Өлім туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір ғылымның шарықтап дамығаны сонша, 2-3 ғасыр бұрын қарабайыр тірлік кешкен ата-бабаларымыздың түсіне де кірмейтін жетістіктерге жеттік. Бірақ, сонша қарыштап дамыған ғылым ешкім қашып құтыла алмайтын өлім туралы ештеңе де білмейді. Материалистік ғылымның адам өлген соң ақыл-санасы жоғалып, тәні шіріп кетеді деген тұжырымы қазір басқа түгілі, сол материалист ғалымдардың өздерін де күмәндәндырады.

Өлімнен кейін не бар?

Материалистік түсінік үстемдік еткен кеңес заманында бәріміз өлген соң санамыз жойылып, тәніміз шіріп жоғалатынына кәміл сенетінбіз. Дегенмен, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда діни сенім-наным қайта дамып, адамдардың арасында дінге жүздерін бұрушылар қатары көбейді. Ал кез-келген дәстүрлі дін өлімнен кейінгі өмірді жоққа шығармайды.

Сонымен, бүгінде басқаларды былай қойғанда жоғары білімі, тіпті ғылыми атағы бар адамдардың, оның ішінде жастардың арасында Жаратқанға сенушілер, соған орай өлімнен кейінгі өмірдің барлығын мойындаушылар аз емес. Өзім тұратын Көкшетаудағы жалғыз мешітке жұма намазына келушілер мешітке симай, оның ауласында тұрып намаз оқиды. Намаз оқушылардың дені жастар.

Егер бүгінгі шарықтап дамыған ғылым өлімнен кейін өмірдің жоқтығын нақты дәлелдеген болса, онда бұған қарама-қайшы түсінікті жақтайтын дінге мойын бұрушылар мүлдем болмас еді. Яғни, ғылым өлімнің арғы жағында бізді не күтіп тұрғанын анықтап айта алмайды. Олардың «ғылыми дәлелі» жәй гипотеза, нақтырақ айтқанда болжам ғана. Ал болжамның бәрі ақиқат болмайтыны жұрттың бәріне белгілі жай.

Өлім деген не?

Материалистік ғылым өлім деген адамның физикалық тәнінің қызметін толық тоқтатуы деп санайды. Ал дәстүрлі діндерде өлім мәңгілік өзге әлемге кіргізетін есік деп түсіндіреді. Тән өлген кезде адамның ақыл-саансы жойылмайды. Ол нәзік формада өмірін онан әрі жалғастырады. Өлген адам өзін жерлеу рәсімін түгел көріп, сезінеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с) «қабірдегі алғашқы күн ең ауыр күн, сол күн жеңіл болса, онан кейін жеңіл болады» дейді. Бұған қарап адам өлген соң қабірге қойылған сәтін де, онан кейінгі кезеңді де түгел біліп, сезінетінін бағамдаймыз.

Құдайсыз атейстік түсінікке негізделген бүгінгі ғылымның өзі адам тәні жұмысын толық тоқтатқан кезде, одан белгісіз қуаттың шығып тұратынын анықтады. Адам бойындағы көзге көрінбейтін нәзік қуаттарды өлшейтін арнайы аспап арқылы тәннің қызметі тоқтаған соң да адам бойындағы қуаттың жойылмайтындығы анықталды. Бұл – тәннің қызметінің тоқталуымен адам мәңгіге өшіп жоғалады деген материалистік түсінікті теріске шығарады.

Түйін

Біз ешқашан қашып құтыла алмайтын құбылыс – өлім туралы көзқарасымызды анықтап алу біздің өміріміз үшін аса маңызды. Егер сіз ертең өлген соң мәңгі өшіп жоғаламын деп ойлайтын болсаңыз, онда бес күнгі уақытша тірлікте еш жауапкершілікті мойындамай, нәпсіңіз қалаған нәрсені жасауды басты ұстаным етіп аласыз. Ал өлімнен кейінгі өмірге сенетін адам, керісінше нәпсісін тиып, Жаратқанның алдында күналы болып, қиындыққа тап болмас үшін жақсы сауапты істер жасауға ынталы болмақ.

Сіз осы екі ұстанымның қайсыны ұстанасыз? Егер осы кезге дейін бұл жайында ойланбасаңыз, онда шындап ойланып, өз бағдарыңызды айқындап алыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика