Ұнамдылығын емес, пайдалы жағын ойла

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

61Адамдардың басым көпшілігі қай нәрсе болмасын ең алдымен оның өзіне ұнамдылығы жағына мән береді. Ал сол ұнамды нәрсенің қаншалықты пайдалы, не пайдасыз екендігін мүлдем қаперге алмай жатады. Біздің өмірде көп қателіктер жасап, сәтсіздіктерге ұрынатынымыз, жолымыз болмай қиындықтан көз ашпай жүретініміздің басты себебі де дәл осында.

Қазаққа пайдалы ақпарат қажет пе?

«Мен инвестормын» блогында белгілі ресейлік психолог ғалым Хасай Алиевтің «Хочешь иметь что хочешь» деген электронды кітабы туралы мақала жазған едім. Бүгінде Ресейде мыңдаған адам осы кітаптың ұсынған тәсілін пайдаланып денсаулықтарын нығайтып, ойға алған мақсаттарына жетіп жатқаны шындық. Міне, осы кітапты қазақ оқырмандарына ұсынып, оның пайдасы туралы жазған блогтағы мақаланы «Ақ босаға» газеті көшіріп басыпты. Онда менің телефоным көрсетілген.

Содан газеттен оқыған жұрт тыным бермей күндіз-түні телефон соқсын. Кітапты қайдан, қалай алуға болады дейді. Мен кітаптың қағаз кітап еместігін, электронды кітап екендігін, оны электронды пошта арқылы алуға болатынын айтамын. Содан кейін-ақ, «жәрайды, сосын телефон соғармын» деген әлгі оқырман із-түзсіз жоғалады. Осылайша айналдырған үш-төрт күннің ішінде 50-60 адам хабарласты. Сенесіз бе, солардың бір де бірі кітапты сатып алмады.

Осыған қарап, қазаққа нақты өмірде тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жететін пайдалы ақпарат қажет емес екен-ау деген ой келді. Егер сізге сол кітапта жазылған ақпарат қажет болса, оны пайдаланып, пайдаңызға асырғыңыз келсе, онда оның қағаз кітап па немесе электронды кітап па – оның қандай айырмашылығы бар? Ең бастысы, пайдалы жағында емес пе?

Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.

Қазақта «сыпайы тоңбайды, қалтырайды» деген сөз бар. Сәнқой адам өзіне ұнамды жағына ғана қарап, пайдалылығын ескермей әдемі киім киюге құмар. Қыстың қақаған аязында жұқа сәнді күрте киген сәнқой қыз немесе жігіт суықтан тоңып қалш-қалш етеді. Жәй тоңып қоймай, үнемі сәнді киім киіп жүретін пенде суық өткізіп, түрлі ауруға ұшырап жатады. Ал пайдалы жағын ойлайтын зерделі адам жылы күрте немесе тон киеді. Ол суықтан тоңбайды және ауырмайды. Оған қоса мұндай киім сәнді жұқа күртеге қарағанда әлдеқайда арзан болады.

Білім деегніміз – пайдалы ақпаратты нақты тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жету. Ал пайдалы ақпаратты миыңызда сақтап қойсаңыз, ол білім болып табылмайды. Мәселден, есекке кітап артсаңыз, бұдан жануар ақылды болып кетпейді. Кітап арқалаған есек те, тас арқалаған есек те – бәрібір есек күйінде қалады.

Сол сияқты көп ақпаратты білетін адам білімді емес, аз ақпаратты нақты іске асырып, пайдасына жаратқан адам білімді.

Ақша жұмсаған сайын азаяды, білім жұмсаған сайын көбейеді.

Ең қайтарымы мол инвестиция – білім. Сондықтан білімнен ақшасын аямаған адам игілікке жетеді. Керісінше, білім емес, ақша-дүние жинайтын адам рухани кедей болып қалады және өле-өлгенше ақшамнан айрылып қалармын-ау деген үреймен сараңдықты серік етіп күйкі тірлік кешеді.

Мен өткен жылы  бірталай электронды кітаптар мен бейне-дыбыс курстарын сатып алдым. Жәй сатып алып қоймай, оларды оқып, пайдама жараттым. Мәселен, жыл басында блоггер Александр Борисовтың «Как за 3 часа создать сайт и заработать» деген курсын алып, сол арқылы сайт жасаудың біраз қыр-сырын меңгердім. Александр Кочетов деген ресейлік инфобизнесменнің сайтқа мақала жазудың қыр-сыры туралы айтылған екі апталық курсынан өттім. Оған қоса, Иванчин деген интернет-бизнесменнің емайл-маркетинг жайлы бір айлық курсында оқыдым.

Білім – таусылмас қазына. Сол білімге жұмсаған ақшаңыз күні ертең ондаған, жүздеген есе болып қайтады. Өкінішке орай, ұлы Абайдың осыдан жүз жыл бұрын айтқан «Қалың елім қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңы түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деген өлеңі қазір де мәнін жоймаған жайы бар. ХХІ ғасырдың қазағы сақал-мұртын жылмитып алып жүрсе де, жақсы мен жаманды айыруға келгенде 19 ғасырдың қазағынан айырмасы көп болмай тұр.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика