Қаржылық білім – уақыт талабы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласында тұратын орта жастағы әйелдің банк кредитінің кесірінен жалғыз пәтерінен айрылып қалу қаупі төніп тұраны  туралы видеомәлімдемесі жүр. Бірнеше жыл бұрын ол банктен 2 миллион теңге кредит алады. Биыл көктемде кредитті қайтаруға шамасы жетпей, өтініш айтып банкке барған. Бірақ банк басшылығы оның өтінішін қабылдамайды. Таяуда болған сот қаразын қайтара алмаған әйелдің кепілге қойылған  баспанасын сатып, қарызды қайтару туралы банктің пайдасына шешім шығарады. Осының алға тартқан сот орындаушысы екі бөлмелі пәтерді 4 миллион теңгеге сатып, банк қарызын қайтарады.

Пәтер неге арзан сатылды?

Жалғыз баспанасынан айрылған әйелдің жанайқайына үн қосып, банктің әділетсіздігін, сот шешімінің дұрыс еместігін айтып өз пікірлерін жазып жатқандар көп. Бір қарағанда шынында да, әйелдің жанайқайын түсінуге болады. Жалғыз баспанасынан айрылу оңай емес, оның үстіне қазіргі күні Көкшетау қаласында екі бөлмелі пәтердің бағасы кем дегенде 10-11 миллион теңгенің көлемінде болуы тиіс. Оны небары 4 миллионға сату да онша ақылға сыя қоймайды.

Десе де, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты бұл оқиғаның екінші қырының да бар екендігін ұмытпағанымыз абзал. Ол әйелге ешкім де 2 миллион теңге кредит ал деп мәжбүрлемегені анық. Ақша қажет болды да, сондай ірі сомада кредитті алды. Бірақ, оны алар кезде қайтара ала ма, жоқ па, осы жайында алдын ала он ойлап, жүз толғап, бәрін ақыл таразысына салып алуы тиіс еді. Өйткені, жалғыз баспанасын кепілге қойған ол банкпен жасалған шартты оқып, танысты және келісімін білдіріп қолын қойды. Сондықтан да, ол  шартты орындамаған жағдайда не болатынын түсінуі тиіс болатын.

Бұл істің заңды жағына келетін болсақ, бәрі де заң аясында шешіліп тұрғаны анық. Судья бұндай шешімді аспаннан алып шығармайтыны белгілі. Онда ең алдымен, екіжақты алдын ала жасалған келісім-шарт негізге алынады. Ал екі бөлмелі пәтердің небары 4 миллион теңгеге сатылғанына келетін болсақ, аукцион арқылы сатылымға түскен құнды зат сол аукционның шартына сай сатылады. Голланд тәсілімен сатылымға шығарылса, оның бағасы біртіндеп кеми береді. Қашан алатын адам бағасын ұсынғанша кемиді. Осыған орай, аукциона шығарылған тауар өз құнынан әлденеше есе арзанға сатылуы мүмкін. Сондықтан, оған дауласу да қиын.

Банк кредиттерін кешіру қажет пе?

Соңғы кезде адамдардың банктерден алған кредиттерін кешіру қажеттігін талап еткен белсенділер шығуда. Қазіргі карантин жағдайында көп адамдардың жұмыссыз қалғаны, кредиттерін төлеуге мүмкіндіктің жоқтығы – бәрі де белгілі жайлар. Бірақ та, ақылға сала қарасаңыз, бұл мәселенің де бұдан басқа екінші қырының барылғын бағамдауға болады.

Қазір көп адамдар жалақы аз, зейнетақы жетпейді дегенді жиі айтып жатады. Дұрыс-ақ, онымен келісуге болады. Біздегі жалақы мен зейнетақы деңгейі АҚШ және Батыс елдеріндегі сияқты жоғары емес. Десе де, біздегі баға ол елдермен салыстырғанда біршама төмен. Осы тұрғыдан алғанда, күнкөріс деңгейіміз анау айтқандай өте нашар емес. Қазіргі жалақымен, зейнетақымен де өмір сүруге болады.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: жалақы аз, зейнетақы жетпейді деп жүріп, біздің елдің адамдары ағыл-тегіл той жасаудан әлгі АҚШ, Батыс елдерін шаң қаптырып кеткендей. Қымбат көліктерден көшеде көз сүрінеді, кешкісін мейрамхана, дәмханаларда орын таппайсыз. Ау, сонда жалақының аздығы қайда?

Осы айтылғандардан мынадай жайды анық аңғаруға болады: біздің адамдар ақшаны дұрыс жұмсауды, яғни үнемді пайдалануды білмейді, қолдағы бар ақшаны орынды-орынсыз шашып жұмсайды және қит етсе кредит алуға бейім тұрады. Ақша тапшылығын шешудің ең көп тараған түрі – қарыз немесе кредит алу. Адамдардың осыған әбден еттері үйреніп кеткен. Бір адамның басында екі-үштен кредит бар.

Отандық банктердің табысының ең негізгі бөлігін  кердит төлемдері құрайтындықтан, банктер адамдардың кредит алуына мүдделі. Өз басым бірнеше банктен апта сайын 2 миллионға дейін жеңілдетілген кредит алыңыз деген мазмұндағы СМС хабарларын алып тұрамын. Кейде, телефон соғып, кредит алыңыз дейтін банк қызметкерлері де бар. Яғни, банктер үшін адамдардың неғұрлым көп мөлшерде кредит алғандары қажет.

Азаматтарымыздың басым көпшілігінің кредиттері барлығын айттық. Ал белсенділердің талабын орындап, сол кредиттердің бәрін банк кешті делік. Бұдан халыққа қандай пайда келеді және банк жүйесі қаншалықты шығынға ұшырайды? Егер цифрларға жүгініп, таразылар болсақ, негізгі табысы кредитке байланған банктердің шығынға белшеден бататынын бағамаду қиын емес. Ал кредиттері кешірілген азаматтардың бұдан тұрмыс жағдайлары күрт жақсарып кетпейтіні тағы да түсінікті. Үйреніп қалған адамдар ертең тағы да қинала қалса банктен кредит алуға жүгіретіні сөзсіз. Яғни, бүгін біз банктердің есебінен адамдарға кішкене көмек көрсеткен боламыз, ал ертең бәрі баяғы таз қалпына қайта түседі. Халық қайтадан кредит алып, қарызға белшелерінен батады. Одан кейін тағы да кешірім жасауы қажет деп талап қою керек пе?     

Не істеу керек?

Бүгінде әлемдік бестселлерге айналған Роберт Киосакидің «Бай әке мен кедей әке» кітабында «жақсы ақша», «жаман ақша», «жақсы кредит», «жаман кредит» деген түсінік бар. Ақшаның жақсысы, жаманы бола ма деген ой келеді. Шындығында жақсы-жаман ақша болады екен.

Мәселен, сіз ақшаңызды мейрамханаға барып көңіл көтеруге жұмсасаңыз, ол – жаман ақша, яғни далаға шашылып кетті деген сөз. Егер сол ақшаңызды депозитке салып, үстінен өсім алып отырсаңыз, бұл – жақсы ақша. Сол сияқты кредит алып той жасасаңыз, бұл – шығын әкелетін жаман кредит, ал кредитіңізді бизнеске салып, оның үстінен жақсы табыс тапсаңыз, бұл – жақсы кредит.

Жоғарыда айтылған жалғыз баспанасын кепілге қойып кредит алған әйелдің ісі және кредиттерін кешірсін деп ұрандатып жүрген белсенділердің талабы – қаржылық сауаттылықтың төмендігінен орын алып отырған жай екендігі анық. Ақшасын үнемді пайдалануды, орнымен жұмсауды білетін адам ешқашан да бұндай қиын жағдайға басын тікпейді. Өкініштісі сол, бүгінде қаржылық білімді не жалпы білім беретін мектептерде, не жоғары оқу орындарында оқытпайды. Керісінше, қазір интернеттен қаржылық сауаттылыққа қатысты ақпаратты қалауыңызша табуыңызға болады. Киосакидің кітабын оқыған адамның ақшаға көзқарасы өзгерері анық. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептерде тым болмаса факультативтік негізде балаларға қаржылық сауаттылықтың әліппесін үйрету қажет. Қазіргі ақша билеген нарық жағдайында ұрпағымыз жоғарыда аталғандай қатерлерден аман болсын десек, оларға қаржылық білім беруіміз керек.    

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика