Өлімнен кейінгі өмір

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Дәстүрлі діндердің бәрінде өлімнен кейінгі өмір түсінігі бар және оған сену сол діннің негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Мәселен, ислам дініндегі иман келтірудің жеті шартының бірі – өлімнен кейінгі өмірге сену. Оған сенбеген адам – имансыз болмақ. Осы жайлардың бәрі – өлімнен кейінгі өмірдің болатындығын айғақтайды.

Атеистік түсінік адамды аздырады

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, тәнің өлген соң ақыл-ой, санаң да мәңгілікке жоғалады деп түсіндіретін атеистік түсінік адамдарды азғындыққа итермелейді. Егер өмір бір-ақ рет берілсе және өлген соң ешқандай жауапкершілік болмаса, онда мына қысқа ғұмырда іш-же, ойнап күл, ойыңа келгенді жасап, еркін өмір сүр. Ол үшін ешқандай жауапкершілік жоқ деген түсінік қалыптасады.

Мұндай түсінік адамды арсыздыққа, ашкөздікке, нәпасіқұмарлыққа итермелейді. Жас кезінде пенде әлі жаспын, өмір алда деп уайым-қайғысыз өмір кешеді. Ал қартайып, ажал жақындағында атеистік түсінікті санаға сіңірген жан ажалдан қорқып, өмірді қимай қатты қиналады.

Атеистік түсінік адам өмірін мән-мағынасыз кездейсоқ жаратылған санасыз тірлікке айналдырады. Адам деген соқыр табиғаттың дамуы арқылы кездейсоқ жаратылған және кез-келген сәтте жойылып кету қаупі бар әлжуаз тірлшілік иесі деген түсініккке әкеледі. Мәселен, бір қаңғыған астеройд жерге келіп соқтықса, тіршілік атаулы әп-сәтте жойылады. Немесе ауа райы кенет құбылып, күрт көтерілсе, болмаса түсіп кетсе, мысалы 1000 градус суық болса, онда жер бетінде тіршілік атаулы жоғалады. Осындай қатерлер табиғатта қадам басқан сайын кездеседі. Яғни, адам өмірі қылкөпірдің үстінде тұр.

Өмір деген – өлімге дайындалу

Будда дінінің ең басты қағидасы – өлімге дайындалу. Олардың түсінігінше, өмір деген бұл өлімге дайындалу. Буддашылардың арасында «Өлім кітабы» деген дұғалар жинағы бар. Өлген адам 49 күнде о дүниенің жолын айналып өтеді. Осы жолда кездесетін түрлі кедергілер мен қиындықтарды жеңу үшін буддашы монах өлген адамның үйіне келіп 49 күн бойы «Өлілер кітабынан» дұғаларды оқып отырады. 49 күн өткен соң ақырғы межеге жеткен пенде өз қалауы бойынша қандай отбасында дүниеге келетінін шешіп, бұл дүниеге қайта оралады.

Бүгінде көзі тірі буддашы ламалараның бірі бұл дүниеге 16-шы рет қайта оралыпты. Ол әр кеткен сайын өзінің қай өңірде дүниеге келетінін алдын ала айтып қояды екен. Содан оның ізбасарлары сол өңірде сондай уақытта дүниеге келген сәбилерді қарап жүріп, ламаны табады. Бұл – ойдан шығарылған ертегі емес, өмірде болған жай.

Ислам дінінде де өлімнен кейінгі адамның жайына біршама көңіл бөлінеді. Дегенмен, ол тек кісі өлгенде ғана айтылып жатады. Мәселен, өлген адам жерленген соң топырақ салуға келгендер 40 қадам ұзағаннан кейін екі періште келіп сұрау алады дейді. Сонда берілетін сұрақтар: кімнің үмбетісің, дінің не? деген сияқты сауалдар. Бірақ та, өз басым адамдар қайтыс болғалы жатқан кезде молдалардың «сізге мынадай сауалдар қойылады, оған былайша жауап беру қажет» деп әлгі жанды дайындағанын көрген де, есітеген де  емеспін.  Яғни, ислам дінінде о дүниеге адамдар еш дайындықсыз әйтеуір барған соң жұрт қатарлы бірдеңесі болар деген оймен кете барады.

Мысалы, сіз алыс жолға шықтыңыз делік. Баратын жеріңіздің жол картасы, қажетті ақшаңыз, азық-түлігіңіз бар және қай жерге қалай барарыңызды алдын ала ойластырып алдыңыз. Бұндай жағдайда сіз еш алаңдамастан барар жеріңізге оңай жетесіз. Ал еш дайындықсыз шыға салсаңыз, түрлі қиындықтарға тап боласыз және ойға алған жеріңізге жету-жетпесіңіз де күмәнді болады. Сондықтан, о дүние туралы дәстүрлі діндердің түсініктерін оқып, ол жайында хабардар болу, онда өзіңізді не күтіп тұратынын алдын ала түсіну, сізді көп қолайсыздықтардан құтқарары анық. Біреуге ерте, біреуге кеш келетін болмай қоймайтын ажал келгенде дайындығы бар адам мен дайындықсыз пенденің жайы екі түрлі болатындығы анық. Сондықтан, ажал туралы ойлап, ол жайындағы ақпараттарды алуға көңіл бөлгеннің пайдасынан басқа еш залалы жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика