Қоғам қайда барасың?..

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

байлықКеңес заманында жақсы-жаман болсын, алдымызда бұлыңғыр болса да мақсат болатын. Ол: комунизм құру жобасы еді. Ал қазір жалпы адамзаттың алдында нақты мақсат жоқ. Мақсат дегеніміздің өзі бұлдыр, шынайылықтан гөрі, қияли жағы басым «зайырлы, демократиялық, құқықтық қоғам орнату» деген сияқты абстрактылы бірдеңе.

Қазір қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Комунизм идеясынан бас тартқаннан кейін бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдердің бәрі де басқалар сияқты «зайырлы, құқықтық-демократиялық» қоғам құру жолына түсті. Ал енді осындай қоғамды бірнеше ғасырдан бері құрып келе жатқан Батыс елдерінің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Олар сондай қоғам орнатып, игілікке жете алды ма?

Біз үлгі алғымыз келетін АҚШ пен Батыс елдерінде де қылмыс, оның ішінде ел басқарғандардың арасында белең алған сыбайлас жемқорлық дегендер жетерлік. Оған қоса маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, сияқты жаман әдеттер де әбден өріс алған. Ол аз десеңіз, еркек пен еркектің жақындығы, тіпті шаңырақ құрып, некелерін қиып, отбасы болып өмір сүруі, қыз-келіншектердің бір-бірімен жақындасуы, ит, маймыл сияқты хайуандармен әуейіленуі сияқты көз көріп, құлақ естімеген арсыздықтар да етек алған.
Біз еліктейтін сол Батыс елдерінде де баспанасыздар, сіңірі шыққан кедейлер жыртылып айрылады. Бір сөзбен айтқанда, бірнеше ғасыр бойы құрып келе жатқан «зайырлы, демкоратиялық-құқықтық қоғам» дегеннің адамзатты ұшпаққа шығарғаны көрінбейді. Оның есесіне әлсін-әлі қайталанып отыратын ұстамалы ауру сияқты қоғамдық дерт – экономикалық дағдарыс, содан туындайтын жаппай жұмыссыздық деген кесапат халықты титықтата түсуде.
Оған соңғы жылдарда халықаралық лаңкестік, діни экстремизм деген пәлелер қосылды. Ақыл-естен айрылған қолына қару алып көзіне түскенді ататын есуастар қатары да көбейіп барады. Осылардың бәрі адамдарды үнемі үрей мен қорқынышта ұстап, ертеңгі күнге деген сенімнен айыруда.

Болашағымыз қандай болмақ?

Бүгінгі жағдайға ой жүгіртіп, өткен тарихымызды таразылайтын болсақ, зайырлы демократиялық қоғамның болашағының қандай боларын айқындау оншалықты қиын емес. Әлемде «міне, осылай өмір сүргенде адамзат бақытты болады» деп үлгі аларлық бір де бір ел жоқ. Мәселен, біз мақтап жүрген аса бақуатты Швеция, Финляндия, Жапония, Германия сияқты елдерде де жағдай жетісіп тұрған жоқ.
Яғни, зайырлы демократиялық қоғамның адамзатты ұшпаққа жеткізер түрі байқалмайды. Оның есесіне азғындықтың құрдымына құлап барамыз. Оған дәл осы өзіміз өмір сүріп жатқан қоғам еріксіз итермелеуде.
Мәселен, демократиялық үрдістерді ұстанған Батыс елдерінде «гомосексуалдар азшылық, бірақ олар да адам баласы ғой, сондықтан олардың құқығын таптамауымыз керек» деген желеумен гейлерге үйленіп, отау құруға, бала асырап алуға, басқа да еркіндіктерге мүмкіндік берілді. Бұл «бостандықтар» Құранда Алланың қаһарына ұшыраған деп айтылатын Лұт пайамбардың отандастарының қатарының күрт өсуіне жағдай жасап қойды.
Батыс елдерінің бірқатарында жасанды есірткіні дүкендерде ашық сатуға рұқсат етілетін заң шығарылды. Осылайша нашақорлық та бұл елдерде заң жүзінде өмір сүруге мүмкіндік алды. Ал өлім жазасынан бас тарту қағидаты адамзатпен бірге жасасып келе жатқан әділдік туралы түсінікті аяқ асты етуде. Мысалы, ондаған адамның қанын төккен қанышер өмір бойы түрмеде отыруға кесіледі. Оны өле-өлгенше қарапайым салық төлеушілер асырауы тиіс болады.
Жасанды түсік жасау деген бүгінде ашықтан-ашық жасала береді. Діни түсінік бойынша үлкен күнә саналатын бұндай үрдіс әйелдердің бойындағы аналық қасиет – сәбиге деген сүйіспеншілікті жоюға ықпал етіп жатқандай. Қазір дүниеге келген баласынан бас тартатын «көкек аналар» көбейді.
Осы жайларға қарап не түйіндеуге болады? Қазір адамзат баласы нақты мақсат-жоспарсыз белгісіз жаққа бұлыңғыр мақсатты медеу етіп соқыр тәуекелмен жүріп бара жатқандай. Жағдай жыл санап жақсара ма деген үміт ақталмай, керісінше ғылым мен техника дамыған сайын жұмыссыздық, кедейшілік, теңсіздік, жемқорлық, қылмыс, азғындық сияқты кесапаттар белең ала түсуде. Әлсін-әлсін қыспаққа алатын экономикалық-қаржы дағдарысы дегенді жеңуге бүгінгі қоғам мүлдем қауқарсыз. Суицид, яғни өмірден түңіліп өзін өлтірушілер қатары өсуде.
Қарапайым пенде үшін қалған жалғыз үміт: Жаратқаннан медет тілеп, Алланың бір жақсылыы болар деп болашақтан үміт күту ғана…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика