Қарызға батыратын ысырапшыл тойлар қажет пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

28 Әрбір тиынды үнемдеп, орнымен жұмсауды қажет ететін қазіргі нарық заманында ысырапшылдықты әдетке айналдыру өзін-өзі құрдымға құлатумен бірдей. Өкінішке орай, ұлттық дәстүрді желеу етіп, жүздеген адамды шақырып кредит алып той жасайтындар нарықтың осы қатаң заңын бұзамыз деп өмірден таяқ жеп жатады.

Ертеректе бірге қызмет істеген жас жігіт үйленіп, кредит алып дүрілдетіп той жасады. Дегенмен, бір жыл болмай жатып, келіншегімен тіл табыса алмай айрылысып кетті. Шаңырағы шайқалған жігіт пен оның ата-анасы той үшін алған кредиттерін біраз жыл өз қалталарынан төлеп жүрді. Тағы бір танысым қызын ұзату тойын туыс, таныстарын түгел шақырып мейрамханада салтанатпен атап өтті. Үш жүздей адамға арналған мұндай тойды өткізетін ақшасы болмағандықтан, ол үйін кепілге қойып банктен өсіммен кредит алды. Қазір қызы мен күйеу баласы пәтер жалдап қысылып-қымтырылып тұрып жатыр, ал өзі кредит төлеуде. Мұндай жайларды осылайша тізбелеп айта беруге болады.

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық дәстүріміздің  жақсы, пайдалыларын алып, зияндыларынан бас тарту қажет дейді. Яғни, ысырапшылдыққа соқтыратын тойшылдық та сондай  залалды дәстүрлердің бірі. Жастардың отау құруы ата-анасы мен туған туыстары үшін үлкен қуаныш десек те, осыны желеу етіп «сырға салу», «қыз ұзату», құда шақыру» деп бір тойды бірнеше тойға айналдырудың қандай жөні бар?

«Ақыл – жастан, асыл – тастан» дегендей, ақша билеген нарық заманында ашылып-шашылып той жасаудың пайдасыздығын түйсінген жастардың әржерден шығып жатқандығы қуантады. Таяуда әлеуметтік желіден ысырапшыл тойларға қарсы жастардың жазған ой-пікірлерін оқығанда осындай ойға қалдым. Енді сол жастардың пікірлеріне назар салып көрелік.

Гүлмира: «Мен біраздан бері өз бизнесімді ашсам деп армандайтынмын. Университет бітірген кезде бір жігітпен танысып, екеуміз отау құруға сөз байластық. «Сырға салу», «құдалық», «қыз ұзату» сияқты тойларды көріп жүрмін ғой, бәрі керемет болып өтсе де, шақырылғандардың арасында өкпе-реніш айтылмай қалмайтын. Сондықтан, сонша ақша шығын қылып той жасаудың қажеті жоқ деп шештім. Үйдің жалғыз қызы болғандықтан ба,  ата-анам ұзату тойын жасаймыз деп біраз айтысты. Дегенмен, мен өз пікірімде тұрып алдым. Олардың бұған келіспеске лаждары қалмады. Содан олар тойға деп жиған-тергендерін маған жасау ретінде берді. Сол ақшаға сұлулық салонын аштым. Қазір менің бірнеше салоным бар, ісім де жақсы жүріп кетті. Ал той жасамағаныма еш өкінбеймін».

Жақсылық Азамат, Алматы қаласы: «Менің ойымша той деген бұл тек ата-ана үшін ғана керек. Оның жаңа үйленген жас жұбайларға берер еш пайдасы жоқ. Қазіргі жастар басқаша ойлайды. Бір күндік қуаныш үшін көп жылдар бойы төлейтін кредит алып, той жасаудың қанша қажеттігі бар? Мен үйленген кезде қалыңдығыммен ақылдасып, той жасамайтын болып келістік. Тойға деген ақшаны ипотекалық кредитке салып, пәтер алдық және ескілеу болса да автокөлік сатып алдық. Содан кейін жиырмаға тарта жақын туыс-достарымызды шақырып, кішігірім дастархан жасадық. Қазір өз баспанамыз бар. Той жасамағанымызға еш өкінбейміз».

Бахтияр Каюпов, Көкшетау қаласы: «Біздің шешіміміз аяқ астынан болды. Қалыңдығымыз екеуміз біраз жылдан бері таныс-біліс болдық. Алғашында жұрт сияқты той жасаймыз деп жүрдік. Бірақ содан кейін тойдан бас тарттық. Некелесу рәсіміне бірнеше жақын адамдар ғана қатысты. Ал тойға деген ақшаға автокөлік сатып алдық. Бұл ісімізді ата-анамыз да құптады».

Міне, бүгінгі жастардың ой-пікірі. Бір күнгі қуаныш пен жұрттың алдындағы мақтаншылық үшін қарызға батып, ашылып-шашылудың залалдылығын жастар түсініп, одан бас тартушылар қатары көбейіп келеді. Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғыру деген де осы емес пе.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика