Қиындық – зерделі адамдарға берілетін сынақ

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бір ғұламаның «тағдыр зерделі адамды ерік-жігер тауып қайта көтерілуі үшін тізерлетеді, ал зердесіз пенделерге тиіспейді, өйткені зердесіз жандар онсыз да өле-өлгенше тізерлеумен өтеді» деген сөзі бар екен. Бұдан ұғарымыз – өмірде кездесетін қиындықтар зерделі адам үшін сынақ, ал ақылсыз пенделер үшін таусылмайтын және ешқашан жеңе алмайтын азап.

Сәттілік – сәтсіздіктер тізбесінің соңғы буыны

Өмірінде үш рет бар жиған-терген байлығынан айрылып, банкрот болған ресейлік миллионер Роман Василенконың айтқан «сәттілік – сәтсіздіктер тізбесінің соңғы буыны» деген сөзі ойдан шығарылған ереже емес, өз басынан өткен жайлардан түйген тұжырымы. Бар байлығынан айрылып, ең жақын серіктесі алдап ақшасын иеленіп кеткенде де күдерін үзбей, бәрін басынан қайта бастап, жаңа бизнесін дамытқан Василенко тағдыр маңдайына жазған ауыртпалық түріндегі сынақтан сүрінбей өтеді.

Өмір бойы желілі маркетингпен айналысып келе жатқан Роман Василенконың бұл тұжырымы табысқа жетудің ең басты кілті десе, артық айтқандық емес. Өйткені, көп адамдар алдына бір мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында әрекеттер жасай бастаған сәтте, кездескен алғашқы қиындықтардан-ақ тауы шағылып, «бұл менің қолым емес екен» деп істі жолортадан тастап кетіп жатады. Бұндайлар әдетте, ешқашан нәтижеге жете алмайды.

Американдық өзін өзі дамыту ғылымының сарапшысы Брайан Трейсидің пайымынша, сәтсіздік деген – бұл біздің ұстазымыз. Адам әрбір сәтсіздігінен сабақ алып, ол неден болғандығын пайымдап, келесі жолы ондай қателікке жол бермеуге тырысу арқылы, ойына алған мақсаттарына жетеді. Мақсатқа жетудің жалғыз және сенімді жолы – осы. Басқа жол жоқ.

Нәтижеге жете алмай, өмірлерін ауыртпалықпен өткізетіндердің ең басты және негізгі қателігі – мақсат жолында кездесетін қиындықтан қорқу және мақсатынан бас тарту деп түсіндіреді Трейси. Осы ақиқатты түсінген және оны өмір жолында пайдаланған адам міндетті түрде табысқа жетеді деп санайды өзіндік даму ғылымының білгірлері.

Қиындықтан қашқан адам қиындық құрығына түседі

Ойына алған мақсатына жету жолында кездесетін қиындықтардан қашып, мақсатынан бас тартқан, сөйтіп жеңіл өмірді қалаған адамдар, керісінше өле-өлгенше азап пен тауқыметтен құтылмайды екен. Яғни, қиындықтан қашқан адамның табары — қиындық.

Адамдардың көбі өздерінің қазіргі өмір деңгейлеріне онша көңілдері толмайды. Олар бұдан да гөрі, жақсырақ, бақуаттырақ тұрғысы, бұдан да жоғарылау қызметке қол жеткізгісі келеді. Бірақ та, ол ойларын жүзеге асыру жолында кездесетін қиындықтар, бұл ойларынан бас тартуға мәжбүрлейді. Сөйтіп, ондай адамдар «тағдырдың басқа салғанына» көніп, бұйырған несібеге қанағат тұтады.

Ал енді сол адамдардың өміріне ойша назар аударып қарап көріңіз. Олар бақытты ма? Қиындықтан қашып, бизнеспен айналыспады, қиындығынан қорқып саясатқа бармады, ғылым жолына түспеді, спортта немесе өнерде атағын шығармады. Сөйтіп, бұйырған несібені қанағат тұтып, қарапайым тірлік кешті. Ал сол адамдар сонымен бақытты болып кете ме?

Жоқ. Қиындықтан қашып, мақсатынан бас тартқан пенделер өмірде кездесетін басқа да түрлі кедергілер мен ауыртпалықтардан көз ашпай, жоғарыдағы ғұламаның айтқанындай, өмір бойы тізерлеумен өтеді. Ал керісінше, қиындыққа қасқайып қарсы тұрып, мақсатына ұмтылған адам қиындықтарды жеңе отырып, биіктерге көтеріледі. Сол жолда талай тізерлеп, тіпті омақасып құлап та қалады, бірақ орнынан қайта тұруға ол күш-жігер табады. Сөйтіп, ақырсында мақсат биігіне көтеріліп, еңсесін тік ұстап, биікке жетеді.

Осы екі жолдың қайсысы адамға жеңіл тиеді? Өле өлгенше қиындықтан көз ашпай, тізерлеп өту ме, әлде қиындықтарды жеңе отырып, мақсат биігіне жету ме? Бұл жолдың қайссын таңдайсыз – ол сіздің өз еркіңізде.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика