алыстата бермек.

Бір сөзбен айтқанда, кәрілік адамға еш игілік, қуаныш әкелмейтіні өз алдына, бетбейнесін сүйкімсіздендіріп, әл-қуатынан айырып, тәнін түрлі дерттерге шалдықтырып, бір қиындықтан кейін екіншісін әкеледі. Осыдан он бес жылдай бұрын Көкшетауға алғаш келгенімде шашы ағарғанына қарамастан, жүзінен жігер нұр шашқан, денесі тіп-тік бір кісіні таяуда көріп, қартаюдың адамға қаншалықты қолайсыздық әкелетінін түйсінгендей болддым. Әлгі кісі белі бүкшиіп, қалт-құлт етіп әзер жүреді және беті көлкілдеп ісініп, қаны қашып, құп-қу болып кетіпті.

Ауруды, кәрілікті, өлімді жеңуге бола ма?

Бұл сауалдың жауабын тапқысы келетіндер адамзат қоғамының әр кезеңінде аз болмаса керек. Ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі кезде әсіресе, бай-бақуатты жандар пластикалық операция жасатып, ағзаларын ауыстыртып, қартаймаудың, өлмеудің амалын жасап жанталасып жатыр. Бірақ, адам қалай жанталасса да, өлім мен кәрілікті жеңе алмай пұшайман болып тұр.

Егер өткен тарихымызға зер салып қарайтын болсақ, өмірден небір атақты жандар, әйгілі патшалар мен ғұламалар, тіпті пайғамбарлар мен әулиелер де өткенін бағамдаймыз. Осыған қарап, ажалды жеңудің мүмкін еместігін аңғаруға болады.

Ажалды, кәрілікті жеңудің жалғыз ғана жолы бар, ол: өмірге рухани көзқарас арқылы қарау. Қасиетті кітаптардың бәрінде адам ертең қартайып, өлетін тән емес, мәңгі жан екендігі анық айтылған. Тән дегеніміз сыртқы материалдық қабық немесе киім сияқты. Егер киіміңіз ескіріп, не жыртылып қалса, оған аздап ренжігеніңізбен, үміт үзіп түңілмейсіз. Өйткені, ертең басқа киім сатып аласыз.

Сол сияқты бүгінгі тәніміз қартайып, өлетін болса, мәңгілік жан ертең басқа тәнге ие болып, киім ауыстырған сияқты тәнін де ауыстыра алады. Бһагавад Гитада біз өмірге бірінші рет келіп отырмағанымыз, миллиондаған, миллиардтаған жылдар бұрын да болғанымыз, енді миллиардтаған жылдардан кейін де өмір сүретініміз туралы ашық айтылған.

Өзін тән емес, мәңгі жан екенін сезінген адам ешқашан аурудан, кәріліктен, ажалдан қорықпайды. Ондай адам Алланың алдындағы парыздарын адал орындап, Жаратқанның бірген игілігіне тәубе етіп, имандылықты серік етіп өмір кешеді. Ал өзін тән санайтындар қартаюдан қорқып, беттеріне пласиткалық операция жасап, опа-далап жағып шат-шәлекейлері шығады. Бірақ сонда да кәріліктен, ажалдан қашып құтыла алмайды.

Жақсы қартая білесіз бе?

Қартаю адамға еш игілік әкелмейді деп жоғарыда айтып кеттік. Қартайған адамның бойынан әл-қуаты кетіп, таяқ ұстап қалт-құлт етіп әзер жүретін болады. Сондай-ақ, кәрі адамның бет-жүзі кепкен алмұрт сияқтанып әжімденіп, өңі қашып сүйкімсіз болып кетеді. Сіз қартаюдан қалай қашсаңыз да, ол бәрібір өз дегенін жасамай қоймайды.

Сондықтан, «өмірді өзгерту қолыңнан келмесе, соған бейімдел» деген бір данышпанның айтқанындай, кәрілікті де өз пайдамызға бейімдеуімізге болады. Қартайған адамдардың бәрі бірдей сүйкімсіз болмайды.

Бірде мен автобусқа мінген бір қарияға орнымды ұсындым. Бет-аузы кепкен алмұрттай мыжырайып әжімденген әлгі кісінің көздері шырақтай жанып тұр екен. Қызығы сол, отты көздері оның әжім айғыздаған жүзін оншалықты сұрықсыз етпей, қайта сүйкімді ететіндей көрінді. Нұрлы жанарымен маған күлімсірей қараған қария «рахмет балам, күнімен отырып шаршадым, енді түрегеп тұрсам артық болмас» деді. Денесін тіп-тік ұстаған ақсақалдың бойында әлі де күш-қайрат баршылық екені сырт бейнесінен байқалып тұрғандай.

Қартайған адамды айналасына сүйкімді көрсететін жалғыз қасиет: даналығы екен. Ұзақ жасап, өмірден көп көріп, түйген қария дана болса, айналасына сүйкімді және қадірлі болмақ. Ал керісінше, өмірді көп көрсе де, көкірегіне ештеңе түймей, алаңғасарлықпен күн кешкен пенделер қартайған сайын ақымақтанып, ақылы азая бермек. Мұндайлардың тәні ғана емес, жаны да сұрықсыз болғандықтан, айналасындағыларға еш сүйкімі болмайды.

Қартаю да, ажал да сыбдырын білдірмей аңдаусызда келеді. Сондықтан, әрбір күніңізді мағыналы өткізіп, өмірдің жақсысы мен жаманын таразылап, бәріне ақыл көзімен қараңыз, имандылықты серік етіңіз, сонда қартайғанда даналық келеді және айналаңыздағыларға өле-өлгенше сүйкімді, сұлу болып қаласыз. Қартаймаудың жалғыз жолы – осы.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика