Қатерлі сәлафи ағымына жастар неге ереді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

діни бұрмалаушылықтарДәл қасиетті рамазан айы басталар тұста Ақтөбеде жазықсыз адамдардың қанын төккен сәлафилердің әрекеті  қарапайым халықты ғана емес, құзырлы органдарды да қатты әбігерге түсірген еді. Сәлафи ағымын ұстанатын жас жігіттердің бұндай қадамға баруына саналарын улаған теріс түсініктің әсер еткені даусыз. Ал ондай түсінік қайдан, қалай келді?

Сәлафилік насихат

Таяуда Ақмола облыстық дін істері жөніндегі басқармасы діни насихаттың бүге-шігесіне дейін талдап, зерттеген сарапшылармен кездесу өткізді. Әлгі жап-жас сарапшы жігіттер сәлафиліктердің адамдарды қалай аздырып, соңдарынан ертетіні жайында майын тамызып айтып берді.

Сөйтсек, қауға сақалдылар бүгінгі заманғы ең озық ақпараттық технологияны пайдаланып, интернет, әлеуметтік желілер арқылы жұртшылықтың, оның ішінде жастардың саналарын улайды екен. Сәлафилердің ақпарат технологиясы жайында ауыздарының суы құри әңгімелеген әлгі сарапшылар өздерінің міндеттері сараптама жасап, сәлафилердің ақпараттық технолгиясы жайлы жұртты ақпараттандыру екенін айтты.

Жәрайды делік, сарапшылар сәлафилердің ақпараттық технологиясын бүге-шігесіне дейін зерттеп білсін. Бірақ одан қандай пайда? Сол ақпаратты пайдаланып, оларға қарсы насихат жүргізбесе, бұндай білімнің қанша қажеті бар?

Сәлафилер ақпараттан ақшаны аямайды

Әлгі сарапшы жігіттердің ауыздарының суы құри әңгімелеген сәлафилердің ақпараттық технологиясын олар өздері жасады дейсіз бе? Жоқ. Сәлафилер жақсылап ақшасын төлеген, ал қалғанын ақпарат технологиясымен айналысатын кәсіби мамандар жасауда.

Сәлафилердің жылдан жылға өріс алып бара жатқан насихаттарына тосқауыл қоюдың бірден бір тиімді және пәрменді жолы – қарсы насихат екені анық. Ал, қазіргі заманғы ең озық ақпарат технологиясын пайдаланып отырған сәлафиттерге тойтарыс беру үшін құзырлы органдар дәл солардай, олардан да күшті ақпарат технологиясын пайдаланып, қарсы насихат жүргізуі қажет.

Ал ол үшін мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы қарастырылуы тиіс. Онсыз әлгі сарапшылардың айтқанындай жәй талдап, олар өйтіп жатыр, бүйтіп жатыр дегеннен ештеңе өнбейді. Мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, әлеуметтік желілермен, интернетпен жұмыс жасайтын мамандарды, журналистерді, блогерлерді тартып, осы мақсатқа жұмылдырса, сәлафилік насихатқа тойтарыс беруге болады.

Напалеонның айтқан «өз елінің әскерін қаруландырғысы келмеген ел бөтен мемлекеттің әскерін қаруландыратын болады» дегені сияқты, бүгінде белең алып бара жатқан сәлафи сияқты қатерлі ағымның насихатына тойтарыс беруге қажетті  жүздеген миллион теңгені аясақ, ертең еліміздің тұтастығына қатер төндіретін лаңкестермен күресу үшін миллиардтаған ақша жұмсауымызға тура келмек және ол кезде ондай ақшаның  бетімен кеткен  экстремистердің бетін қайтаруға көмегі бола қоймаас.

Үкіметтің құлағына алтын сырға дейміз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика