Қытымыр басшылар қоғамға қатер

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ашуҚазақта «тырнадан басшы қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес» деген сөз бар. Қолына билік тисе болғаны бағыныштыларына тізесін батырып, айқайға басып бетіне жан келтірмей «қатал бастықтың» рөлін ойнайтындар көп. Ақылы аз мұндай пенделер айқаймен жұртты ықтырып, өздерін мықты іскер басшы етіп көрсетеміз деп ойлайды.

Қытымырлық қатынасты қиындатады

Таяуда облыстық әдеп кеңесінде бір басшының қарамағындағыларға қатты мінез көрсетіп, ар-намыстарына тигендігі жөніндегі іс қаралды. Әлгі бастық бұл әрекетін жұмыс бабына сай қатаң талап қоюшылық деп түсіндіруге тырысты. Бір жылдай бұрын жаңа ұжымға келген әлгі аса қаталдықпен тәртіпті нығайтып, жұмыста жолға салғысы келген сияқты.

Дегенмен де, осы әрекетімен ол жұмысты алға бастырудың орнына, қарамағындағыларды қатты ренжітіп, бір жылда 7 адам қызметтен кетіпті. Ұжымда қиқу басылмағасын әбден шыдамдары таусылған адамдар әдеп кеңесіне арыздануға мәжбүр болады. Қызығы сол, әлгі бастықтың ісін қараған әдеп кеңесіне оның қарамағында істейтін адамдардың бәрі дерлдік келді.

Содан, бастықтан қорлық көріп, ар-намысы тапталғандардың бәрі ашына сөйлеп, бұндай адам мемлекеттік қызметте отыруы тиіс емес деген тұжырымдарын айтты. Алғашында біраз жыл еңбегі сіңген жауапты қызметтер атқарған бастықты қолдаған әдеп кеңесінің мүшелері айқай күшейген соң қытымыр бастықтың қоғамға да, мемлекеттік қызмет атына да залалы барын түсініп, оны өз міндетін орындауға лайықсыз деген ұсыныспен құзырлы органға шығуға шешім қабылдады.

ХХІ ғасырдың «дүтбайлары»

Ұлы Абайдың «Дүтбайға» деген өлеңінде «Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап, әлсіздің сөзін салғыртсып, шала ұғамын қырындап» деген жолдар бар. Өзінен жоғары тұрғандардың сөзін бастарын атша шұлғып, кішіпейілдіктің керемет үлгісін көрсете тыңдайтын бастықсымақтар қарамағындағыларға шекеден қарап, дөрекі сөйлеп, қаталдық танытатын жайлар бүгінде қай жерде де кездеседі.

Әдеп кеңесінде басшыдан қорлық көргендердің қатты ашына айтқан сөздерін ести отыра, қытымыр басшылардың қоғам үшін қаншалықты қауіпті екендігін сезіне түскендей боласың. Сөйтесің де, «Кішіпейілдік кісі көркі» деген қазақы түсініктің даналығын және өміршеңдігін сезіне түсесің.

Мына бес күндік ғұмырда кішіпейіл болып, айналаңдағы адамдармен жылы қарым-қатынас жасағанға не жетсін. Мансаптарына, байлықтарына мастанып, бұрын сыйласып жүрген адамдарды ренжітіп, көңілдерін қалдырып жататындар қоғамға да, елге де, өз бастарына да залал әкелетіндігін түсінбейтіндіктері өкінішті. Әдеп кеңесінде әлгі қытымыр бастықты қызметінен алу керек деген шешім шығарылуы, оның іскерлігі мен бұрынғы еңбегінің бәрін желге ұшырғандай болды. Өкінішке орай, жаңа заманның «дүтбайлары» қай жерде де бар және аз да емес. Сорақысы сол, олар өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін теріс мінездерін түсінбейді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика