Қор биржасы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.
Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.

Бағаның ауытқуы

Қор биржаларында құнды қағаз құны үнемі өзгеріп отырады, дегенмен күрт өзгеріс өте сирек болады. Ол көбіне құнды қағаз ұстаушылардың көңіл күйіне байланысты орын алады. Әрине, оған ең алдымен сыртқы жағдай әсер етпек. Бұл үшін биржаны кінәлаудың еш негізі жоқ.
Құнды қағаз нарығына қатысатындардың арасында «аюлар» мен «бұқалар» болады. Мұндай түсініктің берілуіне олардың саудада ұстанатын ұстанымы негіз болған. «Аюлар» бағаны төмендетуге күш салса, «бұқалар» керісінше бағаны көтеруге ынталы. «Аюлар» да, «бұқалар» да қор нарығындағы құнды қағаз бағасының ауытқуы негізінде пайда табуды ойлайтын ойыншылар.

Брокер-дилерлер.

Брокер дилер – брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру бойынша мемлекеттен арнайы лицензия алып, жұмыс жасайтын заңды тұлға. Құнды қағаздарды сатып алу және сату – оның негізгі кәсібі, сондықтан олар басқа коммерциялық іспен айналыса алмайды.
Брокер-дилерге биржада мәміле жасасуды тапсыру үшін клиент онымен кездесіп, брокерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады. Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт – стандартты үлгідегі құжат. Онда компания клиенті мен брокеплердің құзыреті, міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.

Тараптар келісім-шартқа қол қойғаннан кейін инвесторға компаниядан жеке есеп-шот ашылады, оған инвестор үшін сатып алынған құнды қағаздар түсіріледі. Брокерлік компания құжаттарды рәсімдеуді тегін жүргізеді.

Қор биржасына қатысқыңыз келсе…

Егер сіз қосымша ақша тауып, бақуатты болуды армандасаңыз ақшадан ақша жасау өнері – инвестициялауды меңгеруіңіз шарт. Ал инвестициялаудың ең қайтарымы мол көздерінің бірі – құнды қағаз саудасы.

Сіз қор нарығына қатысып, бағыңызды сынағыңыз келді делік. Бұл жағдайда кем дегенде үш шартты есіңізде мықтап ұстауыңыз қажет болады. Ең алдымен, қор нарығына күнделікті тірлікте пайдаланбайтын, яғни артық ақшаңызды салу қажет. Қарыз алып немесе күнкөріс үшін пайдаланатын ақшаны қор нарығына салуға болмайды.

Құнды қағаздармен жасалатын бастапқы операциялар үшін 1000-2000 доллар көлемінде қаржыңыз болса жеткілікті. Екінші шарт, тәуекелге баруға тастүйін дайын болуыңыз қажет. Өйткені қор нарығы үлкен тәуекелдің ісі. Бұл жағдайда жүйкесі жұқа адамдардың қор нарығына қатысуына кеңес берілмейді.

Үшінші шарт – соңғы ақпараттарды алып, бағаның қай жаққа ауытқуитынын болжамдап отыру. Ол үшін күнделікті 20-30 минут уақытыңызды қиып, қор нарығындағы жаңалықтарды үзбей қадағалап отыруыңыз қажет. Қор нарығының жағдайы туралы ақпарат неғұрлым толық болса, соғұрлым сіздің тәуекеліңіз де азая түспек.

Виртуальная фондовая биржа — видео: http://rutube.ru/video/fe022d819c40be32fe147e5e240cd546/?ref=logo

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика