Қазақ тіліне қарсылықтың астарында не бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Соңғы жылдары қазақ тілінде қызмет етуді талап еткендігі үшін үлкен дау-дамай туындап, оның соңы сотқа дейін барған оқиғалар қатары көбейіп кетті. Түркия азамат Оғыз Доғанның Эир Астана компаниясын сотқа беріп, жеңіп шыққаны қазақ ұлтжандыларын бір серпілтіп тастағандай болды. Дегенмен, орыс тілділер арасынан бұған жанталаса қарсы шығып жатқандар қатары азаяр емес. Бұның астарында не бар?

Орыс тілділер қазақ тіліне неге сонша шүйлігеді?

Фейсбукте Қазақстанда қазақ тілі проблемасы деген атымен жоқ, қазақ тілін қолдануды талап етушілердің бәрі ұтшылдар деген мазмұндағы мақалаларын жариялап, үлкен пікірталас туғызып жүрген қазақтың көрнекті ақыны Хамит Ерғалиевтің журналист қызы Гүлжан Ерғалиеваның белсенділігі өсе түскендей.

Хамит Ерғалиевтің өлең-жырларын жақсы білеміз. Омар Хаямды қазақша сөйлеткен ол жырларын түгел қазақ тілінде жазды және ақынды толық тану үшін орысшаланған шаланжансар аудармасын емес, қазақ тілінде жазылған түпнұсқасын оқу қажет. Өкініштісі сол, әкесінің ұлы туындыларын орысша аудармадан оқып, мәйегі кеткен, құр сүйек сияқты нәрсіз нәрсе ретінде қабылдаған болуы керек, қызы әкесі жырын жазған ана тілін үйренбегені, білмейтіні өз алдына, оған өлердей өшігіп алған секілді.

Жалпы Гүлжан Ерғалиева жалғыз емес, қазақ тілін жеккөретін, қазақ тілінде сөйлеу қажет дейтіндерді ұлтшыл санап, оларға үнемі тілмен соққы беруге әзір тұратын қазақтар жеткілікті. Олар неге бұлай жасайды? Оның жалғыз ғана себебі бар, басқаша болуы мүмкін де емес. Ол – кеңес заманында қалыптасқан «бірінші сортты» адам болу құқығынан айрылып қалғылары келмеуде.

Кеңес заманында орысша білмегендер ЕШҚАШАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ  атқара алмайтын. Иә, Қазақстанда, оның қай аймағында жүрмесін, орысша сөйлей алмадың ба, саған үлкен жауапты қызметтің есігі ешқашан ашылмайтын. Жоғары оқу орындарының арасында бірлі-жарым заң, филология, тарих сияқты жекелеген пәндер бойынша болмаса, қалған техникалық оқу орындарында қазақ тобы деген атымен болмайтын. Олардағы оқу түгелдей орыс тілінде жүретін.

Осыдан келіп, ауылда қазақ мектебін бітіріп келген балалардың алдынан үлкен қызметтерге жол бірден тарс жабылып қалатын. Ал орыстілді қазақтар керісінше, өздерін суда жүзген балықтай өте жақсы сезінді. Останкинода жалғыз Олжас Сүлейменов қана поэзия кештерін өткізді. Қазақ ақындары арасында Олжасты он орап алатын таланттар болса да, оларға Останкиноның есігі ашылмады. Жалғыз Мұхтар Шаханов қана досы Евтушенконың арқасында бір рет Останкиноға шыққаны бар.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда жағдай өзгеріп, қазақ тілі Конституция арқылы мемлекеттік тіл болды. Уақыт өткен сайын мемлекеттік тілде сөйлеуге талап күшейе түсті. Орыстілділер бұрынғы «бірінші сортты» адам болу артықшылығынан айрыла бастағандарын түсініп, жанталаса қарсыласуда. Олардың жалғыз мақсаттары: «бірінші сортты» дәрежелерін қайткенде де сақтап қалу. Бұл жолда  олар Қазақстанның тәуелсіздігін құрбандыққа шалуға да дайын сыңайлы.

Ана тілін білмеген ұлтын да сыйламайды

Ұлтжандылық қасиет адамға ана тілімен бірге келеді. Ана тілін сүю арқылы адам ұлтын, одан кейін сол өзі тұратын мемлекетті сүйеді. Яғни, партиоттық деген ұлы қасиет сол ұлтжандылықтан бастау алатыны анық. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан шағын ұлт өкілдері КСРО-ны емес, ең алдымен өз ауылын, ұлтын, туыс-бауырларын құтқару үшін осындай әрекетке барғаны анық.

Ал ұлтаралық келісімге сызат түскен сәтте мәңгі өмір сүретіндей болған алып мемлекет КСРО әп-сәтте тас-талқан болып күйреді. Оны тіптен, бір пенде қолына қару алып қорғап шықпады. Қажетсіз заттай мүрдесін сүйреп қоқысқа тастай салды. Жер-жерде кеше құдайдай табынған лениннің ескерткіштерін құлатып, қиратып жатты.

КСРО-ның құлауына оның құрамындағы ұлттардың тілі мен дәстүрін сыйламау, барша халықты күштеп орыстандыру, ұлыорыстық шовинизм деп аталатын ұлтшылдық себеп болғандығы ақиқат. Балтық жағалауы елдерін, Украйнаны, тіпті орыспен туыстас беларусті Ресейден алшақтатып отырған да осы ұлыорыстық шовинизм екендігі даусыз.

Жириновский,Соловьев сияқтылардың аузымен болсын, орыстардың бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіру, өзгелерге ҮЛКЕН АҒА БОЛУ рөлі жөніндегі әңгімелердің астарында осы ұлтшылдық ауруының жатқанын көзі ашық жұрт жақсы біледі.

Осындай сәтте үй ішінен үй тігіп, Қазақстан деп аталатын тәуелсіз елде қазақ тілінде сөйлеуді талап етуге болмайды деу сол ұлыорыстық шовинизмнің сойылын соғу екендігі айтпаса да түсінікті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деді. Бірақ орыстілді Үкімет пен Парламент баяғыша орысша сайрауларын қоймады. Одан кейін Елбасы бір Жолдауында 2020 жылға дейін қазақастандықтардың 90 пайызы қазақ тілін меңгеруі қажет деп тапсырма берді. Ол уақыт та таяп қалды, бірақ Елбасы тапсырмасы орындалар түрі байқалмайды. Ақырсында, Мемлекет басшысы Парламент пен Үкімет қазақша сөйлеуі қажет деп міндеттеді. Оның өзін бұл міндет емес, Конституция бойынша орысша сөйлеуге болады деп бұрмалап түсіндіріп жатқандар бар.

Осылардың бәрінен түйетін нәрсе: Қазақстан мемлекетінде қазақ тілі проблемасы бар. Қазақтардың саны уақыт өткен сайын артып келеді және қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етшілер қатары көбеюде. Бұл процесті ешкім, ешқашан тоқтата алмайды. Сондықтан, ерте ме, кеш пе Қазақстанда да әлемнің БАРЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕРІНДЕГІ сияқты мемлекеттік тілде сөйлеуге көшу жүзеге асатын болады. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика