Үш ақиқат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ешкім де теріске шығара алмайтын үш ақиқат бар. Біз мына фәни жалғанда қандай жетістікке жетпейік, өмірдің қаншалықты қызық-шыжығын татпайық, өзекті жанға түбі бір келмей қоймайтын ажал сол бар күш-қуатымыз бен қабілет-қарымымызды, уақытымызды сарып қылып, қол жеткізгендерімізден бір-ақ сәтте айырады.
Адам дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді. Өлгенде біз ол дүниеге сабақты ине де алып кете алмаймыз. Бірақ, тәнін тастаған пенде бақи әлемге екі түрлі нәрсе алып кетеді: жасаған күнәсі мен сауабы.

Біреуге аз, біреуге көбірек берілетін, бірақ бәрібір қамшының сабындай қысқа көрінетін фәни дүниеде жасаған жақсы, жаман іс әрекеттеріміздің салдары өлген соң алдымыздан шығады. Күнәміз көп болса, тозаққа түсіп азап тартамыз, ал сауабымыз артық болса, жұмаққа кіріп, жан рахатына кенелеміз. Мына қысқа ғұмырда адам тозаққа түсіретін күнәкерлықты қалай ма, әлде жұмаққа енгізетін имандылықты таңдай ма, қалау еркі өзінде. Алла әрбір пендеге осы екі жолдың бірін еркін таңдап алуға толық еркіндік берген.

Өзін өзгелерден артық санайтындардың баяны.

Бір тақуа адам ел кезіп, қайыр сұрап, адамдарға Алла жайлы айтып жүреді екен. Ол бір елді мекенге келеді. Сырты биік қоршаумен қоршалған сәулетті үйдің қақпасын қағады. Есік ашқан қызметші жақтырмаса да, қожайынмен сөйлесуге рұқсат береді.

Жеміс ағашының көлеңкесінде мамық төсекте демалып жатқан қожайын тақуаға қарап: сен көп жерді аралап, көпті көрген адамсың ғой және түріңе қарағанда тақуа сияқтысың, маған мынаны айтшы, — дейді менменси сөйлеп. – Маған Алла бұл дүниенің мол несібесін берді, ал өлгеннен кейінгі ахуалым қалай болмақ?

Тақуа байға қарап былай дейді. «Өлгеннен кейін сіз жұмаққа барып рахат өмір кешесіз. Бірақ сәл-пәл бір қолайсыздықтар болады».
-Ол не қолайсыздық?- дейді бай.
-Жәй, түкке тұрғысыз нәрсе. Сіз ұйқыға жатқанда дәл құлағыңыздың түбіне келіп маса ызыңдап тұрып алады.
-Ау, онда мен масахана құрып алмаймын ба, -дейді бай.
-Иә, дұрыс қой, байеке. Бірақ масахананың бір жерінде кішкентай тесік болады да, содан кірген маса ұйқыға жатқан кезіңізде құлағыңыздың түбінде ызыңдап тұрып алады.
-Әй, ол тесікті мен тігіп аламын ғой, -дейді бай енді не айтар екенсің дегендей тақуаға ежірейе қарап.
-Дұрыс қой, байеке, бірақ жұмақта ине деген мүлдем болмайды.
-Тоқтат езбалақты, не айтып тұрсың өзің, жұмақта ине болмайды деген не сөз, -дейді ашуланған бай. –Мен сені көпті көрген ақылды адам ба десем, түк білмейтін ақымақ екенсің ғой.
-Ақымақ мен емес, өзіңізсіз, байеке, -дейді тақуа саспастан. –Сіз нашар киінген мені адам ғұрлы санамай, дастарханыңызға да шақырған жоқсыз. Бұл дүниедегі байлығыңыздан не пайда, өлген соң ол дүниеге сабақты ине де әкете алмайтын болғансын.

Өткінші дүниеге алданғандар.

Ол дүниеге сабақты ине де әкете алмайтынына қарамастан, мына бес күндей болмай өте шығар жалған дүниеде бар күш-қуаты мен алтын уақытын байлық, атақ-мансап сияқты ертең адыра қалатын игіліктерді табуға жұмсап, тозақтың отынан құтқаратын сауапты істер жасауды естерінен шығарып жататындар көп.

Мұсылман баласының парызы саналатын бес уақыт намазды оқуға бар-жоғы жарты сағаттай уақытымыз кетеді екен. Сонда біз тәулігіне жарты сағат уақытымызды ғана Жаратқанға құлшылық етіп, сауап алуға жұмсап, қалған 23 жарым сағатымызды бұл фәнидің қызығын татуға жұмсайды екенбіз.

Шындығында бес уақыт намаз оқымайтын пенделер уақытын түгел, яғни тәулігінің 24 сағатын толайым нәпсіні қанағаттандыруға жұмсап, Алланы естен шығарып жатады.

Түйін

Өмірге жоғарыдағы ешқашан, ешкім теріске шығара алмайтын үш ақиқат – өлген соң бар жиғанымыздан айрылатынымыз, ол дүниеге тек сауабымыз бен күнәмізді арқалап әкететініміз, жалған фәнидің қызығына алданып, мәңгі тозаққа құлау немесе сауапты істер жасап, мәңгі жан рахатына кенелу жолын таңдау еркіміздің болуы, міне осы ақиқаттардың өлшемімен қарайтын болсақ, тәулігіне 24 сағат уақытымыз бен бар күш-қуатымызды жұмсап, арпалысумен өткізген тойымсыз нәпсіні тойдырамыз деген әрекетіміздің қаншалықты мәні болмақ?

Екі жолдың қайсын таңдауға Алла бізге ерік бергенмен, жанымыз иегімізге келгенде таңдау жасаудың еш пайдасы болмайды. Таңдауды осы бастан жасауымыз қажет.
Сіз өмір жолыңызды таңдадыңыз ба?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика